"Сенен ақыл алатын қыздарға таңым бар": Гүлзира Айдарбекованың бұрынғы келіні психологиямен айналысып жүр

0
1 700

Ол өзін тән терапевті және медитациялардың авторы ретінде жарнамалап жүр.


Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өткен жылы дүркіретіп, кіші ұлын үйлендірген еді. Бірақ көп ұзамай Заңғар мен Жібек екіге айырылысып кетті. Оны жігіттің өзі ресми жариялаған болатын.

Ал Жібек қазір желіде өте белсенді және адамдарға тән терапевті ретінде қызмет көрсетіп жүр. Бірақ оқырманның басым бөлігі оның бұл ісін құптамайтын сияқты.



Бұлай айтуға желіде жазылып жатқан оқырман пікірлері себеп. Олар Жібектің өзі ажырасып отырып, қандай ақыл бере алады деп ренжиді.

Мысалы, "Ойй, қандай жақсы семьяға келін болып еді. Оз бағын бағалай алмаған адам, басқаға не үйрете алады? Занғардай жігіт табылмас,енді. Осы қыздан акыл үйренип жүрген қыз-келіншектердің де бастары жарты бас-ау", "Өздері өмір көрмеген жастар үйретуге шыққаны әбестеу сияқты" деген сыңайдағы пікірлерді көптеп жазған.

Бірақ Жібек бұрынғы отбасы туралы желіде мүлде сөз қозғамайды.