«Шымкентке + 1 келін»: Жолдыбаеваларды үшінші әйел қылып алмақ

0
3 093

«Несі бар, несі жаман?!»


«Шымкентке + 1 келін»: Жолдыбаеваларды үшінші әйел қылып алмақ

Шоу-бизнес жұлдыздары апалы-сіңілі Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалардың мінсіз мүсіні жігіттер қауымын тәнті етті. Тіпті кейбірі жұлдыздарды үшінші әйел қылып алуға ниетті.
Бұл туралы Әміржан Мәуленов есімді продюсер өзінің Instagram-дағы парақшасында жазған. Продюсер Жолдыбаевалардың шомылуға арналған киіммен түскен суретін салып, астына:


«Негізі әжептәуір қыздар ғой. Екеуінің біреуін 3-і қылып алсам? Қазақтың қыздары... несі бар, несі жаман?!»- деп жазба қалдырған.


Автордың қандай оймен жазғаны белгісіз. Алайда көпшілік бұны сан-саққа жорыпты. Басым бөлігі үшінші әйел ретінде алумен байланыстырған. Бірі "Шымкентке +1 келін бұйырса" десе, енді бірі "сізге лайықты емес", "сізге тиіп жабық киініп кетер", "бұлар қатын болуға жарамайды" деп ақыл айтқан. Пікір қалдырғандардың арасында ашық-шашық киінген қыздарды сынға алғандар бар.