«Айжұлдызым түсінбесе де қосылып күліп отыр»
Әнші Жанар Айжанова мен қызы Айжұлдыз Адайбекованың шынайы күлкісі желі қолданушыларын еріксіз күлдірді.
«Марқұм анамыз тура осылай, бір күлкісі келген кезде айта алмай, булығып күлетін. Екі беті доп-домалақ болып, өзі айтып, өзі күліп, біз дым түсінбей отыратынбыз. Айжұлдыз да дәл солай, ештеңе түсінбесе де қосылып күліп отыр.
Айта алмай отырғаным, мен сиыр сатып алғам. Соны сатқан адам мүйізін сындырып алыпты. Соны маған звондап, «ыңғайсыз болды, бір мүйізін мазинаға тиеп жатып сындырып алдық. Тоқал сиыр алдым деп ренжімеңіз» деп айтқан еді. Таңғы ас ішіп отырып соны Айжұлдызға айтайын деп едім, өзім айтып, өзім күліп, келістіре алмадым» деп жазды Жанар Айжанова.
Әншінің «Инстаграмға» жүктеген видеосына көпшілік пікір білдірді. «Қайта-қайта ашып, күліп отырмын. Енді ол соғымды қалай жейсіңдер, тоқал сиырдың еті қалай болар екен?», «Бір мүйізі жоқ сиырдың бағасын түсіріп берген шығар енді», «Жанар Айжанованың сиырының мүйізі жоқ. Енді оны бүкіл Қазақстан білетін болды», «Риясыз әдемі көрініс, әдемі күлкі болды», «Шайтан түрткен ғой, әйтпесе соның несі күлкілі?», «Мына видеоға күлем деп емізіп жатқан баламды оятып алдым-ау» деп жазды желі қолданушылары.