"Төсек, сүйісу деген сахналар да болды. Бірақ мен одан бас тартқанмын".
Атышулы Insta-ару, блогер және актриса Айжан Байзақова өзінің әлеуметтік желідеге парақшасына бейкүнә, балаң кезі бейнеленген суретті жариялап, астына жазба қалдырады.
Қос бұрымы көз тартатын бұл сұлуды жалаңаштанған аруға айналады деп сол кезде ешкім ойламаған болса керек.
Оның айтуынша, ол жалаңаштанғанға дейін қарапайым қазақтың бұрымды қызы болғандығы мен әрдайым шашбаумен жүргенін айтып мақтанды. Ол тек танымал болғысы келгендіктен, шашбауынан бас тартқан.
"Менің өткенімді кім біледі дейсіз? Кезінде актриса болғым келіп, анама еріп, түрлі сериалдарға түскен кіршіксіз бейкүнә кезімді.
Бір күні мені киноға түсу үшін Мәскеуге шақырды. Кастингісінің өзі жарты жыл болды. Қазақстаннан атақты деген актрисалардың барлығы шақыртылды. Бірақ, неге екенін, олар мені таңдапты. Басты рөлге. Режиссер Павел Чухрайдың "Сынақ" деген фильміне. Кино Семейдегі ядролық сынақ туралы, әрине сол трагедиямен қатар жүріп жатқан қос ғашықтың махаббаты туралы болды кино. (Егер осы жазбамды сол кездегі түсірілім алаңында болғандардың біреуі оқитын болса, талып қалатын шығар. Өйткені ол кезде мен өте ұяң едім, шашымда үнемі шашбауым болатын. Мен ұлттық әшекейіммен қатты мақтанатынмын, шашбауымды сылдырлатып, алдарында құлыншықтай секіріп жүруші ем. Төсек, сүйісу деген сахналар да болды ол арада. Бірақ мен одан бас тартқанмын).
Бірақ, өкінішке қарай, бұл жоба аяғына жетпей, желкесі қиылды. Бұл менің өмірімдегі кішігірім трагедия болды. Өйткені мен арманым орындалды, енді бүкіл Қазақстанға танымал боламын деп ойлап алған едім. Сөйтсем өмір маған басқа танымалдылықты даярлап қойған екен ғой). Сонымен таныса отырыңыздар, бұл сіздерге актриса ретінде танылмаған сол қыз", - деп жазды ол.
Айжанның оқырмандары оңың жас кезіндегі суретіне сүйсініп, жағымды пікірлер білідірген.
"Құдай-ау, сен қандай кереметсің. Шын мәнінде адамдар өмірде не болатынын болжай алмайды". "Өте әдемісің. Сенің ең маңызды рөлің әлі алда деп ойлаймын". "Мен сені бұрыннан білетінмін. Сол кездегі түр-әлпетің сондай әдемі еді. Кішкентай бойлы, сүйкімді, жіп-жіңішке қыз едің. Ешқандай мінің жоқ сияқты болып көрінетін. Уақыт өте өзгере бастадың. Мүмкін қазіргі қалпыңа өзгеретіндей өміріңде бір жаманшылық болған шығар. Менің көз алдымда сол бұрыңғы кішкентай Айжан қалып қойған", - деп пікір қалдырды блогердің оқырмандары.