«Сол үшін балалы болмай жүрсің»: Елдос Колобок баласына ақша жинап бермеген аналардың қарғайтынын айтты

0
2 519

«Оны естіп быт-шыт болып жылайтынбыз...»


«Сол үшін балалы болмай жүрсің»: Елдос Колобок баласына ақша жинап бермеген аналардың қарғайтынын айтты

Белгілі блогерлер отбасы Елдос Калабок пен оның жұбайы Таңшолпан Шотаева «САУАП TIMES» бағдарламасында қонақта болып, өткен өмірі, балалық шағы, науқас балаларға қаржы жинап жүргендегі мақсаты жайлы сыр шертті.


– Мен өмірімде анамның жақсылығын ұмытпаймын. Туды, балалар үйіне өткізген жоқ, жүйкесі шыдап, бізді аман-есен өсірді. Туысқандарыма рахмет. Әкеміз ерте қайтыс болып кетті. Біз қатты бұзық болдық. Соның өзінде туыстарымыз анама қарайласып, көмектесіп жүрді. Біздің аяққа тұрып кетуімізге үлес қосқан туысқандарымыз бар. Біз де жасымыз 30-ға келгенде шамамыз жеткенше жан-жағымызға үлес қосуға тырысып жатырмыз. Сол кісілердің көмегі көп тиді. Мектепке бір костюм-шалбарды екі жыл киген кездер болған. Сондай кездерде бізге киім, аяқ киім, сырт киім алып беретін. Үйге азық-түлік алып келеді. Анама кір жуатын мәшине алып берген туысымыз бар. Несиемізді төлеп берген сәттері болған. Оның бәрін ұмытпайсың ғой, - дейді Елдос Калабок.


Блогерлердің айтуынша, науқас балалардың ата-аналары да әр түрлі болады. Бірі шын мұқтаж болса, тағы біреулері жағдайы жетіп тұрса да хабарласады екен. Тіпті, кейбіреулері баласына тиісті қаржыны жинап бермесе, «Осы үшін балалы болмай жүрсің» деп қарғап-сілейтін көрінеді.


– Біз ауыр халдегі балаларға көмектесу үшін сбор ашқанбыз. Сонда оқырмандар «Неге бірінші өзің бермейсің?!» дейтін. Содан соң бірінші өзіміз 500 мың – 1 миллион салып, «Міне, біз «Бісміллә!» деп бастадық. Ары қарай жақсылық жасауға атсалысайық!» деп айтамыз. Бір баланың 60 миллионын жинап бітеміз. Келесі балаға 40 миллион. Кімге қанда сома керек, соны жинап береміз. Күндердің күнінде ата-аналар топ-топқа бөлінді. Жағдайы жетіп тұрса да хабарласатын ата-аналар болды. Крутой нөмірлермен қоңырау шалып, суретіне қарасаң, тепсе темір үзетін жігіт.

Қазір көмектеспесе ертең кеш болады дейтін балаларға көмектесуге біздің аудитория дайын тұрады. Аудитория жік-жікке бөлініп кетті. Бізді мақтап, қолдайтын, бізбен бірге сбор жасайтын және бізді жамандап, қарғайтындар шықты. «Ана балаға қарағанда менің баламның диагнозы ауыр еді, сен менің балама көмектессең балалы болушы едің. Сол үшін балалы болмай жүрсің» дейтіндер болды. Біз екеуміз оны естіп, быт-шыт болып жылайтын едік. Содан соң біз сбор жасамаймыз деп шештік. Өйткені, көңілімізге қатты тиетін жағдайлар орын алды. Өзіміз жарияға жар салмай, тып-тыныш көмектесіп жүрміз, - деп ашығын айтты блогерлер отбасы.