"Бизнес по-казахский" Түркияда қызық болайын деп тұр...
Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідеге парақшасында "Бизнес по-казахский" фильмінің бесінші бөлімін Түркияда түсіретінін жариялаған еді. Бір жыл бойы келіссөздер жүргізгенін де жеткізген. Режиссер түсірілім жұмыстарына дайындалу үшін Түркия еліне аттанған болатын. Ол карантин режимі аяқталға соң жаңа туындысына таспалауға кіріспек. Тіпті түріктің танымал актерлерімен де кездесті.
Нұрлан Қоянбаев Instagram парақшасында атақты актриса Неслихан Атагюльмен кездескен сәтінен сурет жариялады.
"Жақсы жандармен бір сурет. Өнерлеріңіз өрге жүзсін, Неслихан Атагюль, Кадир Догулу", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары атақты актрисамен жүзбе-жүз кездескен Нұрлан Қоянбаевтқа жылы лебіздерін жеткізді.
"Керемет, Нұрлан. Жұмысың жемісті болсын. Неслихан, сондай қарапайым. Неслихан ба, сене алар емеспін", "Несли мен Кадыр, керемет жұп", " "Бизнес по-казахский" Түркияда қызық болайын деп тұр...", - деген пікірлер жазылған.
Ал Stories-ке жүктеген видеосымен оқырмандарын одан әрі қызықтырып қойды.
Айта кетейік, бұған дейін "Бизнес по-казахский"-дің бесінші бөліміне түсу үшін Жахан мен Қайрат Әділгерейдің арасында талас болып, желіде қызу талқыға түскен. Көпшіліктің дауыс берумен режиссер Жахан Отарғалиевті таңдаған еді. Кейін "Қызық Times" бағдарламасында берген сұхбатында Қоянбаев Қайрат Әділгерейдің де рөл сомдайтынын айтып қалды.