«Сүйінші!»: Шәмші Қалдаяқовқа 30 жылдан кейін «Еңбек ері» атағы берілді

0
1 099

«Жаралы жүрегім жарылардай қуанып отырмын»


 «Сүйінші!»: Шәмші Қалдаяқовқа 30 жылдан кейін «Еңбек ері» атағы берілді

Көрнекті композитор – Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның еңбек ері» атағы берілді. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлі хабарлап, қазақ елінен сүйінші сұрады. Айтуынша, осыдан біраз уақыт бұрын бір топ зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа ұсыныс хат жолдапты.



«Жаралы жүрегім жарылардай қуанып, сіздерден сүйінші сұрағалы отырмын, ардақты ағайын!

Бүгін, қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атағы берілді.

Шәмші Қалдаяқовтың әндері, халық әндерімен үндес, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса сынды халық композиторлары дәстүрінің жаңа заманға сай жалғастырушысы және әрі қарай дамытушысы, шығармалары халық арасына кең тарап, өзі де аңызға, сағынышқа, тіпті әнге айналып кеткен композитор кем де, кем шығар...Өмірінен озғанына 30 жыл болған Шәмші Қалдаяқовқа берілген жоғары марапат халықтың көптен күткен қуанышы еді. Сондықтан да, қадірлі ағайын, баршаңызға қуаныштарыңыз құтты болсын дегім келеді!...»
- деді Қалдыбек Құрманәлі.