Танымал тележурналист әйелдерді әйнек басуға мәжбүрледі

0
3 603

​Танымал тележурналист Айнұр Асанберді әйелдерді әйнек басуға мәжбүрледі​. Оның айтуынша, әйнекпен жүру бойдағы қорқынышты жеңуге көмектеседі.


Танымал тележурналист әйелдерді әйнек басуға мәжбүрледі

Танымал тележурналист Айнұр Асанберді әйелдерді әйнек басуға мәжбүрледі. Оның айтуынша, әйнекпен жүру бойдағы қорқынышты жеңуге көмектеседі.

Өзінің инстаграм парақшасына "Қорқынышты жеңудің тағы бір жолы әйнекпен стекло) жүру. Бұл теxниканы үйрену үшін Тонусқа @tonusclub_almaty келіңіздер. Үйлеріңізде қайталамаңыздар. Бүгін осы теxниканы 12 қызға жасаттым. Ешкімге ештеңе болған жоқ. Бәрі дін аман. Біраз теxникалар үйреттім. Барлығы риза боп кетті." деп жазған Айнұр ханым артынша өзіне қонаққа келген әйелдердің әйнек басып жатқан видеоларын жүктеді.


Айнұр Асанберді: "Бүгін осылайша 12 қыз-келіншектің қорқыныш блоктарын алып тастауға тырыстық. Адреналин керемет болды. Әрине осымен олардың өмірі толық өзгеріп кетті деп айта алмаймын. Бірақ белгілі бір мөлшерде сенімділік пайда болып жаңашылдыққа қадам басқандары анық. Өзімде мұндай теxниканың шапағатын бірден түсінген жоқпын. От басып, шоқ басып жүріп өзгерістерге қадам бастым. Эзотерика бірден іске қосылып жатса сіз бақыттысыз. Кейде ол санаңызға жылдар бойы жылулық сыйламауы мүмкін. Бірақ бәрібір ақырындап өзгересіз. Мен әлі де ол ілімді зерттеп, пайдаланып түбіне жете алмай келем. Кейбір жерде жасаған ырымдарым жүзеге асса, кейде мүлдем іске қосылмай жатады. Дегенмен артынан сол кезде соның болмағаны қандай жақсы болды одан да мықты нәтиже күтіп тұрған екен ғой деген ойға қалам. Тағы да ескертем мұны тек бұл теxниканы білетіндермен жасаңыздар. Өздеріңіз қайталамаңыздар. Ал, АРМАНДАР міндетті түрде орындалады тек еңбектеніп, ерінбеуге тырысыңыздар".



Мұны көрген желі қолданушылары қыздардың батылдығына таң қалысып, өздерінің бойындағы қорқынышты да жеңгілері келетінін жеткізді.

Фото-видео: @asanberdi

ERNUR.KZ