​«Тиран күйеумен күресудің әртүрлі жолы бар»: Төреғалидің әйелі оқырмандарына ақыл айтты

0
1 632

«Ақиқатты білгенде ұялып қалмаңыздар»


​«Тиран күйеумен күресудің әртүрлі жолы бар»: Төреғалидің әйелі оқырмандарына ақыл айтты


Төреғали Төреәлінің әйелі Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде отбасылық өмірін сынағандарға жауап берді.


Толқынның бейтаныс оқырманы «Толқын, ақыл үйретіп отырған сенсің. Өзіңнің жолдасың сені неше рет ұрып, қорлады. Сен соның бәріне төздің. Себебі онсыз сен өмір сүре алмайсың, өзіңді-өзің материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайсың. Күйеуіңмен ажырасып, бақытты өмірді таңдауыңа болатын еді, Алладан тиран күйеуден құтқаруын сұрап, өзіңе лайықты ер азаматпен тыныш өмір кешуді сұрауға мүмкіндігің бар еді. Бірақ оның орнына барлығына төзіп, шыдамды болуға үйретіп жүрсің» деп жазған.


Әншінің әйелі оқырманның бұл пікірімен келіспейтінін білдірді. «Маған жекеме өте көп хат келеді. Соның біреуіне қатысты ескерту айтқым келеді. Қыздар, менімен өмір сүріп жатқандай уверенно жазатындарды оқығанда таңғаламын кейде. Адамның ішін де, сыртын да бұл өмірде ешқашан шын мәнісінде біле алмаймыз. Көзбен көргеннің өзі жалған болып қалмасына ешкім кепіл емес. Сондықтан ақиқатты білмей пікір айтудан аулақ болсаңыздар. Әйелдер қауымына тиран күйеуге шыдасын демеймін, бірақ күресудің әртүрлі жолы бар. Шын мәнінде Алла біздің ниетімізге жеткізіп қояды. Уақыты келгенде, біраз ақиқатты білгенде өте қатты ұялып қалмасаңыздар екен... Барлық нәрсенің ақырын білмей, тон пішуден аулақ болайықшы... Уақытымызды, күшімізді құртуға емес, сақтауға жұмсайтын болсақ, басқа қоғам қалыптасар ма еді? Әрине, бәрі өзімізден басталады. Ақталмаймын... Бірақ ары қарай осуждать етем деп, бастарыңызға тілден бәле жасап аламасаңыздар деймін» деп жазды ол.