​«Тоқалдардың тойынан қағылдың»: Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа әні көпшіліктің талқысына түсті

0
1 420

«Басымдағы бір әйелмен бақыттымын. Қалғаны - «қалжың»»


​«Тоқалдардың тойынан қағылдың»: Әбдіжаппар Әлқожаның жаңа әні көпшіліктің талқысына түсті


Әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Бәйбіше» деген ән шығарды. Ол өзінің «Инстаграмдағы» парақшасына әнді жариялап, «Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер» деп жазып қойды. Әннің мәтініндегі:


«Жан әлемің әдемі, соған қарармын,

Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын.

Негізінде, мен саған, жаным адалмын,

Оған да адалмын, саған да адалмын», - деген сөздер тыңдарманды түрлі пікірге жетелегендей. «Тоқал деп үйіңдегі алтындай 3 ұл туып берген адал жарыңның жанын жараладың-ау сен», «Тоқалдар адам емес пе, оларға да ән шығарыңдар», «Мына әннен кейін «Тоқалки покинули чат» болатын шығар», «Мына әннен кейін тоқалдар сені тойына шақырмаса керек», «Әйелінің құлағын осылайша үйретіп, тоқал алайын деп жүр-ау», "Өзіңді Сұлтан Сүлейман сезініп кеткенсің бе?" деп жазды көпшілік.


Тыңдармандардың түрлі пікіріне Әбдіжаппардың өзі «Басымдағы бір әйелмен бақыттымын, шүкір. Қалғаны - «қалжың» деп жауап берді.