​«Төреғалидің қанынан «Мефедрон» табылды»: әншінің мәселесіне байланысты психиатр-нарколог болжам жасады

0
2 781

«Ол назардан тыс қалып қоюдан қорқады, сол үшін хайп жасай салады»


​«Төреғалидің қанынан «Мефедрон» табылды»: әншінің мәселесіне байланысты психиатр-нарколог болжам жасады

«Есірткіге мас күйінде, жылдамдықты асыра көлік айдап, полицейлерге бағынбады» деген бірнеше баппен айыпталған атышулы әнші Төреғали Төреәлінің қорғаушысы мен нарколог маман осы іске қатысты біраз шындықтың бетін ашты. «Динамен дұрыс» бағдарламасына келген мамандар Төреғалидің не үшін тәртіпке бағынбағанын, шын мәнінде істің қалай болғанын айтып берді.


«14 маусым күні Төреғали мен әйелі екеуі Қызылорда қаласындағы ДЦП-мен ауыратын қызын алып келуге әуежайға асығып бара жатқан. Әуежайға Рысқұлов көшесімен жүріп, «Вайнах» мешітінің жанынан кері бұрылып, Майлин көшесіне түсуі тиіс болған. «Вайнах» мешітінің жанынан бұрын бұрылыс болған, қазір де «Тугис» қосымшасына кірсең, бұрылыс бар деп көрсетіп тұр. Бірақ оны кейін алып тастаған екен. Десе де, ол жерге бұрылуға болмайды деген белгі қойылмаған. Төреғали сол «Тугиспен» келе жатып, тыйым салынған бұрылыстан бұрылған ғой. Алдынан дәл соны аңдып тұрғандай полиция шыға келеді. Төреғали қанша жерден асығыс болса да тоқтап, көлігінен түсіп, «Жігіттер, асығыс боп тұр едім. Ұшақтан қалып бара жатырмын, кешіріңдер, бір жолға түсіністікпен қарасаңдар» деп амандасып, жағдайын айтады. Бір таңғалатыным, егер Төреғали жол ережесін өрескел бұзса, онда сол жерде тұрған полицейлер дереу планшетін алып, хаттама толтыра салмай ма? Олар әншімен амандасқан да, көлігіне қарай кері кеткен. Оны Төреғали «маған кешірім беріп, жағдайымды түсінген екен ғой» деп ойлап, көлігіне отырған да, әуежайға қарай жүріп кеткен. Ал әлгі полицейлер артына түсіп, қуған. Сосын көмекке әріптестерін шақырып, үлкен дауға айналдырып жіберді» дейді қорғаушы Эльнура Кішкенбаева.


Адвокаттың айтуынша, егер мәселе тек тыйым салынған жерден бұрылып, полицейлерден қашса, онда әншінің көлік жүргізу құқығы тек 6 айға шектеледі екен. Алайда бұл жерде әншінің есірткі тұтынды дегені жазаны ауырлатқан.


«Оқыған, көзі ашық полицейлер кімнің есірткі шеккенін көз қарашығынан біліп қояды. Сосын олардан басқаша бір иіс шығады. Егер полицейлер осыдан күмәнданса, онда дереу сараптамаға апарады. Зәр арқылы, терісінен және шашынан есірткінің бар-жоғын бірден табуға болады. Зәр арқылы бәрін білеміз, психотропты, неврологиялық дәрілер ішіп жүрсе, оны да зәрмен анықтайды, әрқайсысының бөлек-бөлек формуласы бар. Шатастырып алу мүмкін емес» дейді нарколог-психиатр Санжар Тұрсынметов.


Төреғалидің адвокаты әншінің бір күн бұрын бірнеше кальян шеккенін айтты. Алайда қанынан «Мефедрон» деген психоактивті зат табылған.


«Мефедронды о баста ваннаға салатын тұр ретінде кіргізген. Мақсаты біреу-ақ, жастарды біртіндеп осы нәрсеге тарту болған. Бұның салдарынан жүректің аритмиясы, биполярлы депрессия, көңіл-күйдің болмауы, осындай нәрселерге тап болады. Осы Алматының өзінде «Мефедрон» қолданатын жастар өте көп, отырып қалған бәрі. Бірақ, меніңше, Төреғалидің болмысы сондай, ол- холерик. Өзі қызуқанды, эмоцияға тез беріліп қоятын, тез ашуланғыш, күйгелек бала. Біреу көңіліне жақпайтын сөз айтса, тез ренжіп, жылдам әрекет ете салады. Төреғали кішкентайынан ата-әжесінің қолында өскен екен. Демек, кішкентайынан «мен әкем мен шешеме керек болмағам» деген нәрсе түпсанасында қалып кеткен болуы мүмкін. Сол себепті үнемі өзіне назар аударуды, халықтың өзіне көңіл бөлгенін қалап тұрады. Керек болса «мен халыққа керек емес боп қалдым ба» деп ойлап, хайп жасауы да ықтимал. Өзі туралы жұрт айтса, назарға алса, содан рахаттанады» деді нарколог Санжар мырза.