"Тұратын-тұрмайтынды шығаратын болдыңдар ма?" - Жұлдыз жүргізген бағдарлама көпшілікке жақпай қалды

0
14 120

Ерлі-зайыптылар арасындағы ашық төсек қатынасын талқылаған бағдарлама, халықтың ашуын туғызды.


Танымал хитмен, әнші Қайрат Нұртастың 10 жылдан кейін бой көрсеткен жары Жұлдыз Әбдікәрімова да түрлі бағдарламалар жүргізіп, өзін жүргізуші, журналист қырынан танытуда. 4 баланың анасы, аяулы жар Жұлдыз соңғы кездері еліміздегі басты арналардың бірінде "Неке сыры" бағдарламасын жүргізуді қолға алды. Алайда Жұлдыздың кезекті бағдарламасы халықтың қатал сынына қалуда. Халықтың ашуына тиген жәйт - бағдарламаның көпшіліктің алдында ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасының ашық түрде талқылануы.

Көпшілік бағдарламаның түкке керегі жоқтығын, "топас" бағдарламаны бірден жауып тастауды айтып, дабыл қағуда және шынайы екеніне де күмән келтірушілер көп. Сондай-ақ көпшілік хитменнің жарының жүргізушілік қабілетінің төмен екенін де жазуда.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны мынадай:

Ерлі зайыпты жастардың отасқанына біраз жыл болған. Келіншегі күйеуінің өзіне жоламай, төсек қатынасына түспей жүргеніне наразы.

"Жабылсын мына топас бағдарлама? Қазақты мазақ етуді тағы бастадыңдар ма?", "Ойбай, енді тұратын тұрмайтынды, қосылған, қосылмағанды шығаратын болдыңдар ма? Тағы не қалды көрсетілмеген?", "Қайын әпкесі келгенше сеніп отыр едім, қайын әпкесі келгесін спектакль сияқты болып кетті. Сөздері жасанды болып кетті", "Жұлдыз, өте ұят, ата-енең қалай рұқсат берді екен, мынандай бағдарламаны жүргізуге", "Мынау театр ғой, досы мен қайын апасы, күйеуі үшеуі жасанды", "Вирустан қорқып жүрсек, мыналар дене мүшесімен алысқаны несі", "Жұлдызға жараспайды екен жүргізуші болу", "Мына ханым түк жүргізе алмайды, мәні жоқ программа. Біреудің отбасының арасына түспей-ақ өздері шешіп алады. Одан гөрі өзекті тақырып талқыласа жақсы болатын еді. Мынауың қазақтарға жат нәрсе емес пе....." - деп жазады оқырмандар.