"Үйленген кезімізде дым болмады": Танымал әзілкеш миллиондарды қалай тауып жатқанының құпиясымен бөлісті

0
6 610


"Амалын тапсаң, карантинді де өз пайдаңа жаратасың" деген танымал әзілкеш Мереке Қалбаева оқырмандардың "Карантинде әртістер табыссыз қалды" деген сөзіне қарсы екен. Оның айтуынша, олардың табысы керісінше осы кезде көбейген. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Мереке Қалбаева: "Екі фотоның арасы 3 жыл. Енді үйленген кезімізде бізде МАХАББАТТАН басқа дым болмады. А тағы менің тойға деп алған кредитім, ал Арсенде ол да жоқ десең ия. Екеуміз қосылып қолымыздан келген істермен айналыстық (А: мықты сценарист, М: мықты актриса) АЛЛАҒА ШҮКІР! Жаман болмадық, керісінше өте КЕРЕМЕТ ҒҰМЫР кештік шүкір, одан соң КАРАНТИН.



Біреулер карантинде әртістер дымсыз қалды, бишара болып қалды деп жазыпты. Жоқ, амалын тапсаң, карантинді де өз пайдаңа жаратасың.

Өнеріміз уақытша тоқтағанымен инстаграмның қыр-сырын үйреніп, сол арқылы миллиондап ақша тауып жатырмыз, шүкір және ол барлығының қолынан келеді. Менің Гүлзат деген жақыыын петрушкам 3 айда 31 млн тапты. Ешкім емес, әртіс те басқа да, жәй үйде отырған 4 баласы күйеуімен 5 баласы бар Ана".

Осылай деген әзілкеш қазір өзінің жобалары арқылы оқырмандарға да көмек бере алатындықтарын айтыпты. Оған өз кезегінде оқырмандары да қызығушылық танытып, түрлі пікірлер жазған.

Көпшілігі "Керемет жансыз керемет жетістікке жетіп жатсыз бұданда тамаша жетістікке жете беріңіз" деп тілеулестік те білдірген.