«Ұяттан безді-ау!» : Кәмшат Жолдыбаеваның суреті желіде қызуға талқыға түсті

0
1 487

«Халық айтқан сайын ерегісіп кетті-ау осы қыз»


«Ұяттан безді-ау!» : Кәмшат Жолдыбаеваның суреті желіде қызуға талқыға түсті

Белгілі әнші, «KeshYOU» тобының экс мүшесі Кәмшат Жолдыбаева инстаграмға қысқа көйлекпен түскен суреттерін жариялаған болатын. Желідегілер ол фотоларды әбден талқылап тастады.



Кәмшаттың оқырмандары «Ұяттан жұрдай екен!», «Не істерін білмей жүр», «Еріккен ғой», «Қой дейтін ата-ана, туған-туыстары бар ма екен мынаның?!», «Бір суретпен қанша күнә тапты екен», «Қазақта қыз бала аяғын жоғары көтермейді. Алла сана берсін!» деп жазғырса, бірді-екілі оқырмандар «Ұнамаса қарамай өтіп кетіңдер. Ал олай етпесеңдер, өздеріңе де осындай образ ұнайды деген сөз. А так жараса ма, фигурасы бар, көрсетсін. Әркім өзі біледі ғой», «Ел не десе, о десін, хиджап киіп те түрлі қылық жасап жүрген қыздарды көрдік қой» деген пікірлерін қалдыруда.