​«Ұзақ күттіргенім үшін кешіріңдер»: Алмас Кішкенбаев сахнаға қайта оралды

0
834

«Орал, Алмас, сағындық сені!»


​«Ұзақ күттіргенім үшін кешіріңдер»: Алмас Кішкенбаев сахнаға қайта оралды

Кезінде «SuperStar» жобасының жеңімпазы атанып, көпшіліктің сүйікті әншісіне айналған Алмас Кішкенбаев араға біраз жыл салып, сахнаға қайта оралды.


Ұзақ үзілістен кейін «Cover show» бағдарламасының түсіріліме қатысқан әнші «Инстаграм» парақшасына «Ұзақ күттіргенім үшін кешір мені» деп жазба қалдырды.


Айта кетейік, Алмас Кішкенбаев бірнеше жыл бұрын әйелімен ажырасқан. Екі қызы анасымен кетті. Тіпті Алмасты өзіне қол жұмсап, суицид жасамақшы болды деген қауесет те айтылды. Әнші сол оқиғалардан кейін күйзеліске түсіп, соның әсерінен артық салмақ жинап, сахнадан мүлде қол үзіп кеткен еді. Тіпті «Инстаграм» парақшасындағы суреттерін түгелімен өшіріп тастаған болатын.


Алмастың шығармашылығын сағынған тыңдармандары әншінің бағдарлама түсіріліміне қатысқанын ерекше қабылдады. «Айналайын, Алмас, қадамың құтты болсын!», «Сөйте ғой, балам, шығып тұр!», Сізді қатты сағындық қой», «Орал, Алмас, айналайын, сағындық сені» деп тілек білдірді көпшілік.