«Визамыз дайын болмай, төлқұжатты 1 минут қалғанда алдық» : Қайрат Нұртас Америкада ән сапармен жүр

0
1 994

«3Д форматтағы KN жеке ән кешін алғаш болып өткізген едік».


«Визамыз дайын болмай, төлқұжатты 1 минут қалғанда алдық» : Қайрат Нұртас Америкада ән сапармен жүр

Қазақстандық талантты әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас қазіргі уақытта Америка құрама штаттарында ән сапармен жүр. Алайда Америкаға гастрольдету әнші мен анасына оңайға түспеген сыңайлы. Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова инстаграмға ұлының Филадельфиядағы кешіндегі видеосын жүктей отырып, шағын концерттер Чикагода, сосын Нью-Йоркте жалғасын табатынын хабарлады.

«Құрметті оқырмандарым!
Бұл Қайратымыздың жеке ән кештері ойламаған жерден, 4-5 күндік дайындық, хабарландырумен ғана өтіп жатқан жәй бір сырласу кештері.
1-шіден визамыз дайын болмай, ұшу-ұшпауымыз екі талай болды, ұшар күні Консульство жабылуға 1 минут қалғанда сіздерге өтірік, маған шын паспортты әйтеуір алып үлгердік. 15-не ұшсақ, бұл концерт 18-не өтті, 3 күн өте аз.
Естеріңізде ме?
Қайраттың алғашқы концерттерін Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай елдірінің түпкір-түпкірі, ауыл-ауылдан осылай бастаған болатынмын, өз күшімізге ғана сеніп.
Бірақ соның жемісі - үлкен, мыңдаған алаңдармен ұласып, Алматы және Астана аренасында 35 мың адамды лық толтырып, 3Д форматтағы KN жеке ән кешін алғаш болып өткізген едік. Алла бұйыртса АҚШ елінде де кішігірім концерттеріміз үлкен кештерге айналса деген аналық үмітімді Алла қабыл етсін!

16 на еліміздің туын Филадельфия қаласында көтеруге шақырту алған соң, ары қарай уақытымызды бос өткізбей, АҚШ елінде де бір дүйім жұрт бар, олар Қайраттың кешін сұрап жатыр, деген соң кішкентай қадаммен бастауды жөн көрдім. Бір жағы туған елге деген ыстық сағыныштарын сезіндік және қатты қуандыра алдық.

Біраз жастарға үлгі болып, АҚШ елінде де концерт берулеріне жол ашуға мүмкіндік болып, пайдамыз тиіп жатса, нұр үстіне нұр. Әуелі Алла берген абырой , 2-шіден Қайратымыздың әкесінің қанынан келген өнері, 3- шіден менің, балама деген аналық еңбекқорлық себепкерлігім, 3-ші өздеріңіздің қолдауларыңыз, ізгі тілек дұғаларыңыз!»
- деп жазды Гүлзира ханым.


Ал желідегілер: "Керемет! Сәттілік! Бірақ, меніңше, Қайрат мұхит аспай-ақ қазақтың Қайраты болып қала береді. Қазақ өнерінде ойып алар орны бар. Оны ешкім қайталай алмайды", "Алла жар болсын әрқашан! Жолы ашық болсын!", "Қазақтардың басын қосып әнмен тербеген тектілерім!" деген сияқты пікірлерін жазуда.