«Жақсы күйеу, жақсы ене таптыңыз!» : Белгілі блогер, сынықшы Айнұр Асқарқызы ақ келін атанды

0
4 369

«Үлкен той жасамадым»


«Жақсы күйеу, жақсы ене таптыңыз!» : Белгілі блогер, сынықшы Айнұр Асқарқызы ақ келін атанды

Белгілі сынықшы, блогер Айнұр Асқарқызы өз теңін тауып, ұзатылды. Әлеуметтік желі Айнұрдың ақ босағасынан ұзатылып, Қосай Тіней ауылына келін болғаны туралы жазбалармен толды.


Айнұр Асқарқызының жеке өміріндегі жақсы жаңалықты жанкүйерлері қуана қабылдап, бақыт тілеуде. Белгілі болғандай, оның жолдасының аты – Еркебұлан. Барған жері блогер һәм сынықшы келінді қуана, жылы шыраймен қабылдағаны көрініп тұр. Тіпті, оның ортаншы сыныпта оқитын қызы Ақ Камошпен бірге жылы қабылдағандай. Блогер өз сторизінде: «Ақ Камош менің қыз жолдасым» деп жазып қойыпты. Ұзатылып кетіп бара жатқанда блогер қызымен диалог барысында өзінің бақытты екенін айтты. Ал қызы болса: «Жақсы папа, жақсы ене таптыңыз, сіз сондай бақыттысыз!» - деп ағынан жарылды.

Әулеті мен жақындарын жиып, барлық жөн-жоралғысымен беташар мен шағын той жасапты. Таңға жақын отшашу жағылып, қуаныштары қойнына сыймай келіндерін шаңыраққа алып кіріпті.

Келесі сторизінде Айнұр келіндік міндетін атқару басталып кеткенін, қуанышты дастарханда отырған абысын-ажын, келін-кепшік, қайынсіңлі, қайынапаларын видеоға түсіріп, көрсетті. Осы көріністің бәрі халықтың қызына айналған белгілі блогер, сынықшы Айнұр Асқарқызының бақытты да қуанышты күндерінің белгісіндей.

Ал желідегілер «Келін болған түріңнен айналдым!», «Екі дүниеде бірге бақытты болуды нәсіп етсін Алла!», «Барған жеріңді бақытты ет, өзің де бақытты бол!», «Ақ орамалыңыз құтты болсын!», «Келесі жылы бесік тойдың куәгері болайық!», «Сіз үшін шок болып қуанғанымды білсеңіз ғой, машалла, Алла бақытты етсін!» деген сияқты ақ тілектерін үйіп, төгуде.