Жұлдыз Өмірғали: "Айқын жылап, мені таңдайтынын айтты..."

0
11 966

Жұлдыз Айқынның әйелі бар екенін білмегенін айтты.


Жұлдыз Өмірғали:

Соңғы бір жылда Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің жеке өмірі елдің аузынан түспей келе жатыр. Бұл жағдайға байланысты өткен жолы біз Айқынның өз аузынан естіген болатынбыз.

Ал бүгін Жұлдыз Өмірғали да халық алдына шығып, көпшілікті мазалайтын сұрақтарға жауап берді. Атақты "Қалаулым" бағдарламасына келген ару, алғашқы кезде Айқынның әйелі барын білмегенін айтып көзіне жас алды.

Сондай-ақ, Жұлдыз олардың бірге болғандарына қазір үш жыл болғанын тілге тиек етіп кетті. Айтуынша, олар кездескеннен кейін жарты жыл өткенде Айқынның әйелі түскен бейнебаян шыққан.

Сол уақытта бір ай сөйлеспей кеткен, бірақ Айқын жылап келіп, "Мені сені таңдаймын, сенімен боламын" деп айтқан көрінеді. Содан кейін Жұлдыз топтан кетіп, Айқынның таңдауын жасаған.


Мұны көрген бағдарлама көрермендері мен желі қолданушыларының пікірі екіге жарылған. Бір бөлігі "Махаббат қой" деп түсінік танытып, біреудің жеке өміріне араласпауға шақырады. Ал екінші тарап Айқыннан мұндайды күтпегенін айтып, Жұлдызға дөрекі сөздерді көптеп жазған.

Фото:

ERNUR.KZ