«Жұлдызға жетпейді екен»: Гүлзира Айдарбекова кіші ұлын үйлендірді

0
12 116

«Ол неге тойда төбе көрсетпеді?!»


«Жұлдызға жетпейді екен»: Гүлзира Айдарбекова кіші ұлын үйлендірді

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғарды Жібек атты сұлуға үйлендірді. Алдымен жігіт жағы қыздың ауылына сырға салып барды. Сосын есік ашу, құдалығын да өткізіп, келінін ұзатып алып келді. «Тойдың боларынан боладысы қызық» демекші, жұлдызды отбасы тойға дайындық барысының әр сәтін инстаграмға жүктеп отырды.

Заңғар Нұртас ғашығына өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасау үшін нағыз естен кетпес кеш ұйымдастырған. Ол барша жақын достарын жинап, елорданың әсем жерлерінің бірінде сүйіктісін үлкен гүл шоғымен күтіп алып, саусағына сақина салған. Бұл әсерлі сәттің видеосын қалыңдықтың өзі Instagram парақшасында бөлісті.

"Ойын бітті. От-шашу, жақындарымыз қасымызда және қонақ үй төбесіндегі "Жібек, менің шексіздігім болшы" деген жазба. Бәрі университеттің бірінші курсында келіскеніміздей болып шықты. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін біз ұзақ жол жүрдік. Енді міне, 9 жылдан кейін мен сенімді түрде саған "иә" деп айта аламын. Бізге қолдау көрсеткен барша жақындарымызға алғыс айтамын. Біз қандай қате шешімдер қабылдасақ та, сіздер қолдадыңыздар. Шыны керек, соңғы жылдары бір айырылысып, бір қосылып, көп адамның есін шығарған шығармыз. "Осы жолы нақты айырылыстық. Оны сүймеймін", "Басқа қызға үйленемін, болды" деп айтқан кездеріміз де болды. Бастысы, әрқашан өз жүрегіңізді таңдаңыздар. Қалғанының маңызы жоқ. Барлығыңызға бақыт тілеймін", - деп жазды ол.

Сөйткен қалыңдықты ұзату тойында танымал эстрада әншісі Жазира Байырбекова әсерлі әнімен ұзатты. Ұзату тойында әнші Нұрлан Еспанов той тізгінін ұстады.



Құдалыққа жақын туыстары мен өнердегі әріптес, іні-сіңлі, күйеубалдарын, екінші келіні Әйгерімнің ата-анасын ерткен Гүлзира ханымға желідегілер «Жұлдыздың да ата-анасын ерту керек еді. Құдалармен ренжіскен жоқ шығарсыздар», «Жұлдыз сіздердің өміріңізді жалғаған тұңғыш келініңіз, 4 баланың анасы, неге тойда көрінбейді?!», «Келіндеріңіздің ішінде ең көріктісі Жұлдыз екен» деген сияқты пікірлерін қалдырды.

Ұлан асыртойды сән-салтанатымен өткізген Айдарбековтер келінін шаңыраққа алып келді. Келіннің қолынан алғашқы шәйін де ішіп үлгерді.