Андролог қандай дәрігер?

0
8 095

Андролог - еркектердің жыныс мүшелерінің ауруын емдейтін дәрігер. Ол простатитті, үрпінің қабынуын, несеп жолдарының ауруын, бүйрек және қуық дертін, мерез және жыныс жолдары арқылы жұғатын ауруларды емдейді. Көбінесе бала-шағасы жоқ немесе бір баладан кейін перзент көрмеген отбасылар жиі осы дәрігердің көмегіне жүгінеді.


Андролог қандай дәрігер?

Андролог - еркектердің жыныс мүшелерінің ауруын емдейтін дәрігер. Ол простатитті, үрпінің қабынуын, несеп жолдарының ауруын, бүйрек және қуық дертін, мерез және жыныс жолдары арқылы жұғатын ауруларды емдейді. Көбінесе бала-шағасы жоқ немесе бір баладан кейін перзент көрмеген отбасылар жиі осы дәрігердің көмегіне жүгінеді.

Андролог қандай ауруларды емдейді?

Белсіздікті, ұрықтың дұрыс бөлінбеуін, туғаннан немесе жүре пайда болған жыныс ауруларын паталогиялык өзгерістерді тексереді.

Андролог дәрігеріне қай кезде бару керек?

- еркектік қабілеттің әлсізденуінде;

- қобудың бұзылысында;

- еркектік мүшенің өзгерісінде;

- жыныс мүше суықтаған кезде;

- егде жастағы еркектердің қабілеті төмендеген кезде міндетті түрде дәрігердің қабылдауына жазылу керек.

Андролог қандай мүшелерді тексереді?

- бүйрек;

- несеп жолын;

- қуықты;

- үрпінің қабынуын;

- простатитті;

- аталық ұрық безін;

- жыныс мүшені;

- қосымша бездерді тексереді.

Қандай талдау-сараптау жасату керек?

- спермограмма;

- жалпы суыққа қарсы;

- ұрықтың тазалығын анықтайтын сараптама;

- несепнәрді анықтау үшін зәр;

- ағзаңыздағы калыцийдің, калий/натрий/хлоридінің және фосфордың деңгейін анықтау үшін;

- жалпы қанды анықтау үшін;

- бауырдың қабынуын анықтайтын;

- жұқпалы ұшық ауруларын анықтау үшін;

- кандидозды анықтау үшін;

- мерезді анықтау үшін сараптама жасату керек.

Андролог дәрігері кеңес береді

Жыныс мүшесінің гигиеналық тазалығын мұқият қадағалаңыз. Ондағы артық түктерді алып, арнайы спиртке малынған дәкемен сүртіңіз. Төсек қатынасынан соң міндетті түрде жыныс мүшеңізді жылы сумен жуу керек. Шәует бөлінгенде жағымсыз иістің болмағаны жөн. Егер сондай иісті байқасаңыз, тез арада дәрігерге қаралыңыз. Ондайда өзіңіз де, жұбайыңыз да ауруға шалдығуларыңыз мүмкін. Мүшеқаптың да сапалысын таңданыз. Тіпті іш киім де деннің саулығына өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да мақтадан тігілген киімді сатып алуды әдетке айналдырыңыз.