БАЛА ​неге жиі АУЫРАДЫ?

0
11 544

Оның СЕБЕБІН сілтемеге өтіп білесіз, ШЕШІМІМЕН де сол жерде танысасыз.


БАЛА ​неге жиі АУЫРАДЫ?

фото: fb.ru

«Балам бір апта балабақшаға барса, бір апта үйде ем алады, Апайларынан да, дәрігерден де ұят болып кетті. Бейне бір жауапсыз ата-ана сезінемін өзімді», дейді бір танысым. Иә, мұндай жағдай бүгінде көпшілік ата-ананың басынан өтіп жатқаны шындық. Бәрінің көкейіндегі сұрақ біреу-ақ. «Неге бала жиі ауырады?».


Иә, баланың жиі ауыратынына бір ғана себеп болмайды. Оның бірнеше себебі бар. Ең алдымен баланың иммундық жүйесіне мән беріңіз. Иммунитеті мықты баланың ауруға берілмейтінін, суыққа солмайтынын дәрігер айтудай-ақ айтады. Сондықтан да баланың саулығын жақсартқыңыз келсе алдымен иммунитетін көтеріңіз. Ал иммунитеттің әлсізденуіне:

  • ананың жүкті кезде көп ауруы;
  • уақытынан бұрын туылу;
  • ана сүтімен қоректенбей, жасанды тамақтану;
  • ағзаға қажетті дәрумендер мен минералды заттардың жетімсіздігі;
  • дисбактериоз және асқазан, ішек жолдарының ауруы;
  • экологиялық ахуал;
  • ауа райына сәйкес киінбеу себеп болады.

Байқасаңыз, жылына 6 рет вирустық инфекциямен ауыратын балалар бар. Неге бір емнен соң толық жазылмайды. Оған не себеп болады? Міне, осы сұрақтар аясында жауап іздеп көрейік.

фото: chs2.edusev.ru

Баланың жиі ауруына НЕ себеп, КІМ кінәлі?

Ата-ананың қателігі

1. Бүгінде дәрігерге емес, өзіне сенетін аналар көп. Баланың қызуы шықса, қызу түсіретін дәрі береді, тамағы қызарса тұз сумен шая салады. Иә, бұл әдістің емдік қасиеті жоқ емес. Бірақ ағзаға енген инфекцияны толығымен жоя ала ма? Бүгін жазылғанымен ертең қайталап қалмай ма? Міне, бұл баласы ауырған ананың бірінші қателігі.

2. Қораптағы дәріні таусылғанша ішкізу. Бұл өте өрескел әрі қауіпті шешім. Сіз дәріні шамадан артық ішкізу арқылы бала денсаулығына пайдасын емес, зиянын тигізіп жатқаныңызды ұғыңыз. Баланың дертіне қарай дәріні 3-ақ күн ішкізу керек. Егер осы үш күннің ішінде ешқандай нәтиже болмаса, онда міндетті түрде басқа дәріні байқау қажет. Ал оны педиатр дәрігермен ақылдаса отырып, қабылдайсыз.

Міне, осы екі қателікке жол бермеген ананың баласының дені сау болады.


Жалпы, біз баланы туылғаннан бастап қалың киіндіріп, жылы ұстауға әдеттенеміз. Бұл әдіс – баланың иммундық жүйесіне кері әсер етеді. Мейлінше баланы салқын ауаға үйрету керек. Бала салқын суға жуынсын, ауыз қуысын салқын суға шайсын. Сонда бала ағзасы кез келген температураға бейім келеді. Күнде таңертең және кешке балаңызды салқын суға жуындыруға үйретіңіз. Бетін, мойнын, қолын, қолтығын, аяғын және ауыз қуысын салқын суға жусын.

фото: healthonemedicine.com

БАЛАҢЫЗ жиі АУЫРСА онда МЫНА әдісті қолданыңыз

  • таңертең және кешке салқын суға жуынып, дымқыл сүлгіге сүртінсін. Табанын қарама-қарсы сумен жусын;
  • қыстың күндері еденде, ал жаздыгүні шөптің үстіне жалаң аяқ жүрсін;
  • шомылатын судың температурасы 34 градустан төмен болсын;
  • тамақтану мәзіріне балмұздақ секілді салқын тағамдарды көптеп қосыңыз;
  • ауа температурасы 14 градустан жоғары болса, бас киімсіз серуендесін;
  • түнгі ұйқыға жатар кезде 10-15 минут бөлменің терезесін ашып қойыңыз. Бала салқын бөлмеде ұйықтасын.

ЕСКЕРІҢІЗ! Қарама-қарсы душты жүрегі мен бүйрегі ауыратын және неврологиялық аурулары бар балаларға қолдануға болмайды.


Жиі АУЫРАТЫН балаға НЕ ІСТЕУ керектігін білесіз бе?

Ауа салқындағанда кез келген баланың ағзасы осалдық танытады. Әсіресе иммундық жүйесі әлсіздер тез ауырып, жиі жөтеледі. Оның алдын алу үшін дәрі ішіп, екпе салдырудың қажеті жоқ. Ауырып ем іздейтін емес, аурудың алдын алатын тиімді жолдармен таныстырамыз. Бұл әдіс қазынаңызды түрлі дерттен қорғайды әрі иммунитетін нығайтады.


СПОРТ – ең тиімді әрі пайдалы әдіс. Физикалық белсенділік баланың иммундық жүйесін нығайтады. Баланың саулығын ойласаңыз, таңертең міндетті түрде жаттығу жасатыңыз, кез келген спорт түрімен айналысуға курсқа жаздырыңыз, қимыл-қозғалысы көп ойынды бірге ойнаңыз.


СЕРУЕНДЕУ – аурудың алдын алады. Таза ауамен тыныстау кез келген дерттің бетін қайтара алады. Егер балаңыз суықтап ауырса, дереу сыртқа шығарыңыз. Қалағанынша жүгірсін, жүрсін. Бұның пайдасы мол.


ШЫНЫҒУ салауатты өмір салтын қалыптастырады. Баланы тұзды, салқын, жылы суға түсуге бейімдеңіз. Жаздыгүні бассейнге түскен баланың денесі тоңып, қалтырап шығады. Міне, бұл иммунитеттің тым әлсіздігінен дерек береді. Ал иммунитеті мықты бала қай кезде де, қандай суға шосылса да сыр бермеуі керек. Егер мүмкіндік туып жатса, баланы арықтағы, өзендегі лайқа суға шоомылуға рұқсат беріңіз. Салқын су ішіп, балмұздақ жесе де шектемеңіз.

фото: twitter.com

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – денсаулықтың кепілі. Құрамы көмірсуға, жасұныққа бай тағамдарды үзбеңіз. Мейлінше, жаңғақты, кептірілген жемістерді, балды, балғын жеміс-жидектер мен көкөністерді, сүт тағамдарын, балық пен ет өнімдерін көбірек жегізіңіз.


Бөлмені ЖЕЛДЕТУ – терең тыныс алуға септігін тигізеді. Қандай ауа райында да терезені ашуды ұмытпаңыз. Мейлі далада қар борап жатса да, ақ жауын құйса да, ол бөлмені желдетуге кедергі болмау керек. Әсіресе, таңертең ұйқыдан тұратын кезде және түнгі ұйқыға жатар кезде бөлменің терезесін 5-10 минутқа ашып қойыңыз. Сосын күніне 2 рет бөлмені ылғалды сүлгімен сүртіп шығыңыз. Кітап сөрелерінің, кереуеттің, сабақ дайындайтын үстелдің асты менен үсті де сүртілмей қалмасын.


Жиі АУЫРАТЫН балаға ҚАНДАЙ тағам беру керек?

Бұл кеңесті ИММУНОЛОГ дәрігер ұсынады. Егер сіз бұл тағамдарды балаңызға жиі беретін болсаңыз, онда денсаулығы мықты болады әрі иммундық жүйесі қалыптасады.

1. Лимонды балыққа айырбастаңыз

Иммундық жүйені бірінші болып төмендететін Д дәруменінің жетімсіздігі. Сондықтан да құрамы Д дәруменіне бай тағамдарды көбірек жеңіз. Әсіресе, балық өнімдерін үзбеуге тырысыңыз.

2. Бактерияға қарсы сабын қолданбаңыз

Тері – ағзаның қорғаушы құралы. Егер оны бактерияға қарсы сабынмен жуатын болсаңыз, онда қорғаныс күші жойлатынын ескеріңіз.

3. Дәріханалық дәруменнен бас тартыңыз

Оның орнына балғын жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз. Сонда ағзаны қажетті дәрумендермен, минералды заттармен байытасыз.

4. Екпе салдырыңыз

Кезең-кезеңмен салынатын екпеден бас тартпаңыз. Әр екпенің атқаратын қызметі, қорғайтын ауруы болады. Сондықтан да вирус пен қауіпті аурулардан сақтану үшін уақытылы екпе салдырыңыз.

5. Күліп жүріңіз

Адамның көңіл-күйінің жағдайы көп нәрсеге әсер етеді. Тіпті, сырқаттанып қалуға да ықпал етеді. Көңілді, сергек әрі қуанышты жүретін адамнан ауру да алыстайтын көрінеді. Өмірге күле қараңыз.


Дереккөз: heaclub.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына АЛТЫ әдіс ӨМІРІҢІЗДІ ұзартады


Грек ЖАҢҒАҒЫ қызыл иектің ҚАНАУЫН тоқтатады


МУМИЕ шаштың ТҮСУІН тоқтатады