​БҮЙРЕК ауруының сіз білмейтін 10 БЕЛГІСІ

0
83 707

БҮЙРЕК ауруын БЕЛ ауруымен шатастырып алудан САҚ болыңыз...


​БҮЙРЕК ауруының сіз білмейтін 10 БЕЛГІСІ

фото: fb.ru

Бүйрек – ағзадағы негізгі фильтр. Несеп арқылы тағамның қалдығын, дәрі мен тұзды сыртқа шығарады. Егер бүйректе кінәрат болса, онда қызметін атқара алмай, денсаулығыңызға кері әсерін тигізеді. Ал бүйректің саулығы жақсы болса онда бір минуттың ішінде 200 мл қанды фильтрден өткізуге қабілетті келеді. Кейбіріміз бүйрек ауруын бел ауруымен шатастырып, уқалап масаж жасап немесе қыздыратын мазь жағып, өз бетімізше емдеуге әрекет етеміз. Алайда ауыратын нүктені нақты анықтап алып, ем жасамасаңыз, соңы айықпас дертке ұласуы ықтимал. Сонымен бүйрек ауруларының белгілері қандай?


БҮЙРЕК:

  • ақуыздың алмасуын реттейді;
  • гормонды синтездейді;
  • қан қысымын қалыпты ұстайды;
  • кальций элементі мен Д дәруменінің ағзаға сіңуін қамтамасыз етеді.

фото: sabah.com.tr


БҮЙРЕК ауруына:

  • нашар экология;
  • лас ауа мен ауыз су;
  • тағаммен бірге түсетін улы заттар;
  • дәріні шамадан артық қабылдау;
  • жағымсыз әдеттер;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • жиі инфекция жұқтыру СЕБЕП болады.


Өздеріңізге мәлім, бүйрек бірден ауырмайды. Ол бірте-бірте сыр бере бастайды. БҮЙРЕК ауруын МЫНА БЕЛГІЛЕР арқылы байқауға болады.


1. Зәрдің көбіктенуі

Кіші дәретке шыққанда несептің көбіктенгенін байқасаңыз, мұқият зер салыңыз.Бұл жағдай әр дәретке барған сайын қайталанса, дереу дәрігердің кеңесін алыңыз. Зәрдің көбіктенуі құрамындағы ақуыздың көбейгенін білдіреді. Оны анықтау үшін несепке талдау жасалынады. Негізінде ақуыз бүйректің дұрыс жұмыс істемей жатқанын білдіреді. Қабыну кезінде қан фильтрден дұрыс өтпейді. Салдарынан зақым аласыз немесе бүйрек артерияларының қан айналым жүйесінде өзгерістер болады.


2. Зәр түсінің өзгеруі

Несептің көлемі мен түсі де бүйрек жайлы маңызды ақпарды бере алады. Жалпы, дені сау адамның зәрі ашық сары болу керек. Ал егер бүйректе қандайда бір кінәрат болса, онда несептің түсі қызғылт немесе ашық қызыл түсті көрсетсе әрі жағымсыз иіс сезілсе, онда бұл дабыл қағатын белгі болып табылады.

Десе де, несептің түсі тұтынған тамағыңызға қарай да өзгеріп тұрады. Егер қызылша, қымыздық жесеңіз немесе В тобындағы дәрумен қабылдасаңыз ол несептің түсін айтарлықтай өзгертеді.


3. Зәр түсі тұнық болмаса...

Бүйректің қабынуын зәрдің лайлануынан және арасындағы қабыршықтардан білуге болады. Зер салып байқасаңыз несепте ақ, сары түйіршіктер көрінеді. Бұл тас байланудың алғашқы белгілері.

Ал егер ешқандай түйіршіктер болмай, тек лайланса, онда ағзада тұздың көбейгенін білдіреді. Бұл кезде суды көбірек ішіп, ағзаны артық тұздан тазалау керек. Сондай-ақ дәрігердің кеңесі де артық етпейді.


4. Ауырлық сезсеңіз

Бірден қабырғаның асты ауырса, омыртқаның сол және оң жағынан қандай да бір толқынды сезсеңіз, құрсақ қуысы шаншыса, онда бүйректің сыр бергені деп қарау керек. Бұл белгілер кезінде жүрек айнып, лоқсу пайда болады. Кей жағдайда құсқыңыз келеді. Бүйрек қабынған кезде ісініп, көлемі еселенеді.


5. Әлсіздік

Бүйрек эритроциттің және жілік майын ынталандыратын эритропоэтин гормонының түзілуіне қатысады. Егер ол зақым алса, гормонның бөліну деңгейі төмендеп, адам әлсіздікті сезінеді. Мұны көпшілігі қаназдықпен шатастырып жатады. Бүйрек ауырғанда бойыңызды әлсіздік билейді, үнемі шаршауды сезінесіз әрі жүзіңіз солғын тартады.

фото: erekto.ru


6. Басыңыз ауырып, айналады

Бүйректің негізгі жұмысы – ағзадағы артық затты шығару екенін айттық. Егер бүйрек сыр берсе, тағамның қалдығы, улы заттар сыртқа шықпай, қанға қосылады. Ол жүйке жүйесі мен миға кері әсер етеді. Салдарынан есте сақтау қабілеті төмендеп, бас ауруға шалдығады. Бүйрек ауруына анемия қосылса, науқастың басы айналып, өзін жайсыз сезінеді.


7. Ішіңіз ауырып, құсқыңыз келсе...

Егер тамақтану режимін өзгертпесеңіз де бұл белгілер орын алса, онда бүйрегіңіз ауыра бастағанын білдіреді. Балғын, құнарлы, нәрлі тағамдарды тұтынсаңыз да құсқыңыз келіп, ішіңіз кеуіп, кіндіктің айналасы ауырса, бүйректі тексертуге тура келеді.


8. Кіші дәретке жиі барғыңыз келсе...

Бірден әжетханаға барғыңыз келіп, бірақ бір-екі тамшы ғана кіші дәретке отыратын болсаңыз, онда сізге шын мәнінде алаңдауға тура келеді. Бұл бір емес, бірнеше дерттің белгісі екенін білгеніңіз жөн. Егер несеп жолына инфекция түссе, ол циститтен хабар береді. Сонымен қатар, бүйрек ауруының, тас байланудың, қант диабетінің басты белгілері болып табылады.


9. Тері солғын тартып, құрғаса...

Бүйрек өз кезегінде сұйықтықты, минералды заттарды, дәрумендер мен ақуызды реттеп, улы затты сыртқа шығарып отыруға қабілетті. Егер ағза ауырса, онда қызметін ойдағыдай атқара алмайды. Салдарынан несеппен бірге ақуыз, су мен минералды заттар жоғалып, терінің құрғауы мен қабыршақтануына әкеледі.


10. Қан қысымы көтерілсе...

Ағзадағы натрий мен судың шығуы қан қысымының өзгеруіне себеп болады. Сондықтан да бүйрек ауырған кезде қан қысымы бірден көтеріліп, дәрінің көмегінсіз қалпына келмейді.


БҮЙРЕКТІҢ саулығын білу үшін ТЕРАПЕВТ немесе НЕФРОЛОГ дәрігердің қабылдауына жазыласыз. Дәрігер сізге несеп пен қанға талдау жасауға және бүйрек пен несеп жолдарын УДЗ-ден өткізуді ұсынады.


Дереккөз: kiz.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына БЕС сусын НЕСЕП жолдарын емдейді


Аяқ-қолдың ҰЮЫ қандай ҚАУІПТЕН хабар береді?


ПНЕВМОНИЯНЫ мына ТӨРТ түрлі ШАЙ емдейді