​ГЕМОГЛОБИНДІ бір күнде ДӘРІСІЗ көтеруге болады

0
29 976

Бірден басыңыз ауырып, айнала ма? Қанша демалсаңыз да шаршау басылмай ма? Онда төменде жазылған ӘДІСТІ қолданыңыз.


​ГЕМОГЛОБИНДІ бір күнде ДӘРІСІЗ көтеруге болады

фото: fiteria.ru

Гемоглобин – қанның құрамына кіретін ақуыздың атауы. Оның негізгі қызметі – біз тыныс алу кезінде жұтатын оттегі молекулаларымен бірігіп, қан ағымымен басқа мүшелер мен ұлпаларға тарайды.

Екінші маңызды міндеті – оттегін тасымалдау. Көміртегі диоксидін ұлпалардан алып, керісінше өкпеге апарады. Біз тыныс алу арқылы көмірқышқыл газының тіндерін тазалаймыз. Бір сөзбен айтқанда гемоглобинсіз толыққанды дем жұту, дем шығару мүмкін емес. Сондықтан да оның түсуіне жол бермеңіз әрі түскен жағдайда көтеру шараларын қарастыру керек.


ГЕМОГЛОБИННІҢ түскенін қалай анықтаймыз?

Егер ақуыз аз болса, онда адам жеткілікті жағдайда ауа жұта алмайды. Жүрек, ми және басқа да органдар оттектің азаюынан зардап шегеді. Бұл кезде адамның жұмысқа ықыласы төмендеп, жалпы жағдайды нашарлайды. Сонымен қатар:

фото: cpdonline.co.uk

  • Адамның бойын әлсіздік, әлжуаздық билейді;
  • Тез шаршағыш болады;
  • Басы жиі айналады;
  • Жүзі қуқыл тартады. Әсіресе қызыл иек бозғылттанып, ағара бастайды;
  • Жеңіл әрі тез ентігу болады;
  • Жүрек қағысы да жиілейді.

Міне осы белгілерді өз бойыңыздан байқасаңыз, дереу ТЕРАПЕВТ дәрігерге тексеріліңіз.


ГЕМОГЛОБИННІҢ деңгейін ҚАН сараптамасын жасап АНЫҚТАЙДЫ.

Жалпы, жоғарыда айтылған белгілер гемоглобиннің және басқа да дерттің белгісі екенін біле жүріңіз. Мәселен, қаназдықтың белгісін білдіріп жүрек қан-тамыр жүйелері сыр беруі мүмкін. Сондықтан да өз бетіңізше ем қабылдаудан алдын міндетті түрде дәрігердің алдынан өтіңіз.


ГЕМОГЛОБИНДІ көтермесеңіз мына ҚАУІПКЕ ұрынасыз:

Дәрігер сізді толық тексеруден өткізген соң гемоглобиннің неден түскенін анықтайды. Көп жағдайда жүктілік және емізулі кезде гемоглобин түседі. Оған қалыпты жағдай деп қарауға болмайды. Дәрігер ұсынған ем-шараларын толық жүргізу керек. Одан бөлек, арықтауды мақсат кеткендерде де гемоглобин төмендейді. Егер оны өз қалпына келтірмесеңіз, онда созылмалы бүйрек аурына, бауыр циррозына, гипотиреоз, түрлі қатерлі ісік аурына шалдығу қаупі бар.


ГЕМОГЛОБИНДІ қалай көтереміз?

«Гемоглобин төмендеп кеткен бе, соңғы кезде өзімді жайсыз сезініп жүрмін» деп өзіңіз үйде пал ашпай, дәрігерге қаралыңыз. Оған қоса біз ұсынған мына 6 әдісті қолданыңыз.

фото: klub-drug.ru

1. Құрамы ТЕМІРГЕ бай АЗЫҚТАРДЫ тұтыныңыз

Гемоглобин темірдің жетіспеуінен төмендейді. Сондықтан да құрамы темір элементіне бай тағамдарды жеуге әдеттеніңіз. Нақтырақ айтқанда:

  • ет пен балықты;
  • бауырды, бүйректі, жүрек пен сиырдың желінін;
  • саумалдықты, қырыққабатты, брокколиді, басқа да жасыл түсті көкөністерді;
  • фасоль мен чечевицаны;
  • жұмыртқаны;
  • жаңғақ пен шекілдеуікті;
  • кептірілген жемістерді үзбей жеуге тырысыңыз.


2. ФОЛИЙ қышқылын ҚАБЫЛДАҢЫЗ

Фолий қышқылы – В тобындағы дәрумендердің бірі. Ол гемоглобиннің бір бөлшегі ретінде ағзаны толықтырады. Егер бұл затты жеткілікті түрде қабылдай алмасаңыз, онда ағза фолиқышқылының жетімсіздігінен туындаған қаназдыққа шалдығады.

Фолий қышқылын салат жапырағынан, саумалдықтан, қырыққабаттан, фасоль, горох пен чечевицадан, қояншөптен, тауық жұмыртқасынан таба аласыз.


3. С дәруменін ҰМЫТПАҢЫЗ

Құрамы темірге бай тағамдар мен биоқоспаларды қабылдау жеткілікті. Десе де ағзаңызды С дәруменімен толықтыру тіпті керемет болмақ. Сондықтан да С дәруменінің қайнар көзі болып табылатын апельсинді, мандаринді, грейпфрутты, құлпынайды, қара қарақатты, саумалдық пен қырыққабатты үзбей жеуге кеңес береміз.

фото: zen.yandex.com

4. А дәрумені де айтарлықтай ҚЫЗМЕТ атқарады

А дәрумені немесе бета‑каротин де өте маңызды элемент. Гемоглобиннің алдын алу үшін құрамында А дәрумені кездесетін балықтың майын, батат (тәтті картоп), саумалдық пен асқабақты көбірек жеңіз.


5. КАЛЬЦИЙ элементінің де МАҢЫЗЫ бар

Темірден бөлек кальций элементінің де гемоглобин мөлшерін қалпына келтіретін қасиеті бар. Сондықтан да тамақтану мәзіріңізден йогуртты, кефир мен творогты, соя тұздығы мен інжірді түсірмеңіз.


6. Құрамы ТЕМІРГЕ бай БИОҚОСПАНЫ қабылдаңыз

ЕСКЕРІҢІЗ! Мұны өз бетіңізше қабылдауға болмайды. Міндетті түрде ДӘРІГЕРДІҢ рұқсаты керек.

Дәріханадан табылатын бұл биоқоспалардың қай қайсысы болса да түрлі дәрумендер мен микро-макроэлементтерге бай. Егер сіз биоқоспаны бақылаусыз ішсеңіз, онда мөлшері асып, ағзаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Мәселен, А дәруменін мөлшерінен артық қабылдасаңыз, онда гипервитаминозға шалдығасыз. Бұл кезде жалпы жағдайыңыз нашарлайды, бас, сүйек ауруларына тап боласыз, шашыңыз түсіп, көру қабілетіңіз нашарлайды.

Сондай-ақ, темір элементі де артығымен қабылданса, ағза гемохроматозға шалдығады. Салдарынан бауыр, ұйқы без, қалқанша без, жүрек қан-тамыр жүйесі ауырып, түрлі қатерлі ісіктің туындауына себепші болады.


Дереккөз: lifehacker.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ұйқы безінде ҚАТЕРЛІ ісіктің БАР-ЖОҒЫН өзіңіз АНЫҚТАЙ аласыз


Мына ТӨРТ тұнба ҚАНДЫ тазалайды


Бұл БЕС тұнба БАУЫРДЫ тазалайды әрі емдейді