​ИММУНИТЕТТІҢ әлсіздігін білдіретін 10 БЕЛГІ

0
7 083

Иммунитетті қалай көтеруге болатынын білгіңіз келе ме?


​ИММУНИТЕТТІҢ әлсіздігін білдіретін 10 БЕЛГІ

фото: twitter.com

Иммунитет – ағзаның қорғаушысы. Иммундық жүйе ағзаны кез келген қауіптен сақтайды. Нақтырақ айтқанда, микробтан, вирустан, инфекциядан, суықтаудан қорғауға қабілетті.


Басты белгісі:

  • Тез шаршау, әлсіздік, қалжырау, түнгі ұйқының нашарлауы мен таңертең ұйқыдан шаршап ояну;
  • жылына 3-4 рет суықтап ауыру;
  • тері бездеріне сыздауық, шиқан, ұшық және іріңді бөртпелер шығу;
  • ауыз қуысындағы түрлі аурулар мен стоматит;
  • гайморит, бронхит ауруларының қозуы;
  • дене қызуының ұзақ уақыт бойы қалыпқа келмеуі;
  • асқазан, ішек жолдарының ауруы, тоқ ішектің қабынып ауруы мен дисбактериоз;
  • зәр-жыныс жүйесінің инфекциялық ауруы иммундық жүйенің әлсіздігін білдіреді.

Сонымен қатар, аллергиялық және онкологиялық аурулардың туындауына себепші болады.


Ал мына 10 белгіні байқағанда дереу иммундық жүйені нығайтуға кірісіңіз. Арнайы мамандардың кеңесін алып, қажетті ем-шараларын жүргізу керек. Әйтпесе, айықпас дерттің дендеуіне өзіміз себепші боламыз. Сонымен бұл белгілер иммундық жүйенің көмекке аса зәру екенін «айқайлап» айтуда.

фото: journalmydoc.com

1. Ұзаққа созылған іш өту немесе 2 аптаға жуық уақыт іш қату. Бұл ішектің жұмысының нашарлығын білдіреді.


2. Аяқ-қолдың ұйып немесе шаншып ауруы. Иммунитет жүйке мен тамырлардың жұмысына тікелей жауап береді.


3. Жиі суықтап ауыру және аурудың асқынуы да иммундық жүйенің әлсіреуіне себеп болады. Егер жылына 2 рет антибиотик қабылдаған болсаңыз, онда дереу иммунитетті қалыптастыру үшін іске кірісу керек.


4. Қолдың мұздап жүруі де жақсылықтың нышаны емес.


5. Үнемі қалжырау, қуаттың жоқтығы, ұйқының бұзылысы мен ылғи ашуланып, көңілсіз жүру де иммунитеттің әлсіздігінен дерек береді.


6. Терінің бөртуі. Тері – біздің қорғаушы мүшеміз. Сондықтан да оның жағдайы біздің иммунитетіміздің деңгейін айтып бере алады.


7. Шаштың түсуі де маңызды дерек. Бұл да иммундық жүйе туралы айта алады.


8. Буын аурулары. Иммунитеттің әлсіздігі тікелей буынға әсер етеді. Салдарынан буын аурулары пайда болады.


9. Салмақтағы өзгеріске де иммунитет жауап береді. Оның әлсіздігі қалқанша без және диабет ауруларының туындауына себепші болады. Оны дәрігерге барып нақтылау керек.


10. Күн көзіне сезімталдық. Күнге шыққан кезде терінің тез қараюы, қызарып бөртуі де иммундық жүйенің әлсіздігінен көрініс береді.


Иммунитеттің әлсіреуіне:

- экология, лас аймақта өмір сүру;

- дұрыс тамақтанбау, аштық, ұзақ уақыт диета ұстау;

- дәрумендер мен микроэлементтердің жеткіліксіздігі;

- ұзаққа созылған стресс;

- шамадан тыс физикалық салмақ салу;

- жарақат алу, күю, ота жасату;

- шылым шегу, алкоголь мен кофеин ішу;

- шамадан артық дәрі ішу;

- ұйқы мен демалыстың дұрыс болмауы себеп болады.


фото: journalmydoc.com

Иммунитетті қалай нығайту керек?

Бұл өзіңіздің қолыңызда. Бастысы саулығыңызға басты байлығым деп қарап, мына қарапайым ғана ережелерді сақтасаңыз болғаны.

  • Дұрыс тамақтану. Ағзаны қажетті дәрумендермен, микро-макроэлементтермен, құнарлы әрі нәрлі заттармен толықтыра алсаңыз, иммунитеттің көтерілуіне бір қадам болса да жасаған боласыз. Мейлінше құрамы А және С дәрумендеріне бай тағамдарды тұтынуға тырысыңыз.
  • Дұрыс ұйқы. Жайлы демалыс пен тыныш ұйқы да иммуниеттің саулығына жауап бере алады.
  • Қозғалыс. Әсіресе дене жаттығулары иммунитетті керемет деңгейге көтере алады. Әсіресе, жүгіру, жүзу, гимнастика, жаяу жүру, ыстық-суық душ қабылдау керемет көмектеседі.
  • Темекіден бас тарту.
  • Тазалыққа да мән беріңіз. Ішкі ағзаның саулығына алдымен тазалық жауап береді. Егер сіз ауыз, мұрын, тері және асқазан тазалығын өз деңгейінде сақтай алсаңыз, ағзаны инфекциядан қорғайсыз.


Материал түрлі дереккөздерінен дайындалды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЙОД жетіспесе АҒЗАДА қандай ӨЗГЕРІС болады?



ҚАЛАМПЫРДЫҢ қандай ЕМДІК қасиеті бар?