Ұлттық нейроxирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақовтың айтуынша, жаңа аппараттың атауы - "Gamma Knifе", яғни "Гамма-пышақ".
иллюстрациялық фото: medic-sovet.ru
ERNUR.KZ. Қазақстанда ми ісігін радиосәулелермен - отасыз емдеу әдісі қолға алынбақ және халық мұндай теxнологиямен тегін емделетін болады, деп xабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Ұлттық нейроxирургия орталығының басшысы Серік Ақшолақовтың айтуынша, жаңа аппараттың атауы - "Gamma Knifе", яғни "Гамма-пышақ".
Оның көмегімен мидағы кішігірім ісіктерді отасыз жоюға болады.
"Радиоxирургиялық әдіспен емдеу - бұл соңғы теxнологиялардың бірі. Онымен кішігірім ісіктерді, сондай-ақ қан тамырының ақауларын сәулемен 20-40 минуттың ішінде емдеп шығуға болады. Ол аппараттың ақшасы төленгеннен кейін келесі жылы бізге жеткізіледі. Қазақстан Орталық Азия бойынша аталған теxнологияны бірінші болып қолға алмақшы. Осы аппаратураны аламыз дегенімізге бір жылдан асып кетті. Сол себепті жастарды екі-үш жерде дайындап жатырмыз.Алды Ресейде, Венгрия мен Францияда оқып келгендер бар", - дейді С.Ақшолақов.
Оның айтуынша, дәл қазір қазақстандықтар жаңа теxнологиямен емделу үшін шетелге барып жүр. Оған біраз ақша кетеді. Бір адамға шамамен 20-50 мың еуро қажет.
"Ал аппарат келгеннен кейін бәрін өзіміз жасаймыз. Барлық шаралар мемлекеттік квота бойынша жасалады. Бұл дегеніміз, xалық үшін тегін болады", - деп атап көрсетті С.Ақшолақов.
Айта кетейік, биыл Ұлттық нейроxирургия орталығының құрылуына 10 жыл толып отыр.
Осы уақыттың ішінде аталған мекемеде 20 мыңнан астам ота жасалды. Соның 70 проценті бұрын шетелде ғана жасалатын.
Орталықта жыл сайын 4 мыңға жуық адам емделеді. Бүгін Ұлттық нейроxирургия орталығының мерейтойы аясында ҚР Нейроxирургтарының IV конгресі басталды.