Көк шай мен қара шайдың бауырға әсері қандай?

0
3 634

Жапондықтар мен қытайлықтар көк шайды бауыр ауруларының алдын алу үшін ішеді екен.


Көк шай мен қара шайдың бауырға әсері қандай?

Шай – бұл бүкіл әлем бойынша көп қолданылатын сусындардың бірі. Оның шөлді басып, ағзаны сергітетін әрі нәрлендіретін қасиеттері бар. Ал шайдың бауырға әсері қандай?

Жапондықтар мен қытайлықтар көк шайды бауыр ауруларының алдын алу үшін ішеді екен. Ал басқа бір зерттеулерге сүйенсек, қара шай бауыр клеткаларын алкогольді ішімдіктің әсерінен болатын бұзылыстардан сақтайды делінген. Осындай тұжырымдармен қатар көк шай мен қара шайдың бауырға келтірер пайдасы мен зияны жайлы тарқатып айтпақпыз.


Көк шай жоғарыда айтып өткеніміздей бауырды аты жаман аурулардан сақтауға септігін тигізеді. Аталмыш сусынды ішу арқылы біз бауыр жасушаларын қорғай аламыз. Оның құрамындағы өте көп мөлшердегі антиоксиданттар осындай күшке ие. Сонымен бірге бауырды түрлі токсиндерден тазартады.


Көк шай қандағы су-тұз алмасуын қалыпқа келтіріп, несеп айдайды. Мұның бәрі бауырдың жұмысын жеңілдететіні сөзсіз. Тіпті, көк шайдың бауырдың патологиялық ауруларының алдын алатын кереметтей әсері бар. Алайда көк шайды тым көп ішуге де болмайды дейді мамандар. Өйткені көк шайды шамадан асырып ішкенде бауыр жеткіліксіздігіне апарып соқтыруы мүмкін. Көк шайды күніне 3 шыныдан артық ішпеген абзал.


Қара шайдың бауырға әсері қандай?

Қара шай да көк шай секілді аурудың алдын алуға көмектесетін сусын. Күніне 2 рет қарай шай немесе кофе ішкен адамның бауыр ауруларына шалдығуы 25 пайызға төмендейді деген дерек бар.

Қара шайдың әсіресе қан қысымын төмендетіп, қан тамырлары ауруларымен ауыратындарға пайдасы зор. Сонымен қатар ыстық шайды ұрттап-ұрттап ішсеңіз өт жолдарын тазалап, өтте тастың пайда болуына жол бермейді.

Қара шайдың құрамындағы темір, мырыш, фтор, танин сияқты заттардың арқасында осындай әсерлер беріп, денсаулығыңыздың сыр бермеуіне септігін тигізетінін естеріңізге саламыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Жүкті әйел күйзеліске түссе баланың жынысына әсер етеді