​Қолтықтың ТЕРЛЕУІ қандай АУРУДЫҢ белгісі екенін білесіз бе?

0
35 105

Қолтықтағы кейбір проблемалар денсаулығыңыз жайлы айта алады


​Қолтықтың ТЕРЛЕУІ қандай АУРУДЫҢ белгісі екенін білесіз бе?

фото: milalink.ru

Қолтықта тер бөлетін тер бездері орналасқан. Егер күтім дұрыс жасалмаса, уақытылы тазалық жүргізілмесе, онда қолтық түрлі дертке шалдығады. Өздеріңіз білетіндей, қолтықта түк өседі, терлейді. Егер дұрыс күтім жасалмаса жағымсыз иіс шығады әрі басқа да жайсыздықтар орын алады. Десе де қолтықтағы кейбір проблемалар денсаулығыңыз жайлы айта алады. Мәселен:


Қолтықтың ТЕРЛЕУІ

Мұны медицина тілінде гипергидроз деп атайды. Қолтықтың терлеуі мезгілге де, уақытқа да, тіпті жасқа да қарамайды. Кейде аптап ыстықта жұмыс істегендерде байқалмайтын тер, қара көлеңкеде отырғандарда көрініс береді. Бұл адамды ыңғайсыз жағдайға әкеледі. Оны жасыру үшін денесіне қонымсыз киім киеді немесе терді көрсетпейтін қою түсті киімді таңдайды.

Қолтықтың терлеуі жұқпалы болады. Сондықтан да біреудің киімін киюден мейлінше сақ болыңыз. Қанша дезодорант қолдансаңыз да тершеңдігі басылмай, соңы жағымсыз иіске ұласып жатса, онда сізге шындап ойлану керек. Демек, қолтықтың терлеуі қандай да бір аурудың белгісі екені анық. Медицина мамандары инфекциялық ауру екені алға тартады. Олардың мәліметіне қарағанда, қолтықтың терлеуіне –

  • Артық салмақ;
  • Дұрыс тамақтанбау;
  • Стресс;
  • Эндокриндік аурулар (қалқанша без, қант диабеті);
  • Жүрек-қан тамыр аурулары;
  • Гипогликемия (қандағы қанттың төмендігі);
  • Қатерлі және қатерсіз ісік;
  • Дәріге тәуелділік себеп болады екен.

Ендеше, қолтықтың терлеуін емдеуден алдын, нақты себебін анықтап алыңыз. Қажетті тексерілуден өтіп, қажетті ем-шараларын жүргізіңіз. Сонда өміріңізге қауіп тудыруы мүмкін дерттің алдын аласыз.

фото: 101hairtips.com


Қолтықтағы ЖАҒЫМСЫЗ ИІС

Жағымсыз иіс - дезодорант қолданатын адамның бәрінде кездесетін жағымсыз жайт. Бұл көбінесе қолтықтың терлеуінен кейін туындайды. Тер кезінде бактерия пайда болып, ащы әрі жағымсыз иіс тудырады. Қолтықтағы жағымсыз иістің емі – душ қабылдау, дезодорант жағу, антиперспирант қолдану деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Керісінше бұлар жағымсыз иістің күшеюіне әкеледі.

Қолтықтағы жағымсыз иіс қалқанша без ауруынан немесе гормоналды өзгерістен пайда болады. Егер жағымсыз иіс көгерген жемістің немесе тырнаққа жағатын лактың иісіне ұқсаса, онда диабет ауруының басталғанынан хабар береді.


Қолтықтың ҚЫШУЫ

Мұндай жағдай қолтықты түгінен тазартқан соң болады. Алайда, бұл келеңсіздік ұзаққа созылса, сізге алаңдауға тура келеді. Өйткені бұл түкті тазартатын кезде қолданған кремнің, ұстара жүзінің, химиялық заттың немесе дезодоранттың әсерінен емес. Қолтықтың қышуы, қызаруы терінің зең ауруына шалдығуынан белгі береді.


Қолтықтың АУРУЫ

Көбінесе физикалық салмақ түсетін ауыр жұмыс істегенде, ауыр зат көтергенде орын алады. Біраз күн демалсаңыз, уақыт өте ауру басылады. Ал егер ауырғаны басылмай жаныңызға батса, онда дәрігердің кеңесін алғаныңыз жөн. Өйткені қолтықтың ауруы лимфалық түйіндердің ісікке шалдыққанынан немесе ауыр жарақат алғанынан дерек береді.

фото: express-ta.ru


Қолтықтың БӨРТУІ

Қолтық терісі ашытқыш инфекцияға шалдыққанда қолтық қызара бөртіп шығады. Ол ашиды, қышиды. Жаныңызға батып ауыртады. Оған өз бетіңізше ем жасаудан сақ болыңыз. Дәрігерге барып, арнайы ем қабылдау керек.


Қолтықтың ҚАБЫНУЫ

Қолтықтың суықтауы ел естімеген жаңалық болуы мүмкін. Алайда, қолтық да қабынып, ауырады. Ол қызарып, қышып, бөртіп және басқаша көрініс беруі мүмкін. Қолтықтың қабынуына түкті тазартатын құралды дұрыс қолданбау себеп болады. Мысалы, іскек (пинцет). Бұл құралмен түкті тазалаудан алдын спиртпен сүртіп алуыңыз керек. Сондай-ақ кез келген жерде тұрған ұстараны да қолданудан абай болыңыз. Ол да өз кезегінде түрлі дерттің дендеуіне себепші болады.


Ендеше, өзіңізде немесе жақыныңызда болып жатқан жайсыздыққа бей-жай қарамай, келеңсіздіктің алдын алуға тырысыңыз. Қолтық терлегенде қара түсті киім киіп, жағымсыз иіс шыққанда дезодорант шашып жайсыздықты жасырып керегі жоқ. Мейлінше, емін іздеп, жазылудың жолын қарастырыңыз. Аурудан айығудың ең төте жолы – дер кезінде ем алу екенін ескеріңіз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ШАШЫРАТҚЫ көздің КӨРУ қабілетін жақсартады


БРОККОЛИ есте сақтау ҚАБІЛЕТІН жақсартады


ИММУНИТЕТІ мықты бала ПНЕВМОНИЯМЕН ауырмайды – дәрігер