Егер иммундық жүйеңізді нығайтсаңыз, қауіпті вирустың да күшін жоя алады.
фото: orogold.ru
Тап қазір дүйім жұрт аса сақтықпен күн кешуде. Халық мейлінше құнарлы, нәрлі тағамдар тұтынып, тазалыққа, сақтыққа ерекше көңіл бөлген. Мамандар бұл қауіпті вирустан сақтанудың ең тиімді тәсілі – ҮЙДЕН ШЫҚПАУ екенін ескертуде.
Десе де:
- үйден шықпау;
- қолды жиі жуу;
- тамақты тұз сумен шаю;
- бетперде кию ЖЕТКІЛІКСІЗ.
Есесіне, ИММУНДЫҚ жүйені нығайту керек. Иммунитеті мықты адамға вирустың жұға қоюы екіталай. Сонымен «АЗ күнде ИММУНИТЕТТІ қалай КӨТЕРУГЕ болады?» деген сұрақтың тууы заңды. Оған жауап ретінде МЫНА АЛТЫ түрлі ДӘРУМЕНДІ ұсынамыз. Қаласаңыз дәріханадан сатып алып ішіңіз немесе құрамында аталған дәрумендер жинақталған азықтарды тұтыныңыз.
А дәрумені – күшті антиоксидант, сенімді қорғаушы. Бұл дәрумен тез қартаюдың алдын алады. Иммундық жүйені нығайтып, ағзаның қорғаныс қабілетін қуаттандырады. Аталған дәруменді қалаңыздағы кез келген дәріханадан таба аласыз. Ал егер таблетка ішу қиындық тудырса, онда А дәруменін ас үйіңізден іздеңіз.
фото: medvoice.ru
Сәбіз, ақжелкен, бұрыш, саумалдық, майлы балық, ет, бауыр, шиі жұмыртқа А дәруменінің қайнар көзі болып табылады.
В тобындағы дәрумен – иммунитетті көтеруге ықпал етеді әрі жүйкені тыныштандырады.
Күні бойы үйден шықпау күнделікті жұмыс жасайтындарға оңай соғып жатқан жоқ. Олардың арасында жүйкесі сыр беріп, ашумен дос болып жатқандары да бар шығар. Міне, осы жандарға В тобындағы дәруменді ішуге кеңес береміз. Оған қоса, балғын көкөністерді, дәндерді, бауыр мен жұмыртқаны көбірек жеңіз дегіміз келеді.
С дәрумені – маңызды антиоксидант. Бұл дәрумен адамға аса қажет әрі күнделікті ағзаны қамтып отыру керек. С дәрумені сізді әлсіздіктен, шаршаудан, енжарлықтан құтқарады. Иммундық жүйеңізді нығайтып, көңіл-күйіңізді көтереді. Сонымен қатар жүректің жұмысын жақсартады, ісік ауруынан сақтайды.
фото: malegrooming.ru
Тамаша қабілетке ие бұл дәруменді цитрусты жемістерден, картоптан, көктерден, қызанақтан, қырыққабаттан, жасыл және қызыл бұрыштан таба аласыз.
D дәрумені – кальций мен фосфор элементінің ағзаға оңай сіңуіне ықпал етеді.
Егер ағза бұл дәруменге тапшы болса, онда тіс пен сүйектің саулығы жоғалады. Егер мұндай жайсыздықтан сақтанып, иммундық жүйені нығайтқыңыз келсе, сиырдың бауырын, ірімшік, жұмыртқаны жиі жеңіз.
Е дәрумені – қантамырлар жүйесіне пайдалы. Ол қан қысымын қалпына келтіреді әрі жіңішке қан тамырларын қуаттандырады. Сонымен қатар қандағы қант мөлшерін реттеп отыратын қабілетке ие.
фото: newom.ru
Е дәруменімен ағзаңызды толықтырғыңыз келсе, онда ас мәзіріне жұмыртқаны, жаңғақты, авокадоны, салат жапырағын, күнбағыс дәнін және өсімдік майын көбірек косыңыз. Бұл азықтар Е дәруменіне бай екенін ескертеміз.
К дәрумені – иммунитетті көтереді. Ағзаның қорғаныс қабілетін күшейтіп, қанның дұрыс әрі жүйелі айналуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, қанның ұюына жол бермейді.
Ал бұл дәруменді қырыққабаттың кез келген түрінен, қиярдан, фасоль мен теңіз балдырынан аласыз.
Ардақты оқырман, біз ұсынған бұл дәрумендерді уақытылы қабылдасаңыз, денсаулығыңыз үшін алаңдамасаңыз болады. Егер иммундық жүйеңізді нығайтсаңыз, қауіпті вирустың да күшін жоя алады.
Дереккөз: rsute.ru
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Қауіпті ВИРУСТАН қорғану үшін МЫНА азық-түлікті көбірек пайдаланыңыз