Бауырды шлактан тазалау үшін арнайы ішетін дәрілер бар.
фото: virus-infekciya.ru
Бауыр – адам ағзасындағы ең маңызды мүше. Оның қызметін басқа ағза атқара алмайды. Егер бауырдың саулығы нашарласа бүкіл ағзаңызды әлсіретеді. Алдымен тері нашарлайды. Бетіңізге дақ басады, ауыздан жағымсыз иіс шығады, одан қалса, бойыңызды енжарлық билейді.
Есіңізде болсын! Бауыр бірден ауырмайды. Алдымен шлак толады. Уақытында тазаламасаңыз, соңы түрлі дертке алып келеді. Сондықтан да айықпас дерттің алдын алу үшін бауырды шлактан тазартыңыз. Ал бауырға шлак жиналғанын мына белгілер арқылы білуге болады:
- тіліңіз ісініп, қызыл күрең түске боялады;
- алақаныңыз қызарады;
- көздің ағы сарғаяды;
- саусақтардың еркін бүгіліп-жазылуы қиындайды;
- қабақ ісінеді;
- ер кісілерде шаш түсе бастайды.
фото: postila.ru
Жалпы, бауыр қанды фильтрден өткізетін «сүзгі». Ол ағзаға қажетсіз шлакты қан арқылы тазалайды әрі көмірсу мен майдың да түзілуіне ықпал етеді. Оған қоса, ағзаны A, D, E, K дәрумендерімен қамтиды. Бұл дәрумендер адамның физикалық қозғалысын жақсартып, қуаттандырады.
Негізінде бауыр өзін-өзі тазарта алады. Тек қана оған мүмкіндік беру керек. Егер тынымсыз тамақ жесеңіз, дәріні көп ішсеңіз, қозғалысыңыз аз болса, онда бауыр өз жұмысын ойдағыдай атқара алмайды. Бастысы, бауырдың жұмысының жандануына жағдай жасауымыз керек. Бауырдың қызметін жақсарту үшін ұйқы, тамақ, қозғалыс маңызды рөл ойнайды. Егер мына 9 белгіні байқасаңыз, жедел түрде бауырды тазалау ісіне кірісіңіз.
1. НЕСЕП пен НӘЖІСТІҢ түсі ӨЗГЕРСЕ
Несеп пен нәжістің түсі мен иісі өзгерсе, онда сіздің ағзаңызда қандай да бір өзгерістер болып жатқанын білдіреді. Бұл өзгеріс несеп жолдарының, асқазан мен ішектің дұрыс жұмыс істемей жатқанын айғақтайды. Ең бастысы, бауырдың зардап шегіп жатқанын білдіреді. Егер дәреттің түсі тым ашық немесе тым қою болса, онда бауырда улы заттар бар деген сөз.
2. АСҚАЗАН ТҮЙІЛІП АУЫРСА
Асқазанның суықтап немесе түйіліп ауырсынуы бауырға шлак толғанын білдіреді. Көп жағдайда бауырға уытты заттар жиналса асқазан ісініп, түйіліп ауыратын болады.
3. ТЕРІ ТІТІРКЕНСЕ
Бауырға шлак толғаннан тері тітіркенгіш болады. Бірден денеңіз қышып, бөртіп бастайды. Салдарынан тері қабынып, құрғай бастайды. Мұның шешімін табу үшін ылғалдандыратын крем, мазь жағамыз. Алайда терінің сыртын уақытша әдемілегенімен, іштей емдемейінше тері саулығын жақсарта алмайсыз.
фото: YouTube
4. ҚЫЖЫЛ
Қыжыл – асқазан мен бауырдың саулығының нашарлағанынан пайда болады. Тамаққа тойып алған соң, кейбіреулерде қышқыл немесе тәтті тағам жеген кезде асқазаны қыжылдап мазалайды. Бұл бауырға шлак жиналғанын білдіреді.
5. ІШ ӨТУ
Іштің өтуіне бір емес, бірнеше жағдайлар себеп болады. Соның бірі шлак. Ол егер бауырға жиналса, онда ішіңізді өткізіп, несеп жолдарына кері әсерін тигізеді. Егер сіздің еш себепсіз ішіңіз өтсе, онда дереу бауырды тазалауды бастаңыз.
6. ҮНЕМІ ШАРШАП ЖҮРСЕҢІЗ
Бауыр шлакқа толған кезде қанды тазалау күші әлсірейді де, ағзаны оттегімен еркін қамтамасыз ете алмайды. Салдарынан адамның ойлау қабілеті мен физикалық белсенділігі төмендейді. Одан бөлек, бойын бойкүйездік басып, шаршап жүреді.
7. ТӘБЕТ ТӨМЕНДЕЙДІ
Адамның кейде тамаққа тәбеті болмайды. Есесіне, тәттіден бас тартпайды. Ал егер сізде тамаққа да, тәттіге де, дәмді тағамдарға да тәбет жоғалса, онда оған белгілі бір себеп бар. Оның біреуі – бауырға шлак жиналған болуы мүмкін. Егер бауырға шлак жиналса, онда тамақты қажет етпейді.
8. СҰЙЫҚТЫҚТЫҢ АЗДЫҒЫ
Бұл көп жағдайда бүйрегі бауыратындарда кездеседі. Сұйықтықтың аздығынан өкше, аяқ, көз ісініп, бүйректің сыр бергенін білдіреді. Мұндай жағдай бауырға шлак толғанда да көрініс береді екен.
Ағзадағы сұйықтықтың аздығын арнайы сараптама жасатып білудің керегі жоқ. Бар болғаны саусағыңызбен кез келген теріңізді бірнеше секунд басып тұрыңыз. Егер із қалса, онда ағзаның сұйықтықтапшылығына ұшырағанын білдіреді.
фото: noteru.com
9. ТЕРІНІҢ САРҒАЮЫ
Тері түсінің өзгеруі ағзадағы кері өзгерістердің әсерінен болады. Көп жағдайда бауыр ауруға шалдыққанда тері өзгеріп бастайды. Оған билирубиннің көбеюі себеп болады. Сондықтан да бауырдың саулығын жақсарту арқылы бүкіл жанымыз бен тәніміздің саулығын жақсартады екенбіз.
БАУЫРҒА ЗИЯНДЫ ЗАТТАР:
- физикалық қозғалыстың аздығы;
- алкогольді көп ішу;
- арықтау үшін химиялық қоспаларды ішу;
- майлы тағамға құмарлық;
- ауруды басатын дәрілер БАУЫРҒА өте зиян.
БАУЫРҒА ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАР:
Бауырдың саулығын жақсартып, уыттан тазартқыңыз келсе, ең алдымен тамақтану мәзіріңізді өзгертіңіз. 2 аптаға немесе 1 аптаға арнайы ас мәзірін, тамақтану уақытын белгілеңіз. Тұтынатын тағамның ішінде:
- кәді, қызылша, асқабақ, гүлді қырыққабат, сәбіз;
- алмұрт, шабдалы, банан, өрік, алма;
- бал;
- куркума;
- творог;
- жармадан дайындалған ботқа міндетті түрде болу керек.
Оған қоса, салмағыңызға қарай тиісті мөлшерде сұйықтық ішіңіз. Айталық, 1 келіге 30 мл сұйықтық ішу маңызды!
Дереккөз: econet.ru
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Аяқ-қолдың МҰЗДАУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?
Баланың МҰРНЫ бітіп ТЫНЫС алуы қиындаса ТҮЙМЕДАҚ ТҰНБАСЫН тамызыңыз