​Мына ТӨРТ түрлі ДЕРТКЕ шалдыққандарға БАНАН жеуге БОЛМАЙДЫ

0
9 856

Бананды мейлінше түске дейінгі уақытта жеу керек


​Мына ТӨРТ түрлі ДЕРТКЕ шалдыққандарға БАНАН жеуге БОЛМАЙДЫ

фото: fb.ru

Банан – көңіл-күйді көтеретін, стресс деңгейін түсіретін, иммунитетті нығайтатын жеңіл азық. Ауруханада жатқан кез келген науқасқа тамақ апаратын кезде міндетті түрде жанына банан мен алма қосатынымыз анық. Тіпті тісі енді ғана шығып жатқан кішкентайларға да бананды езіп береміз. Былайша бананға сіңімділігі жеңіл, пайдалы қасиеті мол әрі дәруменге бай тағам ретінде қараймыз. Десе де бананның да шектелетін кезі болады екен. Нақтырақ айтқанда бананның ағзаға зиянды жағы анықталды және кей дертке шалдыққан науқастарға да банан жеуге тыйым салынды.


Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, бананның құрамында аллергия тудыратын серотонин заты бар көрінеді. Әсіресе, бананмен бірге грек жаңғағын, бадам, шоколад жесеңіз, теріңіз «гүлдеп» шығады екен. Сонымен қатар калорияға бай бананды семіздікке бейім жандарға жеуге болмайды.

фото: lechenie-simptomy.ru

БАНАН:

  • ағзадағы сұйықтықтың жылдам шығуына;
  • қанның қоюлануына;
  • көктамырдың қабынуымен қабат қан қуысының тығындалуына;
  • варикоздың пайда болуына;
  • инфаркт пен инсульт алуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, 50-ден асқандарға да банан жеуге кеңес берілмейді. Өйткені бананның құрамындағы крахмалдың сіңуі қиындайды да салдарынан газ жиналып, іштің кебуіне әкеледі. Бұл жайсыздық үлкендер түгілі, жастарға да, тіпті кішкентайларға да айтарлықтай кері әсер етеді.


Сонымен БАНАНДЫ қандай АУРУМЕН ауыратындарға жеуге БОЛМАЙДЫ?

Батыс ғалымдары мына дертке шалдыққандарға банан жеуге болмайтынын дәлелдеді.


ҚАНТ ДИАБЕТІ


фото: psinom.ru

Диабетке шалдыққан науқастарға таза піскен банан жеуге болмайды. Себебі науқастың қант мөлшері көтеріліп кетеді. Егер аталған жеміске соншалықты аңсарыңыз ауса, көкшіл түсті, дәмі қышқыл жемісті таңдағаныңыз жөн. Таза піскен бананның шырыны науқастың жағдайын нашарлатып, саулығының сақталмауына әсер етеді.


СЕМІЗДК

Артық салмақпен күресіп жүргендерге де банан жеуге тыйым салынады. Өйткені банан қантқа бай. Салдарынан қандағы қант деңгейі көтеріліп, зат алмасу қиындайды. Бұл өз кезегінде май клеткаларының көбеюіне септігін тигізеді.

Сондай-ақ, ишемиялық ауруға шалдыққандарға да банан жеуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, банан қанды қоюландыратын ең қауіпті жеміс екенін ескеріңіз.


ВАРИКОЗ


фото: ydoo.info

Банан – ағзадағы сұйықтықтың жылдам шығуына ықпал етеді. Ағзадағы сұйықтық азайса қанның қоюланатыны белгілі. Ал қан қоюланғанда тамырдағы қанның ұю қаупі туады. Сондықтан да инсульт, инфаркт алғандарға, көктамыры әлсіздерге бананды өте абайлап жеуге кеңес береміз.


АСҚАЗАН

Егер сіздің асқазаныңызда, ас қорыту жүйесінде қандай да бір ақау болса, онда банан жеуге болмайтынын біліңіз. Сонымен қатар, іші жиі өтетіндерге де ескертеміз. Себебі банан құрамындағы жасұнықтың әсерінен өте баяу қорытылады. Ал ол іш пен ішектің кебуіне әкеледі. Өздеріңіз білетіндей, жасұнық – ішектің тез босауына септігін тигізеді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: eko-jizn.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ГЕМОРРОЙДАН құтқаратын БЕС емді біле жүріңіз


АСПИРИНді КІМГЕ ішуге БОЛМАЙДЫ?


ЛИМОН қабығы ДИАБЕТ ауруын ЕМДЕЙДІ