​ШАЙДЫ тым көп ішу НЕНІҢ белгісі

0
15 868

Шайды артығымен ішкендердің қандай ауруға шалдығатынын білгіңіз келе ме?


​ШАЙДЫ тым көп ішу НЕНІҢ белгісі

фото: ru.korupciya.com

Шай – әлем халқының ең сүйікті сусыны. Тіпті, бас ауруын шай ішумен емдейтіндер де бар. Осы орайда, шайдың орны қашанда бөлек деп қарайтындар үшін аз-кем мәлімет бере кетейік.


Сіздің сүйіп ішетін сусыныңыз туралы медицина мамандары оң пікір айтпайды. Десе де мөлшерімен ішудің зияндылығы жоқтығын да ескертеді.

Шай – шөлді басады, ағзаны қуаттандырады, холестерин деңгейін реттейді әрі жүрек қан-тамыр жолдарының ауруын емдейді. Алайда шайды тым көп ішу – бір емес, бірнеше аурудың белгісі екендігін ескертеді. Шайды артығымен ішкендердің қандай ауруға шалдығатынын білгіңіз келе ме? Олай болса, оқуды ары қарай жалғастырыңыз...

фото: sovet.boltai.com

1. Қаназдық – бірінші белгісі. Шайды көп ішу ағзадағы темірдің жуылып кетуіне септігін тигізеді екен. Шай танинге өте бай. Бұл заттар белгілі бір тағамдардағы темірді ас қорыту жолына сіңіре алмайтын етеді. Салдарынан теміржеткіліксіздігі пайда болып, адам қаназдыққа шалдығады. Қаны азайғандардың басы ауырады, көзі қарауытып, басы айналады. Сонымен бірге шашы түседі, тырнағы сынғыш келеді, терінің түсі нашарлап, саулығынан айырылады.

Бұл жайсыздықтан арылғыңыз келсе шайды шектеп ішуді әдетке айналдырыңыз. Сондай-ақ, тамақпен бірге шай ішуден сақтаныңыз.


2. Стресс – екінші белгісі. Шайдың жапырағында кофеин бар. Ол адамды мазасыздыққа, стресске шалдығуға алып келеді. Еш себепсіз үнемі қобалжу, абыржу, алаңдау секілді жайсыздықтан арылғыңыз келсе, шайдың мөлшерін азайтыңыз. Қара шайдың орнына түймедақ, жалбыз демдеп ішкеніңіз әлдеқайда пайдалырақ болмақ.


3. Ұйқысыздық – үшінші белгісі. Сізді тәтті ұйқыңыздан айыратын шайдың құрамындағы кофеин болып табылады. Шай басыңыздың ауырғанын қойдырғанымен, ішіңіздегі алай-дүлейді баса алмайды. Жаныңызға тыныштық сыйламайды. Егер жайлы жатып, жақсы түстер көргіңіз келсе, жатар алдында шай ішпеуге тырысыңыз. Орнына сүт немесе айран ішуге кеңес беретін едік.


4. Жүрек айну – төртінші белгісі. Әсіресе, қою демделген шайдан келетін қауіп басым. Ал ашқарынға ыстық шай ішсеңіз, саулығыңызға айтарлықтай зиян келтіргеніңізді біле жүріңіз. Бұл кезде ішіңіз, асқазаныңыз ауырып, жүрегіңіз айниды. Бұл жайсыздыққа шайдың құрамындағы танин себепші болады.

фото: almaty-akshamy.kz

5. Қыжыл – бесінші белгісі. Оның пайда болуына кофеин себеп болады. Қыжылды емдеу үшін дәрі ішпеңіз, керісінше шайдың мөлшерін азайтыңыз. Екі күннен соң-ақ оң нәтижесіне көз жеткізесіз.


6. Бас ауру – алтыншы белгісі. Ғалымдардың айтуына қарағанда 100 мг кофеин бастың ауруына себеп болады екен. Егер сіз басыңыздың ауырғанын шай ішіп емдеп жүрген болсаңыз, бүгіннен бастап керісінше әрекетке барыңыз. Яғни, бас ауруын шай ішпей емдеңіз. Алғашында қиындық туғызады. Алайда оң нәтиже беретініне күмәніңіз болмасын!


7. Бас айналу – жетінші белгісі. Бастың айналуына кофеинді көп қабылдау әсер етеді. Бұл көбінесе күніне 6-12 шыны шай ішкен кезде көрініс береді.


Таңын шай ішумен атырып, күнін шай ішумен батыратындар үшін бұл кеңестер қажетсіз болар. Десе де уақыт өте шай мөлшерін реттегеніңіз абзал. Саулығыңызды сақтағыңыз келсе, ең тиімді тәсілді ұсынамыз. Ол үшін әр күн сайын 1 шыны шайды кемітіп отырасыз. Айталық, бүгін 5 шыны шай ішсеңіз, ертең 4 шыны шайды қанағат етіңіз. Сонда ағзаны да, өзіңізді де бірқалыптылыққа үйретесіз.


Материал түрлі дереккөздерінен дайындалды

Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚАЛАМПЫРДЫҢ қандай ЕМДІК қасиеті бар?


ИММУНИТЕТТІҢ әлсіздігін білдіретін 10 БЕЛГІ