​ТЕЗ арықтау ҚАТЕРЛІ ІСІКтің белгісі болуы мүмкін

0
6 127

Диета ұстап, спортпен шұғылдану арқылы артық салмақтан арылсаңыз қуана беріңіз. Алайда салмағыңыз өздігінен азаятын болса, онда бұл қандай да бір қауіпті аурудың белгісі болуы ғажап емес. Салмақтың бірден ауытқуы – ағзадағы жайсыздықтан, қандай да бір өзгерістен хабар береді.


​ТЕЗ арықтау ҚАТЕРЛІ ІСІКтің белгісі болуы мүмкін

3-6 ай аралығында дене салмағының 5-10 пайызын жоғалтатын болсаңыз міндетті түрде медициналық тексеруден өтіңіз. Сондай-ақ, өз өмір сүру дәстүріңізді бір сәт ой елегінен өткізіп көріңіз. Мамандардың пайымдауынша арықтауға мына жағдайлар бірден-бір себеп болуы мүмкін екен.


Қатерлі ісік

Онкологиялық аурулар салмақтың азаюына әсер етеді. Өйткені мұндайда адам ағзасы қатты қабынып тұратындықтан бұлшықет пен майларды жоғалтады екен.

Стресс

Қатты стресс алған жағдайда да тәбет қашып, мида кортикотропин гормоны түзіліп, ол қарынның ашуын болдырмайды. Сонымен бірге ағза адреналин гормонын жасап, қауіп-қатерге, сырттан келетін кез келген жағдаймен қарсыласуға дайындалады. Ал, бұл уақытта ағзаның асқа деген мұқтаждығы болмайды.


Ішек аурулары


Ішек аурулары ағзаның пайдалы заттарды сіңіруіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде адамдар қалыпты тамақтанғанымен арықтай беретін болады. Егер ішек айналасы ауырып, мазаны қашыратын болса, гастроэнтеролог дәрігерге көріну міндетті.


Қант диабеті

Қант диабетіне шалдыққандардың көбі салмақ жоғалтады. Себебі денеге қант көп жиналып, оны энергия ретінде жұмсай алмайды. Денеміз мұндайда майлар мен бұлшықет тіндерін жиыратын болады. Арықтауға қант диебеті себеп болып жатқанын қатты тершеңдіктен, несепті ұстамауынан, іштің қатуынан да байқай аласыз.


Қалқанша без аурулары

Зат алмасу жүйесінің қалыпты жұмыс істемеуінен салмақ тастау байқалады. Мысалы, қалқанша безінің жылдам жұмыс істеуі зат алмасудың да жылдамдауына әкеп соқтырады. Осыдан соң арықтау процесі жүре бастайды. Қалқанша без ауруының басқа белгілеріне – тамыр соғысының жоғарылауы, ұйқының бұзылуы және т.б. кіреді.


Құздамалық артрит (ревматоидный артрит)

Аты айтып тұрғандай аталмыш ауру ағзада пайда болса, буындар зақымдалып, созылмалы ауруларға айналады. Ағзаның осы ауруға қарсы күресуі әсерінен адам көп энергия жоғалтады. Нәтижесінде майларды жиырып, ағза әлсірей бастайды. Құздамалық артрит те басқа аурулар секілді салмақтың осылайша азаюына өз әсерін тигізеді екен.


Ішек құрттары


Ішекте құрттың болуын салмақтың азаюынан деп болжайды. Шынында да көптеген құрттар арықтауға себеп болады дейді мамандар. Әсіресе гельминттер мен асқазан-ішек жолдарындағы қарапайым құрттар тез арықтауға әсерін тигізеді. Ал, тәбетіңіз қашып, жүрек айныса, лоқсу пайда болса да ішекте құрттың болуынан хабар береді.


Салмағыңыз күрт азайып, асқа тәбетіңіз болмаған жағдайда дәрігерге қаралып, кеңес алыңыз. Тексерулерден өтіп, қорытындысы шыққан бойда емделуге асығыңыз.

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тілдегі ДАҚ мына АУРУ туралы айтады


ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керектігін БІЛЕСІЗ БЕ?


Несептің ТҮСІ мен ИІСІ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?