Тілдегі дақты тазалау, аурудан айықтырмайтынын біле жүріңіз
фото: vendermatolog.com
Тіліңіздің жағдайы бауыр мен басқа да органдардың саулығы туралы айта алады. Дәрігерлер кез келген аурудың алғашқы белгісі тілде көрініс беретінін айтады. Дәрігерге тексерілуге барсаңыз алдымен тіліңізді көреді. Мұны өздеріңіз де талай байқаған боларсыздар. Өйткені бауыр, асқазан, ас қорыту, жүйке ауруларын тілдегі дақ арқылы анықтауға болады. Сонымен тілдегі түрлі дақтар қандай аурудың сипаттамасы екенін біліп алайық.
Америкалық ғалымдар тіс пен қызыл иектің саулығы бас ауруы пен қарттыққа айтарлықтай кері әсер ететінін анықтапты. Олардың айтуынша, нашар тіс пен қабынған қызыл иек қартайғанда ақыл-естің кемуіне әкеледі екен.
Тілдегі СҰР ТҮСТІ дақ – асқазан-ішек жолдарының ауыратынын білдіреді. Одан бөлек, құлақ, тамақ, мұрын ауруларының сыр бергенін айтады.
Жалпы, тіл – асқазанның айнасы делінеді. Өйткені асқазан, ішек, гастрит, тоқ ішектің қабынуы секілді аурулар да тіл арқылы хабар береді. Дәрігерлер асқазандағы проблема тілге дақ болады, ал ішектегі проблема тілдің ойылуына әкеледі дейді.
Сондай-ақ, тілдегі дақ тамақтың созылмалы ауруынан пайда болады. Сондай-ақ, стоматит, тонзиллит, фарингит аурулары пайда болғанда да тілді сұр түсті дақ басады.
Фото © Shutterstock
Тілдегі АҚ ТҮСТІ дақ – тоқ ішектің саулығының сыр бергенін айқындайды. Егер ішекте құрт, шлак болса немесе ішіңіз өтіп, ауырса тілге дақ басады екен. Тіпті, іш қату да тілдің ағаруына себепші болады. Сонымен қатар, бауырдың да жұмысының нашарлағанын білдіреді. Ал тіс түбірінің жағдайы тоқ ішек пен бүйректің саулығынан хабар береді. егер тіліңіздің үсті емес, жан-жағы ағаратын болса, онда тыныс жолдарын тексерткеніңіз жөн. Тыныс алу жолдары сыр бере бастағанда тілді ағартады.
Тілдегі КАРТА тәрізді дақ – тіл аурын білдіреді. Одан бөлек, жүйке, қалқанша без, иммундық жүйені тексерту керек. Бұл кезде сізге дереу гастроэнтеролог немесе невролог дәрігерінің кеңесін алу қажет болады.
Мұндай дақ темекі шегетіндерде, ағзасына дәрумен жетіспейтіндерде жиі кездеседі.
Тілдегі ҚОҢЫР ТҮСТІ дақ – ағза В тобындағы дәруменге тапшы болғанда пайда болады. Оған қоса, тілдері тілімденеді.
Фото © STARTSMILE
Тілдегі ҚЫЗЫЛ немесе АШЫҚ ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ дақ – қан тамырлар жүйесі мен тыныс алу жүйесінің ауруға шалдыққанын білдіреді. Сонымен қатар, ағзаның қабынғанынан да дерек береді.
Тілдегі КӨГЕРГЕН түс – тыныс алу жолдары мен өкпенің саулығының нашарлағанынан, ауа жетіспеушілігінен пайда болады.
Тілдегі ҚАРА дақ – ас қорыту жолдарының жұмысының нашарлағанын білдіреді. Оған қоса, өт қабы, ұйқы безінің жұмысының бұзылғанын айқындайды. Егер ағзада қышқыл көбейсе де тілге қара дақ басады.
Тілдегі САРЫ немесе ҚОҢЫР ТҮСТІ дақ – бауыр және қалқанша без ауруынан дерек береді.
Фото © artestom
Тілдің ҚАЛЫҢДАУЫ – бауыржетімсіздігінен болады екен. Қалқанша без ауруы да осылай көрініс беретін көрінеді. Сондай-ақ көк талақтың қуаты әлсірегенде де тіл ісініп, қалыңдайды.
Тілдің ЖІҢІШКЕРУІ – қан ауруларынан хабар береді. Сонымен қатар ағзаға минералдар мен нәрлі заттар жетіспегенде, ішектің жұмысы бұзылғанда, онкологиялық ауруға шалдыққанда тіл жіңішкеріп қалады.
Тілдің СОЗЫЛУЫ – жүрек-қан тамыр ауруларынан дерек береді.
Тілдің ДІРІЛДЕУІ – жүйке ауруларын айғақтаса, ал тілдің ҚҰРҒАУЫ – уланудың, диабет ауруының, тіс ауруларының және дәрументапшылығының белгісі болады.
Дереккөз: life.ru
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керектігін БІЛЕСІЗ БЕ?
ҚАНДЫ үш ӘДІСПЕН тазарту арқылы МЫНА аурулардан айығасыз