Желкеге ТҰЗ қайдан және қалай ЖИНАЛАДЫ

0
27 178

Тұз жиналғанын қалай білеміз?


Желкеге ТҰЗ қайдан және қалай ЖИНАЛАДЫ

фото: centr-mozga.ru

Мойынның қытырлауы, қозғалуының қиындауы, бірден бұрылған кезде ауруы – желкеге тұз жиналғанын білдіреді. Мұны дер кезінде емдемесе соңы остеохондроз ауруына ұласады. Тұз жиналу уақыт та, жас та, адам да таңдамайды. Кез келген жастағы адамды өз құрығына іліндіреді. Сондықтан да мойынға жиналған тұзды уақытында кетіруге қамданыңыз.


Желкеге тұздың жиналуына:

  • Семіздік, артық салмақ;
  • Қозғалыстың аздығы;
  • Бір орында отырып жұмыс істеу;
  • Омыртқаның жарақат алуы;
  • Зат алмасудың бұзылуы;
  • Үнемі ауыр зат көтеру;
  • Жиі стресс алу;
  • Арқаға жүк арқалау;
  • Ұзақ уақыт ыңғайсыз жату;
  • Шылым шегу мен ішімдік ішу;
  • Арқа омыртқаның қасаюы;
  • Дұрыс тамақтанбау себеп болады.

Мұны емдеу ұзақ уақытқа созылады. Бұл дертке әсіресе кеңседе отырып жұмыс істейтіндер, тігіншілер шалдығады екен. Тұзды біртіндеп кетірмесе омыртқа арасында жарық, ісік пайда болып, жүйке жүйесі нашарлайды.

фото: ok.ru

Мойынға тұздың жиналғанын қалай білуге болады?

  • Басты бұрғанда ауырсыну байқалады. Ауырсыну бастың артқы жағына, иыққа, құлаққа таралуы мүмкін. Кейде, қабынған жүйке ұштарына байланысты ауырсыну тіпті қолға да өтеді.
  • Басыңызды бұрғанда сықыр естіледі. Тіпті, басты кілт бұру мүмкін болмайды. Бұрған жағдайда біреу шерткендей әсер аласыз.
  • Құлақтан шуыл естіледі. Әсіресе, төсектен тұрған кезде құлағыңыз шуылдайды. Оған қоса, басыңыз айналып, көзіңіздің алды қарауытады. Бұл бірнеше секундтан минутқа жалғасады.
  • Көру қабілеті төмендейді. Тұздың әсерінен көзге қажетті қан мен оттегі жетіспейді.
  • Жүрген кезде аяғыңыз бірден ұйып қалуы мүмкін. Қан қысымыңыз көтеріліп, жұмыс істеуге қабілетіңіз нашарлайды.

Міне, мұның бәрі мойынға тұз жиналғаннан болады.

Мойынға жиналған тұздың қауіптілігінен – бас миы, есту және көру қабілеті төмендейді. Оған қоса, құсу, қан қысымының көтерілуі, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ақыл-естің кемуі пайда болады.


фото: veteranrostovdon.ru

Емделу жолдары қандай?

Мойынға жиналған тұзды кетіруге болады. Бірақ 7-10 күн ем алу жеткіліксіз. Оған айтарлықтай уақыт керек. Сонымен қатар күтім, дұрыс тамақтану да маңызды рөл ойнайды. Мүмкіндігінше НЕВРОЛОГ дәрігердің қабылдауына жазылып, ем жүргізгеніңіз жөн болады. Дәрігер сізді толық тексеруден өткізген соң қажетті ем жасайды. Алдымен бұлшық еттің ауырғанын басатын дәрі береді. Мойынның қан айналымын реттейді, омыртқаның жағдайын жақсартады, зат алмасуды қалпына келтіреді. Бұл үшін тек дәрі ішу жеткіліксіз. Мейлінше жиынтық ем алыңыз. Тұзды кетіруге физиотерапиялық ем керемет көмектеседі. Оған қоса, компресс, мазьдың да көмегі бар.


Дереккөз: orto-optima.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына ТОҒЫЗ белгі БАУЫРҒА шлак толғанын білдіреді


Баланың МҰРНЫ бітіп ТЫНЫС алуы қиындаса ТҮЙМЕДАҚ ТҰНБАСЫН тамызыңыз


Іші ӨТКЕН балаға АНАР ҚАБЫҒЫНЫҢ тұнбасын ішкізіңіз