​«Күйеуімді тауықтан қызғандым»: түркістандық әйел күйеуінің қызығын айтып берді

0
13 155

«Күйеуім әлі күнге дейін мені мазақтап күледі»


​«Күйеуімді тауықтан қызғандым»: түркістандық әйел күйеуінің қызығын айтып берді
иллюстрациялық сыйлық ашық дереккөзден алынды


«Әр адамның есіне түскенде қызарақтап, ұялып, күліп алатын бір қызық оқиғасы болады ғой. Жақында менің жас күнімдегі бір оқиғаны есіме алып, күйеуім екеуміз күліп алдық. Соны сіздерге айтып берейінші», - деп хабарласты Салима есімді әйел.


Түркістанның шалғай аудандарының бірінде тұратын оқырманымыз күйеуін тауықтан қызғанған кезін ERNUR.KZ тілшісіне әңгімелеп берді.


«Басқа өңірді қайдам, біздің оңтүстікте екі-үш баламен шектелгендерге тыныштық жоқ, рас қой, иә? «Жас кезіңде туып-туып алмайсың ба?» деп басталатын ақыл айтқыштар көп. Сондықтан біздің өңірде кемі 4-5 балалы болмай, келіндер жағы тоқтамайтын.


Өзім де қазір жеті баланың анасымын. «Мен бар кезде туып ал, қарап беремін, көмектесем» деген енеміздің сөзін өмірлік ұранымыз етіп жылма-жыл бала таба беріппіз. Үлкен үшеуінің арасы екі жасқа жетпейді. Ауылдың амбулаториясында істейтін дәрігерлер барған сайын ұрысатын. «Өзіңнің ахуалың мынау, неменеге туа бересіңдер осы?! Тым болмаса үш жыл күтінсейші» деп зіркілдеуші еді.


Үшінші баламнан кейін екі жылдан соң төртіншісіне аяғым ауырлады. Қорқа-қорқа дәрігердің алдына бардым. «Осы сендерде ми жоқ па?!» деп тағы сөйледі. «Енең қарап берем десе туа бергені несі?! Күтіну, сақтану дегенді білмейсіңдер ме?» деп қасында отырған мейірбике де сөзге араласты. Не керек, үйтіп-бүйтіп жүріп төртінші баламды босанып алдым.


Перзентханадан үйге келіп, қырық күн шілдемнен шығып жатқам. Әлгі ұрысқақ дәрігер үйге іздеп келіпті. «Қазір осындай акция жүріп жатыр, тегін таратып жатырмыз. Енді тума, өзіңді күт, мынамен сақтаны жүр» деп 100 дана мүшеқап тастап кетті. Онысы кәдімгідей көп, нан салатын пакетпен бір пакет болады екен, тартпаның түбіне қарай тығып тастадым.


Анда-санда «мынаны көреміз бе» деп күйеуіме жымың қағам, не керек, бір күні дәрігердің сыйлығын пайдаланып көрейік деп шештік. Бірақ күйеуіме ұнамады. «Құрысын, әбіржіп кеттім» деген соң ол пакет ашылмаған күйі тартпада тұрған. Сонымен арада жарты жылға жуық уақыт өтті. Қыс өтіп, жаздық киімдерді шығаратын уақытта тартпаның бәрін қопарып, жинастырдым.


Қызықтың бәрі осы кезде басталды. Пакет толы мүшеқаптан азғантай-ақ қалыпты. Саусақпен санарлық. Жүрегім зу ете қалды. Тура бір күйеуім шетінен алып, біреумен көзіме шөп салып жатқандай елестеп кетті. «Басқа жерде түсіп қалған шығар» деп тартпалардың бәрін ақтарып шықтым. Жоқ! Құдды бір алтынымды жоғалтып алғандай ызам келсін...


Ашуға булыққа әйелде ақыл бола ма, сыртқа шығып алып атын атап айқай салдым. Қора жақта сиырларға шөп салып жүр екен, «Не болды-ей, айта берші, баруға уақытым жоқ» деп жауап берді. «Айта берші» деп тұрса айтпай бәле көрініп пе, «Анау пакеттегі «презервативтер» қайда?! Тез жауап бер» деп бақырдым. Үйде енем отырған, ол да түк түсінбей «не жоғалды, түсіндіріп айтсайшы» деп шығып келе жатыр.


«Уақытым жоқ» деген күйеуім лезде жаныма келіп, «ұятсыз, сонша айқайлағпның не, жүр, бері кел» деп қора жаққа сүйреп ертіп кетті. Сонда да тоқтамаймын ғой, «Кім ол, кімге қолдандың оны?! Айт шыныңды» деп жылап келем. «Тауыққа қолдандым! Ал, шындық керек болса айтайын» деп күйеуім бақырып жіберді. «Қайдағы тауық?! Не айтып тұрсың» деп одан сайын жылаймын ғой әлгі жерде. Қайтем енді, ішім сенетін емес, «бұл менен басқа біреуді тауып алған» деген арам ой миыма кіріп алған.


Сөйткенде күйеуім мені тауық кепеге ертіп апарды. Қарасам расында да мүшеқаптарға жүгері, бидай дәндерін толтырып салып, бір сымның бойына тізіп байлап қойыпты. Әлгіні көрсем де түк түсінбей тұрмын. «Көрдің бе, іздеген «алтының» осы жерде тұр. Бар енді, апама масқара болмай тұрғанда үйге кір!» деп қуып шықты.


Ашуым тарқап, кешке оңаша қалғанда күйеуімнен кешірім сұрадым. «Ол мүшеқаптардың тауыққа қандай пайдасы бар?» деп бәрін сұрап алдым. Сөйтсем ауылдың кейбір адамдары балапандарға жемді мүшеқапқа салып береді екен. Мүшеқапты балапан тескенде бір ғана дән шығып, жерге шашылмайды екен. Сонда шөжектер өз қиларын жеп, өліп қалмайды. Адамнан айла артылған ба, ауыл адамдары осыдай амал ойлап тапқан. Оны менің Мықты күйеуім есітіп алып, «ақыры тегін келген дүние ғой, ысырап болмасын» деп тауықтарға қолданған.


Осы оқиға күйеуіме жақсы болды. Құрдастармен отырысқа барсақ болды мені ұялтып «менің әйелімнің махаббаты зор, мені тауықтан да, балапаннан да қызғанады» деп жыр қылып айтып береді. Қайдағы бір мүшеқап үшін күйеуіме ойша күйе жаққаныма қазір күлкім келеді...»