​«Немеремнің әкесі бөтен біреу боп шықты»: шымкенттік әйел келінінің құпиясын біліп қойғанын айтады

0
4 561

«Бұл жағдайды балама айтсам ба, айтпасам ба екен?»


​«Немеремнің әкесі бөтен біреу боп шықты»: шымкенттік әйел келінінің құпиясын біліп қойғанын айтады
иллюстрациялық сурет интернеттен алынды


«Әйелге артылар жауапкершілік өте көп. Алдымен қыз күніңде арыңды сақтайсың, келін болып енген соң, сол шаңырақтың көсегесін көгертуге тиіссің. Ана болған шақта балаларыңның тәрбиесіне жауаптысың. Осылай кете береді. Біздің заманымыздың қыздары бұған байыппен қарайтын. Қазіргілерді қайдам...», - дейді Зейнегүл есімді шымкенттік әйел.


Айтуынша, үлкен келінінен туған немересі басқаның баласы боп шыққан.Оны Зейнегүл ERNUR.KZ тілшісіне айтып берді.


«Асылдың сынығындай етіп өсірген үш ұлымның қызығын көрсем деген арман жетегінде жүрген анамын. Өзім қалалық ауруханалардың бірінде дәрігер болып істеймін. Күйеуім де жақсы қызметте. Жұмысбастылығымызға қарамай үш ұлымызға жақсы тәрбие бердік. Үшеуі де мектепті үздік бітіріп, өздері қалаған оқуда оқыды. Үлкен ұлым кәсіпкер. Былтыр үйленген. Көп ұзамай келін екеуі немере сүйгізді.


«Келіні жақсының керегесі алтын» дейміз ғой. Расында келін үйдің визиткасы іспеттес екен. Өйткені, сол арқылы оның тектілігін, ата-анасының, енесінің тәрбиесін де аңғарасың. Осы күні мен өзіме «ене ретінде мен қандай адаммын?», «қай жерден ағаттық жіберіп алдым?» деген сұрақтарды жиі қоятын болдым.


Біз де келін болдық қой. Енем марқұм қатал кісі еді, сен дәрігерсің бе, басқасың ба, бәрібір-тұғын. Таң атпай тұрып, жұмысқа кеткенше үйдің бар шаруасын істеп, түскі асын дайындап кетуші едім. Менен баласын қызғанған кездері де болды. Қабақ шытып қалған күндерде сол қылығым үшін енем мені күйеуіме ұрғызып алатын да. Қайынағаларымның қара шаңырақта талай рет ойран салғанына да шыдадым. Сол қаталдықтың көкесін көрген соң, енемнің ерсі қылықтарын үлгі етпей, менің жылаған күндерімді келінім қайталамасыншы деп келініме келген күннен-ақ жылы қабақ таныттым. Бірақ келінім менің мейірімімді пайдаланбақ болды.


Үйренгісі келетіндер бар да, үйреткеніңді жүзеге асырмайтындар болады екен. Келінім соңғысына жатады. Келгеніне екі жылға жуықтады, әлі күнге дейін тамақ пісіріп, ыстық шай құйып берген емес. Әрбір ісіне көңілі көншімейтін жолдасым да, үш балам да «мама, тамақты өзіңіз пісіріңізші» деп тұрады. Жай ғана картоп қуыра салуды білмейтін әйел затын бірінші рет келінімнен көрдім. Жас қой, үйренеді ғой дедім. Бірақ келін шаңырағымызға абырой әкелмеді. Қит етсе, немеремді көтеріп алады да, «кетемін» деп тұрып алады. Ұлымның да жүйкесін тоздырды.


Маусымның жиырмасы еді. Келіннің құрбысы тұрмысқа шығып, балам екеуі соның тойына баратын болған. Келінім түстен кейін тойға дайындала бастады. «Асхат келсе болды, мен дайынмын» деп отырған. Балам кешіге бастады. Келін хабарласып еді, «Кешігіп барсақ та барамыз, мені күте тұр. Жұмыстан жібермей жатыр» депті. Келіннің түрі бұзылып кетті. Бірақ маған артық әңгіме айтпай, күйеуін күтті.

Қас қылғанда баламның жұмысына жоғары жақтан тексеру келіп қалған екен. Соларды ары-бері тасу тапсырылған соң, тырп ете алмай қалыпты. «Бір сағатта жетем» дегені үш сағатқа созылды. Түнделетіп шаршап-шалдығып жеткен балама келінім табалдырықтан бас салды. Екеуі қатты ұрысты. Араласпайын, өздері шешсін деп өз бөлмемде отырғанмын. Бір кезде келінім бар даусымен «Мен кетемін, Інжуді де алып кетемін. Ол сенің қызың емес!» деп айқайлап жіберді.


Келінімнің мына сөзі төбеме жай түскендей әсер етті. Бар бәле де содан басталды. Бәріне көз жұмып қарап келген мына маған айтқан алғысы осы ма еді?! Сол жерден жүрегім қысылып, аяғымды баса алмай қалдым. Қатты ашу-ызадан айтылған болар деген ойлар сумаңдап тұрса да, көңілге кіріп алған күдік маған маза бермеді. Сумақайлығымен баламның аңғал мінезін пайдаланып тиіп алған болса ше?

«Қой, бұлай күмәнмен жүргенше, бар шындықты біліп өлейін» деп ойладым. Содан таныс әріптесіме өтініш жасай отырып немерем мен ұлыма ДНК сараптамасын жасаттым. Қолымда сараптама жасауға қажетті материалдар, көзімнен жас тыйылар емес. Інжукамыздың тәтті қылығынсыз үйімді елестете алмадым. Жамандыққа қимай, «мүмкін мен қателесіп отырған шығармын. Інжу баламнан аумайды ғой» деп өзімді жұбаттым.


Бірақ, өкінішке қарай, мен күткен нәтиже шықпады. Елді жиып, келін алдым деп дүркіретіп тойлатып алған келінім бізді масқара етіпті. Баламның басын айналдырып, біреудің қызын біздің мойнымызға артып қойыпты. Өзінің абыройын сақтап қалу үшін бізді жерге қаратыпты.


Үш баламның арасында келінімді жайқалған қырмызы гүлдей, қызымдай болатынына имандай сенген едім. Сол сенімге селкеу түсірген келін жұртқа қарабет етті. Ең өкініштісі, бұл шындықты менен басқа ешкім білмейді. Оны үйдегілерге жария етер болсам баламның келінді буындырып өлтірері анық. Күйеуім де заң саласының адамы, үстінен арыз жазып жіберуден тайынбайды.


Дертім ішімде өрт болып жанып жатыр. Кімге айтып, кімнен ақыл сұрарымды білмей отырмын. Баламның бақыты үшін бәрін жасырып қалғаным дұрыс па? Әлде осы бастан келінімнің шынайы бет-бейнесін ашып, екеуін ажыратып алғаным дұрыс па? Ештеңеден хабарсыз, "апау" деп мойныма асылып жүрген Інжуді қайтемін? Онсыз үйіміздің сәні кетіп қалмай ма? Оның не кінәсі бар еді?..


Осы ойлар маған маза берер емес. Көпті көрген кісілер болса ақылын айтып, жөн сілтеп жіберер ме екен. Кеңестеріңізді күтемін».


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Туған ағам "Кәрі қыз!" деп кекетеді»: аға-жеңгесінен қорлық көрген бойжеткен отбасындағы шындықты жайып салды


«Сүйіктімнің наласы мен қарғысы тиді»: жас қызды жүкті етіп тастап кеткен азамат өкінішін айтты


«Күйеуімнің қарызын көңілдесім төлеп жүр»: алматылық келіншек құмар ойынын «кіріп» кеткен күйеуі жайлы айтып берді