Үйленетін жігіттер осындай қызды таңдауы керек.
фото: avatars.mds.yandex.net
Ұйқысы көп, қимылы аз, шаршап қала беретін, барлық нәрседе белсенділігі жоқ адамды ешкім ұната қоймасы анық. Әсіресе, ондай адаммен өмір бойы бірге тұру қиынның қиыны болар?!
Психологтар үйленген соң пысық, табыскер боп кеткен еркектің көп екенін айтады. Ал жалқау әйелдің өзгергені кемде-кем екен. Демек, отбасында әйел қуатты болуы керек.
Өйткені еркекке күш беретін, оны орнынан қозғалтатын әйел қуаты екен. Әйелдің тартымдылығы, жалқау еркекті табыскерге айналдыру, балалы болу қабілеті де оның қуатының деңгейіне байланысты. Сондықтан да әйелдер қуатының сарқылып қалмауын аса бақылап, оны үнемі зарядтап отыруы қажет.
Ал әйелдің қуаты көп екенін қалай білуге болады? Белгілі психолог, бірнеше бестселлердің авторы Лариса Ренар мынадай белгілер қуат деңгейінің жоғары екенін көрсетеді дейді.
1. Оны бәрі қалайды
Оның сымбаты сымдай тартылған болмаса да, сұлу болмаса да бұндай әйелге комплимент айтатын, танысқысы келетін еркек көп. Тіпті күйеуінің достарынан, әріптестерінен ол «Сен сияқты әйелім болса ғой, шіркін?!» деген сияқты сөздерді жиі естиді.
Онымен жақын құрбы боп араласқысы келетін қыз-келіншек те аз емес. Өйткені онда жұрттың бәрін өзіне тартатын магнит бар. Бұл магнит – әйел қуаты деп аталады. Психологтардың зерттеуінше, әйел қуаты адамдарды ғана емес, өмірдің мүмкіндіктерін де өзіне «тартады» екен.
2. Жолы болғыш
Өзі аңғармайтын шығар, бірақ сырт көз ол әйел сәл қимылдаса болды барлық есік ашыла беретінін «көреді». Жұрттар ол туралы «Жолды болғыш екен» деп отырады.
Рас, бос жұмыс орнына барса, сол күні-ақ жұмысқа орналасып құжаттарын түгендеуге кіріседі. Жобаларға қатысса міндетті түрде жетістікке жетеді. Байқаулардан да әйтеуір жүлделі орынға ие боп жүргені.
Қызметте де тез жоғарылайды. Мейлі ол аса білімді де емес шығар, бірақ оған әйелдік қуаты көмектеседі үнемі.
Осы орайда өзінде қуат мол екенін білетін әйелдерге психологтар «Бір орында отырмаңыз. Қимылдап алға қадам бассаңыз, әрекет жасасаңыз болғаны, жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады» деп кеңес береді.
3. Ақша өзі іздеп табады
Әйелдің қуаты қаржымен, байлықпен тығыз байланыста екенін бүгінде бәрі білетін шығар?! Бұл туралы әлеуметтік желілерде коучтар, психологтардың ақпараты көп.
Қуаты көп әйел өз кәсібін ашуы керек. Өйткені ол ақшаның магниті. Қосымша жұмыс ұсынатындар, таныса кетсе, жаңа ортаға барса оны жұмысқа шақыратындар да көп.
Оған ақша оңай келеді. Оны көбейтуі немесе пайдасыз нәрселерге жұмсап тез тауысуы өзіне байланысты.
4. Харизма бар
Көзінен от шашып тұрады. Жүріс-тұрысы да сенімді. Ол кез келген адамды өз ұсынысына көндіре алады. Ол әңгіме айтса, бәрі ұйып тыңдайды.
Оның сөзінде де қуат бар. Сондықтан болар, оның айтқанына жұрт көнгіш. Егер бұндай әйел адамдармен жұмыс істеу саласын таңдаса, табысты болатыны сөзсіз.
5. Шаршамайды
Әрине, адам болған соң бәрі де шаршайды. Бірақ қуаты мол әйел өзін-өзі жылдам қолға алады, тез жиналады. Мысалы, бір әйел бала туған соң бір-екі жыл бойы шаршап жүрсе, қуаты көп әйел үш айдан соң-ақ бұрынғы сымбатына, жұмысына оралуға әрекет жасайды.
Оған бір ұйықтап тұру жеткілікті. Ары қарай үйдің де, түздің де шаруасына үлгеріп, тыным таппайды. Анығырақ айтқанда, немен айналысса да ол үшін оңай әрі жеңіл.
6. Идеясы көп
Ол өзгелердің қалай жетістікке, табысқа жету жолын ойша көре алады. Айналасындағы адамдарға идея айтқыш. Егер бір жұмысты бастаса, онысы ойындағыдай болмаса, басқасын бастап кете салады.
Өрге домаламаған, шығын әкелген жұмысын бір жыл жоқтамайды. «Бұл тәжірибе», «Үлкен сабақ алдым» дейді де, ары қарай әрекетін жасай береді.
Ойлап тапқыш. Ескі затты лақтыра салмай, одан жаңа бұйым жасап шығарады. Мысалы, үлкен бір жастықтан сәнді, ыңғайлы екі жастық тіге салады немесе тігіншіге тіктіреді. Жағасына кетепйтін дақ тиген көйлегін қырқып, юбкаға айналдыру да ол үшін түк емес.
7. Демала алады
Ол көп әйел сияқты жексенбі күнін үйін тазалап, терезесін жуумен өткізбейді. Демалысында саябаққа, моншаға немесе туған-туыстың үйіне қонаққа барады.
Ол жақсы демала алады. Әр сәттен ләззат алып, өз күнін қызықты ете алатын әйел. Ол үшін нағыз демалыс – күні бойы алаңсыз ұйықтау емес, қимыл-қозғалыс.
Дайындаған: Жазира Смағұлова,
Тағы да оқыңыз:
Еркектерге қандай әйел қатты ұнайды?
Жігіттің «табыскер күйеу» болатынын қалай білуге болады?