​Баланы тербеткен дұрыс па?

0
5 539

Балаңызды күніне қанша уақыт тербетіп жүрсіз?


​Баланы тербеткен дұрыс па?

Фото: syr-media.kz

Баланы ғана емес, үлкендерді де тербету керек дейді психотерапевт мамандар. Неге?


Тербелу, тербету кезінде адам ағзасында табиғи психофизикалық реабилитация жүреді екен. Жүйке жүйесі тынышталып, барлық ағзадағы бұзылыстар қалпына келеді.

Психотерапияда адамды бесікте тербететіндей арнайы әдіс бар. Ол «палсинг» деп аталады. Бұл адамның физикалық, эмоционалдық және ментальдық тән қабаттарын тұтастай емдейтін бірден-бір тәсіл.

Палсинг адамды еденде шалқасынан немесе етбетінен жатқызып, тік отырғызып, бүкіл денесін тербеу арқылы жүргізіледі. Бұны палсинг массажы деп те атайды. Бірақ уқалау жүргізілмейді, дененің бір бөлігіне қол жеңіл тигізіп тербейді.



ПАЙДАСЫ

  • Ағзаның табиғи физикалық ресурсы қалпына келеді;
  • Физикалық және психологиялық бұзылыстардан жұмысы нашарлаған ағза мүшелерінің жұмысы жақсарады;
  • Сезімталдық артады;
  • Сергектік пайда болады;
  • Жан аурулары жазылады;
  • Жүкені тыныштандырады;
  • Стресс, невроз және күйзелісті емдейді;
  • Бас ауруларын жояды;
  • Иммунитетті жоғарылатады;
  • Қартаюды тежейді;
  • Жасартады;
  • Шлактардан тазартады;
  • Арықтатады;
  • Қорқыныштан, үрейден арылтады;
  • Үнемі шаршап жүретіндерге пайдалы;

Тізіп жаза берсек, палсинг әдісінің адам денсаулығына пайдасы көп. Бұны ғылым, білім дамымай тұрғанда-ақ дана ата-бабамыз жақсы білген. Ал бүгінде мамандар кішкентай кезінде бесікте көп тербетілмеген баланың өскенде ұстамсыз, ашуланшақ, қызба болатынын анықтап отыр. «Уызға жарымаған» деген сөзді естіген боларсыз. Ал психотерапевт мамандар ашуланшақ адамдарды көргенде «Кішкентайында көп тербетілмеген» дейді. Бұны 1989 жылы шыққан «Недобаюканная» деген мульфильмнен де көруге болады.


Дененің бір бөлігіне қол тигізіп денені тербеткенде бүкіл дене қозғалып, жеңіл тербеліске түсу керек. Тербеліске түспеген (қимылдамаған) дене бөлігінде дерт, психологиялық блок бар деген сөз. Палсинг әдісі арқылы бұл мәселелелерді жоя аласыз.

Жалпы палсинг массажының курсы 10-12 сенастан тұрады. Сеансты аптасына 2-4 рет өткізуге болады.

Палсингті үйде отбасы мүшелері бір-біріне жасауға болады. Қиын емес.


Бүгінде интернет барлық адамға қолжетімді. Интернетте палсинг массажын қалай жасау жөнінде арнайы видеосабақтар көп. Оны кез келген жастағы адам жасай алады және балаға да, кәріге де пайдалы.


Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бұл ҚҰПИЯны білмейінше арман-тілектеріңіз орындалмайды

2021 жыл СІЗ үшін қандай болады? (тест)