БІР ғана суретпен КӨП нәрсе білуге болады (тест)

0
9 843

Өзіңізді және басқаларды тануға көмектесетін қызықты тест. Ол үшін үйдің суретін салу жеткілікті.


БІР ғана суретпен КӨП нәрсе білуге болады (тест)

фото: tatarstan.ru

Адамды жылдам танығыңыз келсе, үйдің суретін салғызыңыз. Иә, ақ парақ пен қалам ұсыныңыз да «Кез келген бір үйдің суретін сал» деп тапсырма беріңіз.

Асықтырмаңыз. Ойлансын, қиялына ерік берсін. Суретті түрлі-түсті қаламдармен бояудың қажеті жоқ. Сондай-ақ үй айналасына салынған заттар да маңызды емес.

Бұл тест үлкендердің мінез-құлқындағы психологиялық жағдайларды анықтауға арналған. Сонымен, сурет дайын болды ма? Ондағы барлық детальдарға жақсылап мән беріңіз.



ҚАНДАЙ?

Үй – бұл отбасының және адамның тұлғалық көрінісі. Оның қандай нұсқада (көпқабатты, пішіні т.б.) салынғанына қарап, адамның отбасымен, өзімен қарым-қатынасын аңғаруға болады.

  1. Жаңа, әдемі үй: Жақсы.
  2. Ескі немесе қабырғасы қисайған үй: Адамның өз-өзімен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынасының аутоагрессиядан құралғанынан хабар береді.
  3. Үйдің көп бөлігін биік немесе адам суреті жауып тұрса: Автор ата-анасының, я болмаса басқа отбасы мүшелерінің қатаң бақылауында.
  4. Мөлдір қабырға: Егер үй ішіне жиһаздар салынса, ол сырт көзге көрініп тұрса, бұл автордың жеке өмірін басқаларға көрсетуге, мақтануға құмар екенін білдіреді.



ҚАЙДА?

Үй парақтың қай бөлігіне салынған? Көлемі қандай?

  1. Үй қағаздың ортасына, өте жақын салынса: Қонақжайлылық, көпшіл, жылулық сезімі;
  2. Үй алыста, яғни парақтың бір бұрышында, немесе кішкентай көлемде салынса: Суықтық, салқындық.



МАҢЫЗДЫ

Үйде мына төрт детальдың болуы маңызды:

  • есік
  • терезе
  • төбесі
  • мұржа

Егер осы төртеудің біреуі болмаса, онда сурет авторының жанында белгілі бір психологиялық жарақаттың, ал отбасы мүшелерімен арада үлкен түсініспеушіліктің бар болғаны.

1. Есік. Есік – әлеуметтік байланыстың белгісі.

  • Егер есік салынбаса: Айналасындағы адамдармен, жақындарымен байланыстағы проблеманың бар екенінен хабар береді.
  • Өте кішкентай есік: Ішкі әлеміне ешкімді кіргізгісі келмейді. Шешім қабылдауда қиналады. Тұйық.
  • Өте үлкен есік: Айналасындағы адамдарға тәуелділік.
  • Айқара ашық есік: Жылулыққа, мейір-махаббатқа мұқтаждық.


2. Терезе. Терезе – отбасы мүшелерімен жеке қарым-қатынасты білдіреді.

  • Терезе саны: Отбасындағы жақсы қарым-қатынастағы адам саны. Терезенің көптігі – байланысқа ашықтық.
  • Кішкентай терезе: Отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы нашар;
  • Үлкен терезе: Өміріндегі қымбат жандармен ара қатынасы өте жақсы.
  • Әр түрлі көлемдегі терезелер: Отбасы мүшелерінің кейбірімен сөзі жараспайды, жиі керіседі.
  • Ашық терезе: тікмінезділік, эмоциясын басқара алмайды.


3. Үй төбесі. Үй төбесіне қарап, адамның қорғанысын анықтайды.

  • Үй төбесі мен оның басқа бөліктері көлемі жағынан бір-бірімен сәйкес келмесе: тұлғалық болмысының әлсіздігі, өзіне деген сенімсіздік.
  • Үй төбесінің жоғары бөлігін екі-үш қайтара сызу (қалың етіп): үлкен қорқынышы бар екенін білдіреді.


4. Мұржа. Мұржа жұбайлық қарым-қатынастың диагностикасы.

  • Жоқ: Жарымен арада психологиялық жылулық жоқ.
  • Бар: Жұбайлық ара қатынас бар, бірақ тым жақсы деп айтуға болмайды.
  • Мұржадан түтін шығып тұрса: Тәтті, ыстық қарым-қатынас.
  • Түтіні жоқ мұржа: Салқын қарым-қатынас.
  • Бір шеті қисық немесе кетілген мұржа: Жұбайлық өмірдегі проблема.


Суреттегі осы белгілерді анықтай отырып, авторға сұрақ қойып, ол туралы кеңірек білуіңізге әбден болады дейді психологтар. Суретті тесті қолданып көріңіз.


Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Баланың оқу үлгерімін жақсартудың ЕҢ ОҢАЙ жолы

Қиындық «тудырушы» мінезіңіз қайсы? (тест)