​Брекетті қанша жасқа дейін қойдыруға болады - дәрігер жауабы

0
6 287

Брекет қойдыруды ойлап жүрсіз бе?


​Брекетті қанша жасқа дейін қойдыруға болады - дәрігер жауабы

Бүгінгі жаңа технологиялар заманында тісті түзеу қиын емес. Оның әр түрлі әдісі бар, тісті түзеуде жаңа ортотехнологиялар қолданылады. Бірақ оның ішінде пациенттердің таңдауы көбіне – брекет.

Осы орайда «брекетті қай жасқа дейін салдыруға болады?», «коррекциясына ай сайын бару міндетті ме?», «тіс түзулену үшін қанша жыл шешпеу керек?», «брекет таққан соң қандай тағамдардан бас тарту қажет?» деген сұрақтардың туындайтыны белгілі.


Брекет салдыруды ойлап жүрген көптің көкейіндегі бұл сұрақтарды Шымкент қаласындағы @Dental_city_shymkent клиникасының протез, брекет, тіс салу бойынша білікті ортодонт-дәрігері Бақдәулет Уалиханұлына қойдық.

(Брекет туралы сұрақтарыңыз болса, 8-771-894-01-00 вацап нөміріне жазыңыз; инстаграм парақшасы: @dr.baqdaulet)



Бақдәулет Уалиханұлы, сұрағымызды тісті түзеу әдістерінен бастасақ. Оның қандай түрлері бар? Қайсысы тиімдірек?

Тісті түзулеу әдістеріне – элайнер, брекет және ретейнер жатады.

Тістің күйіне, яғни сау тіс санына, тістем мен орналасуына қарай осы әдістердің бірі таңдалады. Тиімді деп, пациенттің ауыз қуысы мен тіс параметрлеріне сәйкес келгенін айтамыз.


Дегенмен брекетті таңдайтындар көп екенін көріп, естіп жүрміз. Брекеттің артықшылықтары қандай?

Брекет – шамамен 1,5-2,5 жыл шешуге болмайтын арнайы құлыптар қатарынан тұратын құрастырма. Емдеу мерзімі біткенше ай сайын дәрігер қабылдауына баруды қажет етеді. Яғни бұл тіс түзулеудің басқа түрлеріне қарағанда ұзақ уақытқа созылады. Алайда сонысына қарамай көп адам брекетті таңдайтыны рас. Өйткені оның өзіндік артықшылықтары бар. Қысқаша айтсам брекет:

    • өз тістеріңізді сақтайды;
    • кез келген бағыттағы тісті түзейді;
    • тістің орнын өзгерте алады;
    • тіс ауруының қаупін төмендетеді;
    • қызыл иектің ауру мүмкіндігін азайтады;


Брекеттің қандай түрлері бар? Қайсысы көп сұраныста?

Брекет материалына қарай – металл, пластикалық, керамикалық, сапфир боп бөлінеді. Ал орнату орнына қарай – сыртқы (вестибулярлық), ішкі (лингвальды) түрі бар. Сонымен бірге орнату әдісіне қарай да бөлінеді.

Брекет түрін пациент дәрігермен бірге таңдайды. Мысалы, металға аллергиясы бар адамға керамикалық немесе пластикалық түрі салынады. Сондай-ақ біреулер тазалауға жеңіл түрін таңдаса, тағы бірі онша байқалмайды деп пластикалық түрін қойдырып жатады. Ал «қайсысы сұраныста?» деген сұрағыңызға келсек, металл брекетке жүгінетіндер көп. Өйткені оның бағасы арзан және ыңғайлы.


40-50 жастағы адамға да брекет тағуға бола ма? Сүйек қатайған шақта қисық тісті түзеуге брекеттің күші жете ме?

Жалпы брекетті 12-13 жастан бастап сала беруге болады. Өйткені бұл жаста тұрақты тістер толық жетіліп бітеді және түбірі де толық орналасады. Осы 12 жастан бастап 50-60 жасқа дейін брекет арқылы тісті түзулеуге болады.

Бірақ жас ұлғайған сайын емделу уақыты да ұзара береді. Мысалы, 13-14 жастағы жасөспірімнің тісі 1-1,5 жылда түзуленсе, 25-30 жастан кейін брекетпен 2-2,5 жыл жүруге тура келеді. Ал 50-60 жастағылар одан да көбірек уақыт брекетті шешпеуі мүмкін. Бұл адамның жасына ғана емес, тіс қисықтығының күрделілігіне де байланысты.


Кейбіреулерден брекетті шешкеннен соң бұрынғы қисық қалпына қайта оралды дегенді де естіп жатамыз. Неліктен тіс қайта қисаяды?

Брекетті шешкеннен соң қайтадан қисаю қаупі үш жағдайда орын алады. Біріншісі – жұмыс барысында маман тісті дұрыс түзулемесе; Екіншісі – пациент брекетті дәрігер белгілеген уақыттан ерте шешсе; Үшіншісі – тістер арасында 1-2 тіс жоқ болса, түзуленген тістердің орны айнып, қайтадан қисаяды.


Түсінікті. Брекет мүлдем рұқсат етілмейтін адамдар бола ма?

Белгілі ауру түрлері бар науқастардың тісіне брекет қойылмайды. Олар: онкологиялық, психикалық ауруы бар, қант диабетімен тіркеуде тұратындар, тісінің 50 пайызы түсіп қалған адам.


Ең маңызды әрі соңғы сұрақ. Брекет қойылған тісті қалай күту керек?

Брекеттің күтімі оның тазалығынан басталады. Тамақтанған сайын (30-40 минуттан кейін) тісті тазалау керек. Мүмкіндік болмаған жағдайда тым болмағанда ауызды сумен шаю қажет.

Құрамында фторы бар тіс пастасын қолданған дұрыс. Лажы барынша қылы V пішіндес және жұмсақ щөткемен жуған жөн.

Сонымен қатар бояғыш заттары көп, қышқыл, тәтті және қатты (жаңғақ, кептірілген нан т.б.) азықтарға шектеу қойған абзал. Тіске жабысып қалатын карамелді конфет, ирис жеуге, сүйек мүжуге болмайды, сағыз шайнауға да рұқсат етілмейді.

Сұқбаттасқан: Жазира Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КҮЙЕУІҢІЗДІ аз уақытта ортасына БЕДЕЛДІ ЕТЕТІН 3 техника бар

Фрейлинг заңымен өмір сүру – РАХАТ!