Еркексің бе? Онда бұл НӘРСЕҢ үнемі ОЯУ болсын!

0
9 474

Ер-азаматтарға өте қажетті кеңес.


Еркексің бе? Онда бұл НӘРСЕҢ үнемі ОЯУ болсын!

Нағыз еркек бойындағы осы бір нәрсесімен ерекшеленеді. Бұл еркек бойында әрдайым ояу болуы қажет. Сонда ғана еркектің өмірінде, отбасында, қызметінде өрлеу болады дейді психологтар. Бұл не нәрсе?


Қалай айтсам екен?! Айтпағымды мына бір мысалмен түсіндіріп көрейінші. Бұл мысалды мен 9 жыл бұрын психология, философия ғылымдарының докторы, профессор Мырзакәрім Норбековтың «Ақымақ тәжірбиесі немесе көз ашылу кілті» деп аталатын кітабынан оқып едім.


МЫСАЛ: Патша бір күні төсек тартып жатып қалды. Сарайдағы қызметшілердің қорқынышында шек жоқ. Патшалықтағы емшінің бәрі жабыла әрекеттенгенімен дерттің емі табыла қоймады.

Күн артынан күн, ай, жылдар өтіп жатты. Патшаның енді мүлде қимыл-қозғалыстан қалды. Оның қолы мен аяғы ғана емес, бүкіл денесі жансызданып қалғандай.

Қаншама мемлекетті бағындырған, қаншама халықты алдында тізе бүктірген патша ауруының алдында әлсіз болып шықты.

Қашанғы төсек тартып жатпақ?! Бір күні өзінің әлсіздігіне, дәрменсіздігі мен бишаралығына қатты ашуланған патша:

- Мені емдей алмаған емшілердің басы алынып, қала дуалдарына қойылсын, - деп әмір берді.

Уақыт алға жылжыған сайын қала дуалдары небір оқымысты, емші, дәруіштердің қураған бас сүйектеріне толып жатты. Патша бір күні өзінің бас уәзірін шақырып:

- Уәзір! Емшілерің қайда? Неге емші әкелмей қойдың? - дейді.

- О, Әміршім! Елде емші қалмады, бәрі сіздің әміріңізбен жазаланды емес пе?!

- Шынымен-ақ емші қалмағаны ма?!

- Ия, елде сіздің назарыңызға тұрарлық дәрігер де, емші де қалмады.

Көңілсіз күндер тізіліп өтіп жатты. Тағы бірде патша:

- Уәзір, есіңде ме, менің назар салуыма тұрарлық емші қалмады дегенің, осыны түсіңдір, сонда әлі де емші бар деген сөзің бе бұл?

- Әміршім, біздің елде жалғыз емші қалды, естуімше ол барлық ауруды емдей алады екен. Бірақ... бірақ ол өте дөрекі, аузын ашса болды, боқтық аралас сөздер ағытылып қоя береді. Сондықтан оны мен әдейі сіздің алдыңызға шақырмап едім. Ол сыйлауды, сыпайылықты, мәдениетті білмейді, сізге ұнамайтыны анық.

- Ертіп кел, - деп айқайлайды патша.

- Мен ертіп келем, бірақ оның әдепсіздігі үшін мені жазаламауға уәде беріңіз.

- Мен саған тимеуге уәде етейін. Оны маған ертіп кел!

Уәзір емшіні ертіп келеді.

- Сені кез келген ауруды емдей біледі дейді ғой. Солай ма?

Емші тіл қатпайды.

- Жауап қайда? Неге үндемейсің?

- О, Әміршім! Мен оған ауыз ашуға тыйым салғанмын, - дейді уәзір.

- Рұқсат, сөйле! Шынымен емдеу қолыңнан келе ме? Қандай әдіспен емдемексің?

- Айтқаныммен сен бәрібір түсінбейсің. Сен өз ісіңде мықты болғаныңмен емшілікте етікшіден артық жерің жоқ!

- Басын алыңдар, - деп қаһарланады патша. – Жо-жоқ, әуелі қайнаған май құйыңдар, ал содан соң майдалап тураңдар! Мынау кіммен сөйлесіп тұрғанын білмейді екен ғой.

Қарауылдар емшінің қолын қайыра ұстап, есікке сүйрей жөнеледі. Ал ол болса ащы мысқыл аралас келемеждей үн қатады:

- Ей, патша, мен сенің соңғы үмітіңмін, осыны ұмытпа! Сен мені өлтіре аласың, бірақ бүкіл елде сені емдей алатын менен басқа ешкім қалған жоқ. Ал, мен сені бір күнде-ақ аяғыңа тұрғызуға күшім жетеді.

Патша тез сабасына түседі.

- Қайтып алып келіңдер!

Қарауылдар емшіні қайта алып келді.

- Ал баста! Сен мені бір күнде аяғыма тұрғызбақшы болдың ғой!

- Сен алдымен менің үш шартыма келісуің керек, тек содан соң ғана емге кірісемін.

Ашуын әзер ауыздықтаған патша тістене отырып амалсыздан келісіп:

- Айт шартыңды, - дейді.

- Сарайыңдағы ең жүйрік тұлпарды және бір қалта алтынды сарай алдына қоюға әмір бер. Бұл – сыйлығың болсын.

- Сен әуелі мені емдеп жазсайшы, сосын алтын тиелген үйір-үйір жылқы сыйлаймын!

- Оның бәрін соңымнан жібересің. Ал қазір менің шартымды орында. Екінші шартым емдеу кезінде сарайда ешкім қалмайтын болсын!

- Не үшін?

- Ем кезінде сенің қиналып, дауыс шығарып айқайлауың мүмкін, ал ешкім сенің әлсіздігіңді, қиналған мүшкіл халыңді көрмеуі керек.

- Жарайды. Тағы не?

- Үшінші шартым – қызметшілерің мен сарай қақпасынан шығып кеткенше сарайға жоламасын!

- Неге?

- Маған кедергі келтіруі мүмкін. Емді ешкім үзбеуі керек. Мен емді бір рет қана жүргіземін, біреу емімді үзсе, ем өз күшін жояды, оны екінші рет қайталау мүмкін емес.

Патша емшінің үш шартын да орындауға уәде етеді. Барлығына сарайдан кетуге бұйрық беріп, сарай алдына жүйрік ат пен бір дорба алтын қойғызады. Сарайда екеуі-ақ қалған соң патша:

- Ал, баста, - дейді.

- Нені бастауым керек, кәрі қақпас?! Сен расымен де ақымақсың ба, менің емдей аламын деген сөзіме қалайша сендің есуас? - деп кекете, рахаттана күледі емші. Патша ашуланады, бірақ онысынан түк те шықпайды. Алданғанына зығырданы қайнайды.

- Сен қанішерді жазалауға қолайлы сәтті күткеніме көп болды. Менің ежелден келе жатқан үш арман тілегім бар болатын. Біріншісі – патшаның, яғни сенің бетіңе түкіру. Алдымен бірінші арманымды орындап алайын, - деп емші патшаның бетіне жақындап келіп былш еткізіп түкіреді. Түкірмек түгілі осы жасына дейін ешкім көзіне тіке қарамаған патша ызадан жарылардай болады. Әбден тақтан қозғалмай-ақ басқаларға әмірін орындатып үйреніп қалған патша қызметшілерін көмекке шақырып айқайлайды. Бірақ сарайда екеуінен басқа ешкім жоқ. Емші екінші рет түкірмек боп патшаның бетіне үңіле бергенде патша басын бұрып қалады.

- А, малғұн неме, хайуан! Мойныңа жан бітейін деді ме? Мейлі, менің аз ғана уақытым бар, екінші арманымды орындауға кірісейін. Сен білесің бе, екінші арманымның не екенін? Сенің бетіңе дәрет сындыру.

Осылай деген емші дереу екінші арманын орындауға кірісіп кетеді.

- Қарауыл, - деп айқайлаған патша емшінің ащы зәріне тұншығады. Басын алып қашуға тырысып ызаланады. Ал, емші патшаның бетіне зәр сындырып тұра береді. Бұндай қорлықты бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген. Патша бұл қорлыққа шыдай алмай еңбектей шетке қашады.

- Ой, арам қатқыр, менен қашып кетем деп ойламай-ақ қой. Ал, енді қалай қашпақсың? – деген емші еңбектеп бара жатқан патшаның иығынан басады. Осы күнге дейін патшаның иығына бұлай ешкім аяғын қоймаған еді, әбден қаны қараяды. Бұл аз болғандай емші патшаның басынан тебеді де шаттана күледі.

Басынан тепкі алған патшаның көзі жастығының жанында тұрған қылышқа түседі. Қылышпен емшінің басын шауып тастағысы келіп ызаланған ол бар пәрменімен қимылдап қылышқа қарай жылжи түседі.

- Қарай гөр, сен әлі қимылдайды екенсің ғой, - деген емші үшінші арманын айтады.

Мына арсыздың үшінші арманын естіген патша тістерін қайрайды. Бар даусымен айқайлай орнынан түрегеліп қылышты қолына алады.

- Шауып тастаймын. Өз қолыммен тураймын! - деп айқайлап, жансызданған аяқтарына әзер тұрған ол дуалға сүйеніп, артына бұрылганда жан адам жоқ еді.

Бүкіл сарайда ешкім жоқ... Қылышына сүйеніп, дуал жағалай жүріп келеді. Айлакердің алдауына түсіп, оған ең жүйрік атын бергеніне өкінеді. Ол сонда да оның соңынан қуып жете алатынына сенімді болып, жақын маңдағы бір атқа жармаса кетеді. Ұзақ жылдан бері қимылдамаған жансыз саусақтарымен тырмысып әупірімдеп, қара терге түсіп әрең дегенде ерге отырады.

Ұлы жауынгердің, ұлы әміршінің, ұлы қолбасшының рухы оянады. Патша қашқынның соңынан қуа жөнеледі. Әрбір сәт сайын күш-қуаты арта түскен патша қала қақпасынан шыға аттың басын жібереді.

Кенеттен оның жиырма жылдан бері атқа қонбағаны, ерге отырмағаны есіне түсе қалады. Жиырма жыл бойы қолына қылыш алмапты, қарсы соққан жел екпінін сезбегеніне де қаншама жыл болған. Ол енді аттың жүрісін баялатып өңі мен түсін айыра алмай бір орында дағдарып тұрып қалады. Осы кезде ат тұяғының дүбірі мен қызметшілерінің қуанышты дауысын естіп бұрылады. «Патша жасасын!» деп айқайлаған қолбасшылары мен қызметшілері патшаға жеткенде олар ішек-сілесі қата күліп «Әй, шынында да сенен асқан емші жоқ екен, жарайсың» деп жерде отырған патшаны көреді.


Жиырма жыл бойы төсек тартып сал болып жатқан патшаны орнынан не тұрғызды? Намыс! Ал, намыс оның рухын оятты. Әр еркектің бойында осындай Әмірші, Қолбасшы рухы бар, тек біреулерде ол ояу болса, ал кейбіреулерде ұйықтап жатыр. Қорқыныштысы, кейбір еркектердің рухы ұйықтаған күйі арғы дүниеге аттанып кете баратыны.


Меніңше, еркек үшін «намыссыз» деген сөзден асқан ауыр, ащы, ұят сөз жоқ шығар, сірә?! Еркек үшін он екі мүшесі сау бола тұра жұмыссыз жүруі – намыс, отбасын асырай алмауы – намыс, ауру қарт ата-анасын емдете алмауы – намыс, тұрмыс жағдайының көш соңында қалуы мен жасы 40-тан асса да пәтер жалдап тұруы – намыс.


Еркек үшін намыстың орны зор. Иван Тургеновтың «Намыс – жерді орнынан қозғауға болатын Архимед сүймені» дегеніндей, өміріңіздің қалай болмағы, материалдық жағдайыңыздың күйі, отбасыңыздың келешегі бәрі-бәрі сіздің бойыңыздағы рух пен намысқа байланысты. Өйткені, ат шабысына қарай шабады, ер намысына қарай шабады!

Намыссыз адам ғана бейшара күн кешеді. Өміріңізді өзгерткіңіз келсе, намысыңызды оятыңыз, ер-азамат!

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КІМГЕ және НЕГЕ «ЖОҚ» деп айта білу керек?


Осы 5 МҮШЕсін жауласаңыз – КҮЙЕУІҢІЗ айтқаныңызды екі етпейді