​ЕРКЕКТІҢ назарын аудартатын 3 ӘДІС

0
4 514

Ешқандай сөз айтпай-ақ көптің назарын өзіңізге оңай аудара аласыз.


​ЕРКЕКТІҢ назарын аудартатын 3 ӘДІС

фото: avatars.dzeninfra.ru

Әйелдің табиғаты қызық, өзгенің назары өзіне ауғанда, әдемі комплимент сөз естігенде энергиясы көбейеді екен. Сондықтан да әйелдер көптің көңілін аударатын алтын әшекей тағуға, сәнді киім киюге, шашының түсін өзгертуге, қызылды-жасылды жылтырақ бұйымдарға құмар келеді.

Ал энергиясы көп әйелдің көңіл күйі көтеріңкі, тамағы дәмді, барлық ісі орындаулы болады. Ол өзіне күтім жасауға да, дүкен аралауға да уақыт табады.

Психологтар көптің назарын өзіне аударғаннан әйелдер энергия ғана емес, ләззат алатынын да айтады. Міне, сондықтан да әйелге күйеуінің (сүйгенінің) көңіл бөлгені өте қажет.

Ол көңіл бөлмей жүр ме, өзіңіз-ақ оның назарын аударуға әрекет жасаңыз. Қалай? Күйеудің, сүйгеніңіздің немесе сезіміңізді айта алмай жүрген адамның көңілін өзіңізге аудару үшін психологтар ұсынған мынандай 4 әдісті орындап көріңіз. Бұл әдістер көптеген әйелге көмектескен.

Ереже: психологиялық әдістерді қолданғанда әлгі адамның назарына мұқтаж екеніңізді, оның көңілі бәрінен де қымбат екенін айтпайсыз. Бұны тіліңіз емес, басқа мүшелеріңіз арқылы жеткізесіз.



1-ӘДІС

Көз – адамның айнасы. Онымен ашуды, ренішті, сағынышты, аянышты, тіпті жүректегі махаббатты да ұқтыра аласыз. Көңілдегіңізді көзбен қалай көрсетем деп ойланудың қажеті жоқ. Оның көзіне ұзағырақ қарасаңыз жеткілікті.

Жұмыс барысымен немесе әлдеңені талқылап бетпе-бет сөйлесіп отырғанда көзіңізді оның көзімен ұзағырақ түйістіруге тырысыңыз. Ол сөйлеп жатқанда көзіне қарап отырып тыңдаңыз. Ол әңгімесін аяқтаған соң да бірер секунд оның көзінен көзіңізді алмаңыз. Бұл кез келген адамды сіз туралы ойландырмай қоймайды.

Көзбен байланыс орнатудың ғаламат күшін білгіңіз келсе, дәл қазір жаныңыздағы кез келген адамға қарап сынап көріңіз. Көз байланысы тән байланысынан да қуатты.

Бірақ ол қарсы алдыңызда сөйлеп отырғанда мойныңызды жан-жаққа бұра бермеңіз. Бұл оны шаршатады, жүйкеге тиеді. Яғни бұл қылығыңызбен оның көңілін керісінше кері итересіз.



2-ӘДІС

Кеудеңіз бен басыңызды тік ұстап жүріңіз. Әрине сарбаз сияқты барлық денеңізді қатаң бақылауда ұстаудың қажеті жоқ. Дегенмен бос жіберуге де болмайды.

Жүргенде де, отырғанда, бір орында тұрғанда бүкіреймеуді қадағаласаңыз болғаны. Жүргенде әр қадамда тізені толық жазу да әдемі көрінеді.

Айналаңызға көз тастаңызшы, иығын тік ұстап жүретін еркек өзіне сенімді боп көрінеді сырт көзге. Қарақат көзі мен қара қасы емес, адамды денесін тік ұстауы, сенімді жүрісі көрікті етеді. Ал өзіне сенімді адам бәріне ұнайды, назарды аудартады. Олай болса, үйде, көшеде, кеңседе, той-томалақта билегенде де кеудеңізді тік ұстап жүріңіз.



3-ӘДІС

Күлімдеп, күлімсіреп жүрген адам бірден көзге түсетіні белгілі. Айналасындағы адамдар оған қызығып қана қарамайды, сөйлескісі келеді, танысуды қалайды.

Рас. Қабағын түйіп немесе мұңайып отырған адамнан қашасыз, жоламайсыз. Күлімсіреу – бұл бақытты адамның бір сипаты. Бақытты адам кез келген ортада ерекшеленеді, өзгелердің назарын аударады.


Егер осы үш әдісті бір сәтте қолдансаңыз, яғни қарсы алдыңызда сөйлеп отырған адамның (күйеу, жігіт, бейтаныс адам т.б.) көзіне күлімсіреп қарап және кеудеңізді тік ұстап өзіңізге сенімді жүрсеңіз, бір ауыз сөз айтпай-ақ оның ғана емес, сол жердегі барлық адамның назарын өзіңізге оңай аудара аласыз.

Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Қызыңыздың өміріне кедергі болатын 9 қателік

НЕГЕ ұйқы алдында бұл аффирмацияларды АЙТУ КЕРЕК?