Індетті қайтаруға ұсынылған ДҰҒА

0
5 942

Дұғаны жазып есікке байлап қою керек екен.


Індетті қайтаруға ұсынылған ДҰҒА

Қазір ауырып жатқандар да, дертінен құлан-таза айығып жатқандар да көп. Біреу дәрігер жәрдеміне жүгінсе, екінші біреу халық емдерінен дәру тапқанын жазып, ем-домдармен бөлісуде. Медицина мен халық емдерінен бөлек індетке шипа болар тағы да бір тәсіл бар. Ол – дұға.


Шипалы дұғалар көп-ақ. «Тек оларды өз орнында дұрыс пайдалануды білу қажет. Ал оларды қалай дұрыс пайдалану керек екенін Бекасыл Биболатұлы сияқты дарынды ғұламалар өз еңбектерінде түсіндіріп кеткен» дейді дін саласының маманы Зәріпбай Оразбай. Біз таныстырғалы отырған қасиетті дұға жайында ғұлама-ғалым, шипагер Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты кітабында келтірілген.

Айта кетейік, Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» кітабы Қазақ Ұлттық медицина университетінің бір топ ғалымы клиникалық медицина мен фармакология саласындағы медициналық энциклопедиялық ғылыми еңбек деп баға берген.

(Бекасыл әулие жөнінде және «Зикзал» кітабы мен ондағы обаның бетін қайтарған дұға туралы белгілі аудармашы Зәріпбай Жұманұлы Оразбай bekasyl.kz сайтында кеңінен баяндаған)


Сонымен Бекасыл әулиенің «Зикзал» кітабында індетті қайтаратын дұға жөнінде не делінеді?


Кітаптың 237-бетінде былай деп жазылған: «Кезінде Қашғар өңірінде оба ауруы тарап, күн сайын қаладан бес жүздей адамның мəйіті шығарылатындай жағдайға жетті. Қашғардың ғұламалары бұл жағдайдың шешімін таба алмай, қандай амал жасауды білмей əбден бастары қатып дал болды. Содан бұл хабар Балх ғұламаларына жетіп, олар бұл аурудың емделу жолы ретінде мына бір сегіз аятты көрсетіп: «Бұларды жазып, адамдар үйлерінің қақпалары мен есіктеріне байлап қойсын», - деп, Қашғар ғұламаларына хабар жіберіпті. Қашғар ғұламалары Балх ғұламаларының айтқанын орындағаннан соң ел індеттен арылған екен.


ОБАНЫ ҚАЙТАРАТЫН ДҰҒА

Құран сүрелерінің аяттарынан құрастырылған дұға.

Бисмиллахир-рахманир-рахим.


Қул ләй йусиибәнә иллә мә кәтәбаллаһу ләнә һууә мәуләнә уәъалаллаһи фәлйәтәуәккәлил муъминуун (Тәубә сүресі, 51-аят)


Уәий йәмсәскаллаһу бидуррин фәлә кәшифә ләһу иллә һууә уәий йәмсәскә бихайрин фәһууә ъалә кулли шәйин қадиир (Әнғам сүресі, 17-аят)


Уәий йәмсәскаллаһу бидуррин фәлә кәшифә ләһу иллә һууә уәий йуридкә бихайрин фәлә рәддә лифәдлиһ йусиибу биһи мәй йәшәу мин ъибәдиһ уәһууәл ғафуурур рахиим (Юнус сүресі, 107-аят)


Уәмә мин дәббәтин фиил әрди иллә ъалаллаһи ризқуһә уәйәъләму мустәқаррәһә уәмустәудәъаһә куллун фии китәбим мубиин (Һуд сүресі, 6-аят)


Иннии тәуәккәлту ъалаллаһи раббии уәраббикум ммә мин дәббәтин иллә һууә әхиз̃ун бинәсийәтиһә иннә раббии ъалә сирәтим мустәқиим (Һуд сүресі, 56-аят)


Мә йәфтәхиллаһу линнәси мир рәхмәтин фәлә мумсикә ләһә уәмә йумсик фәлә мурсилә ләһу мин бәъдиһ уәһууәл ъазиизул хәкиим (Фатыр сүресі, 2-аят)


Уәләин сәәлтәһум мән халәқас сәмәуәти уәләрда ләйәқуулунналлаһ қул әфәрәәйтум мә тәдъуунә мин дууниллаһи ин әрәдәнийаллаһу бидуррин һәл һуннә кәшифәту дурриһи әу әрәдәнии бирәхмәтин һәл һуннә мумсикәту рәхмәтиһ қул хәсбийаллаһу ъаләйһи йәтәуәккәлул мутәуәккилуун (Зумар сүресі, 38-аят)


Уәқул жәәл хаққу уәзәһәқал бәтил иннәл бәтилә кәнә зәһууқа. Уәнунәззилу минәл қурәни мә һууә шифәуу уәрәхмәтул лилму'миниинә уәлә йәзиидуз залимиинә иллә хасәрә (Исра сүресі, 81-82 аяттар)


ДҰҒАНЫҢ ҚАЗАҚША МАҒЫНАСЫ

Мейірімді де рақымшыл Алланың атымен (бастаймын).

(Ей, Мұхаммед (Алланың оған амандығы мен сəлемі болсын!) оларға): «Бізге (де, сендерге де) Алланың біздерге арнап (тағдырларымызға) жазып қойған (қуаныш бола ма, қайғы бола ма тек сол) нəрсе ғана келеді (тағдырға жазылғаннан ешкім қашып құтыла алмайды). Ол (Алла) – біздің Иеміз, сондықтан мүміндер тек Аллаға ғана тəуекел қылсын (сүйенсін)!» деп айт» (Тəубе сүресінің 51-аяты).


«Ал егер, Алла сені бірер қиыншылыққа ұшыратса, бітті, (онда) одан өзге оны (ол қиыншылықты) ешбір тоқтатушы болмайды. Ал егер, (Алла) саған бірер игілік жеткізсе (ол игілікке де Алланың өзінен басқа ешкім тосқауыл бола алмайды), Ол əр нəрсеге қадір» (Əнғам сүресінің 17-аяты).


«(Ей, Мұхаммед (Алланың оған амандығы мен сəлемі болсын!)) егер Алла саған бір зиян жеткізсе, онда оны оның (Алланың) өзінен басқа қайтарушы (күш) жоқ. Ал егер саған бір жақсылықты қаласа, оның кеңшілігін қайтарушы жоқ. Оны (Алла) өзінің пенделерінің қалағанына береді. Ол өте кешірімді, асқан рақымшыл» (Юнус сүресінің 107-аяты).


«Жер бетінде қандай жанды зат болса да, əлбетте оның ырзығы (қорегі) Алланың еншісінде. Ол (Алла) олардың (жанды заттардың) тұрақтарын да, тұрақсыз орындарын да біледі. Барлығы анық (баяндалған) Кітапта («Лаухүл махфузде» жазып қойылған)» (Худ сүресінің 6-аяты).


«Əлбетте, мен: менің Раббым, сондай-ақ сендердің де Раббыларың (болып табылатын) Аллаға тəуекел еттім. Қандай қыбырлаған жанды зат бар болса,əлбетте оның несібесі оның (Алланың) қолында. Сөз жоқ, Раббым ең тура жолда» (Худ сүресінің 56-аяты).


«Алла адамзатқа бір мейрімділігін ашып қойса (сыйласа), оны бөгеп қалушы(күш) болмас. Ал енді бөгеп қалса, оның бөгеген нəрсесін оның соңынан жіберуші жоқ. Өйткені, асқан құдірет жəне хикмет (даналық) иесі» (Фатыр сүресінің 2 аяты).


«(Ей, Мұхаммед (Алланың оған амандығы мен сəлемі болсын!), егер сен олардан:«Көктер мен жерді кім жаратты?» деп сұрасаң, əлбетте олар: «Алла» дейді.Оларға айт: «Көрдіңдер ме? (айтыңдаршы) егер Алла маған бірер зиян жеткізуді қаласа, сендер Алланы қойып, өзге жалбарынып жатқан нəрселерің (пұттарың) оның зиянын арылта ала ма? Немесе Алла маған бір игілік қаласа, олар (сендердің пұттарың) оның игілігін бөгей ала ма?». Жəне айт: «Алланың өзі (көмек беруде) маған жеткілікті. (Шынайы) тəуекел етушілер оған тəуекел етеді» (Зүмәр сүресінің 38 аяты).


«(Біз) Құраннан мүміндер үшін шипа жəне рақмет болатын нəрселерді түсіреміз. Ал енді, (бұл аяттар) залымдар (кəпірлер) үшін тек азапты ғана арттыра түседі» (Исра сүресінің 81-82 аяттары).


Бірнеше ғасыр бұрын Қашғар өңіріндегі обаның бетін қайтарған қасиетті дұға осы. Мүмкін бұл дұға біздің еліміздегі індетке де шипа болар. Ендеше, арабша нұсқасын қағазға жазып, үйіңіздің есігіне және сыртқы қақпаға байлап қойыңыз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ПНЕВМОНИЯны АФФИРМАЦИЯмен ЕМдеуге бола ма?


ҚОРҚЫНЫШТЫ жеңген адам ІНДЕТТІ де жеңеді