Қандай бокалмен шай ішіп жүрсіз? (тест)

0
5 364

Суреттен бір бокалды таңдап, өзіңіздің және оның мінез сырларын біліп алыңыз.


Қандай бокалмен шай ішіп жүрсіз? (тест)

Адам көбіне басқаның мінез-құлқын, қабілет-қарымын білгенімен, өзіндегі барды көре бермейді. Ал психологтар өзін жақсы танитын адам жетістікке жылдам жете алады дейді.

Олай болса, өзіңізге құпия қыр-сырыңызды мынандай психолоиялық тест арқылы біліп алыңыз.


Сіздің сүйікті бокалыңыз суреттегі 6 ыдыстың қайсысына ұқсайды?



№1 бокал

Кейбір адамдар суретті, жазуы бар, түрлі түсті ыдыстарды ұната бермейді. Олардың үстелінен аппақ бокалды көруге болады.

Егер сіз де ешнәрсесімен ерекшеленбейтін ақ түсті қарапайым бокалды пайдаланып жүрсеңіз, сөзі мен ойы еркін, мейірімді жансыз. Бұндай бокал иелері ұқыпты, үйде де, жұмыста да барлық зат өз орнында тұрғанын талап етеді.

Өзгерісті ұнатпайды. Барлық жаңа нәрсе оларды қорқытады. Тәуекелге бармайды. Табысы бір басына жетсе, бастысы ешкімге жағымпазданбай, жалтақтамай тыныш өмір сүргенді қалайды.



№2 бокал

Пішіні жануар тәріздес немесе жан жануар мен құстың, адамның суреті бар бокалдарды ұнататындар барлық ортаға тез сіңіп кете алатындар. Олардың ерекшелігі – баланың да, үлкеннің де тілін таба алатындығында. Жылап отырғанды әп-сәтте күлдіре алатын көңілді жан. Бірақ кейде эмоциясын басқара алмай, өзін жұбатуға күш-қуаты жетпейді. Өйткені ол өзінен гөрі өзгелерге көп уақыт бөледі. Мейірімді, жанашыр.

Позитивті. Жомарт, кеңпейілді, сондықтан да оның досы да, танысы да көп. Бірақ көбіне басқаларға көмектесемін деп өз өмірін шетке ысырып қоятын кемшілігі бар.



№3 бокал

Көпті тыңдата алатын, өзіне қарата алатын, ортасын үйіріп әкететін қасиеті бар. Олардан мықты ұйымдастырушы, басқарушы шығады.

Еңбекқор. Көп уақыты мен қуатын жұмысына арнайды. Мақсатына жетпей қоймайды.

Ол бүкіл өмірін бақылауда, әрқашан назарда ұстауға тырысып, әр күнін жоспарлайды. Қатаң тәртіпке бағынады. Бірақ болмашыға тез ашуланады.


№4 бокал


Жазуы бар бокалдардың иесі мақтансүйер, өзін қатты жақсы көреді. Алайда сырын да, жеке өмірін де жасырып ұстайды. Қорқынышы басым. Табиғаты тұйықтау болғандықтан ол өзінің қандай екенін, өмірлік ұстанымдарын, ойын бокалындағы жазулар арқылы айналасындағыларға «айтқысы» келеді.

Психологтардың айтуынша, сөзге шорқақтау, ұяң адамдар жазуы бар бокалды сатып алатын көрінеді.



№5 бокал

Гүлдің, жемістердің немесе табиғаттың суреті бар бокалдарды ұнатсаңыз, бұл сіздің шығармашылыққа жақын екеніңізді білдіреді. Көңілі таза, жаны жайсаң жандар.

Олар ортаның гүлі болуды, көптің сөзінде болғанды жақтырмайды. Өйткені эмоциясына артық күш түссе тез шаршап, қуаты сарқылып қалады. Қысқаша айтқанда тіл-көз тисе әлсіреп қалатын бала секілді. Расында да олар бала сияқты болмашыға қуанып, әлдебіреудің дауыс көтеріп сөйлегеніне ренжіп қала салады.



№6 бокал

Көп бокалдың ішінен мөлдір, шыны ыдысты алатындар өте ашық, ешнәрсені ішінде сақтамайтын жандар. Кейбіреулер секілді үйінде басқа, ал сыртқа басқаша боп көрінуді ұнатпайды. Өміріндегі жаманды да, жақсыны да жұртқа жария етуден ұялмайтын шынайы адам.

Әділ. Алдау-арбау, бөтеннің ала жібін аттауға жаны қас. Сатқындықты, өтірік сөйлегендерді кешірмейтін адам.

Басты кемшілігі – көп сөйлейді және сыр жасыра алмайды.


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Сізге қай ТҮС ұнайды? (тест)

НЕГЕ жұмысыңды жақсы көру керек?