Суреттен ең бірінші қай жануарды көрдіңіз?
Фото: pbs.twimg.com
Адамның фотосына қарап оның қандай жан екенін шамалап білуге болады. Дәл сол сияқты оның көп сурет ішінен таңдағанына қарап та мінез қасиеттерін болжауға болады дейді психологтар.
Олай болса, байқап көрейік. Мынау суретке қараңыз, онда ағаш арасына жасырылған бірнеше жануар бар. Қайсысын бірінші көрдіңіз?
1. ЖИРАФ
Егер психологиялық суреттен бірінші жирафты көрсеңіз, ойлау деңгейіңіз жоғары, ұшқыр болғаны. Алдыңызға ірі мақсаттар қоя аласыз. Өз айналаңызда ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жеткендердің қатарында болғанды қалайсыз. Бірақ қарапайым өмір сүргенді, қарапайымдылықты ұнатасыз.
Тыныштық – басты құндылығыңыз. Сондықтан да ойы таяз адамдардан, өсектен бойыңызды алыс ұстайсыз.
Ойлану мен қиялдан гөрі уақытыңызды әрекетке көп жұмсасаңыз, талай іс тындырып тастауға әлі де кеш емес. Өйткені жолы болғыш жансыз.
2. АРЫСТАН
Көзіңіз бірінші аң патшасы – арыстанға түссе, өз ортаңызда сыйлы, құрметтісіз. Өзгелер сіздің қайсарлығыңызды, батылдығыңызды жақсы көреді.
Күш-қуатыңыз тек физикалық және материалдық құндылықта емес, сонымен бірге өзіңізге деген сенімде. Өзіне сенімді, өмір дауылы қай жақтан соқса да әрқашан қиындыққа дайын адамсыз.
Мүмкін қайғы мен қиындықты оңай еңсеруге сіздегі салқындандылықтың көп көмегі тиетін шығар?! Сырт көз сізді қатал, суық адамға балайды. Тек жақын араласқанда ғана жүрегіңіздің жұмсақ, мейірімді екеніңізді біледі.
3. ТҮЙЕ
Өте өміршең, төзімді, шыдамды адамдар суреттегі көп жануар арасынан түйені бірінші көреді. Мұндай адамдар басына қандай тауқымет түссе де қасқайып оны көтере алады және сыртқа білдірмейді. Мүмкін ол барлығын көтере алатындықтан, оған тағдыр да кейде қатыгездік, әділетсіздік көп танытатындай...
Өте еңбекқор. Сондықтан болар, ол ешнәрседен қорықпайды. Еңбекпен бәрін жеңуге болатынына сенеді.
Олар өзгелерге де қолынан келгенше көмегін аямайды. Бірақ көңілі бір қалса, қайырылмайды.
4. ПІЛ
Пілдің силуэтін көрдіңіз бе? Жаны терең, ойлы дана адамсыз.
Ұсақ-түйекті әңгіме ететіндерді ұнатпайсыз. Өйткені өзіңіз не нәрсені де кеңінен ойлайтын, кеңінен пішетін, ұзаққа қарайтын тұлғасыз.
Өз ісіңізге пысықсыз. Жоспарыңыз орындалмайынша оны ешкімге айтпайсыз. Нендей жағдай болса да көздеген мақсатыңызға қарай қадам жасауды тоқтатпайтындығыңызбен ерекшеленесіз. Майда қадам жасасаңыз да әйтеуір діттегеніңізге жетпей қоймайсыз.
Кешірімдісіз, бірақ ұмытпайсыз. Әйтсе де, көңілді жүретініңіз, әзілқойлығыңыз бәріне ұнайды.
5. ДОҢЫЗ
Көп адамда кездесе бермейтін табиғи дарын, ақылдылық, зор интеллектілікпен ерекшесіз. Алайда көбінесе өзгелер сізді бағалай бермеуі мүмкін. Өйткені қолыңыздан не келетінін, қабілеттеріңізді, істеріңізді айқайлап айтқанды, жария еткенді ұнатпайтын жансыз.
Көзге мақтағанды жағымпаздыққа жатқызасыз, мақтаусүйер емессіз, ешкімді мақтамайсыз.
Табиғат берген дарын мен талантты кейде өзіңіз де мойындай қоймайсыз. Өз қабілеттеріңізге сеніп тәуекел етсеңіз, алар асуыңыз көп. Әйтпесе көптің бірі боп, қарапайым күн кешесіз.
6. ЖЫЛҚЫ
Бостандықты, еркіндікті бірінші орынға қоятындар. Ойға, сөзге, тіпті қалауына шектеу қойғанға олар шыдай алмайды.
Үйдің емес, түздің жұмысына бейім. Сондықтан олар кеңседегі, бір орында отырып істейтін жұмыстарда көп жетістікке жете алмайды. Ол үнемі физикалық қозғалыста болғанда ғана «тауды қопарады».
Қызуқанды, өмірге құштар. Думанды ортада, көңілді кештерде, көбіне сыртта жүргенімен, олар отбасына берілген, жақын адамдарына өте адал, махаббатта тұрақты.
7. АЮ
Күшті, ерік жігері мықты, өзін-өзі басқара алатын адам. Осы қасиеттерінің арқасында ол қатарының алды.
Тартымды. Айналасына жылулығын, нұрын шашып жүреді. Бірақ онымен ерегісуге, ренжітуге, сезімімен ойнауға болмайды. Өйткені өте кекшіл, аямайды.
Бір жақсы қасиеті, ол болмашыны проблемаға айналдырмайды. Кез келген тығырықтан жол тауып шыға алады.
8. ИТ
Шыншыл, мейірімді, қамқор жан. Жасаған жақсылығын міндетсінбейтін, оның қайтарымын ешқашан күтпейтін бірден-бір жан.
Адалдықты, адами қасиеттерді бағалайды. Жақын адамдары үшін өзін құрбан ете алады. Басқалардың жақсы, бақытты болуы үшін өмірін, күш-қуатын арнайды. Ол үшін жақын адамдарының тыныштығы, сыйластық қарым-қатынасы маңызды. Сәл жалқаулығы да бар. Осыны жеңе білсе, бәріне жылдам жете алады.
Бір жаманы, ол өзін, өз өмірін кейінге қалдыра береді...
Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,
Тағы да оқыңыз:
БОЙДАҚТАРҒА АРНАЛҒАН: жыл соңына дейін отбасылы болғың келе ме?