​Мұндай ӘЙЕЛ еркектерге ұнамайды

0
2 595

Психологтар бұлардың некесі сәтсіз немесе келте болуы мүмкін деп пайымдайды.


​Мұндай ӘЙЕЛ еркектерге ұнамайды

фото: iproov.com

Отбасы құру үшін алдымен екі адам бір-бірін ұнатуы керек. Десек те әйел ұнатқанымен, еркектің оған деген көңілі болмаса некелік өмірдің басталмайтыны белгілі. Өйткені үйленетін әйел емес еркек.

Сондықтан да әйел ер-азаматтарға қандай жардың ұнамайтынын білуі тиіс дейді психологтар.

Мамандардың зерттеуінше, мынандай әйелдерден еркектер алғашқы кездесуден кейін-ақ қашады екен. Немесе байланыс жалғасқанымен, ұзаққа бармайтын көрінеді. Олар қандай әйелдер?



1. Құрбан әйел

Үнемі шағымын айтатын әйелді психологияда «құрбан әйел» деп атайды. Оған жуып кетсеңіз, өміріндегі келеңсіздіктерді, тұрмыстық мәселелерін, туысқандарымен араздығын, кімнің қалай опасыздық жасағанын, кім сыртынан өсек айтып жүргенін тізбектеп айтып шығады. Жұрттың бәрі кінәлі. Тым болмағанда саясатты, мемлекетті кінәлайды.

Құрбан әйел осылай өзінің жалғыз, қолдауға, көмекке мұқтаж екенін білдіргісі келеді. Кейде денсаулығына шағым айтып, манипулациялайды. Өйткені оның түсінігінше махаббат – аяушылық сезімі.

Әрине еркектің кейбірі мұндай әйелге сөзбен, қаржылай жәрдем беріп, оның мәселелерін шешіп, қорған болуды қалайды. Бірақ көп өтпей жалығып, шаршайды. Өйткені бақытты болуы үшін барлық жағдайын жасаса да, бұндай типтегі әйелдің көңілін табу, шағым айтуын қойдыру қиын.

Егер екі-үш кездесуден соң асығыс үйленіп кетсе, амал жоқ шыдайды. Алайда көп еркектің шағымдана беретін әйелмен бірге тұруға жүйкесі төтеп бере алмайды. Сондықтан да дос ретінде арласып, тіпті азаматтық некеде тұруы мүмкін, бірақ үйленуге келгенде «жоқ» дейді.



2. Юбка киген еркек

Бұл «Өзім істей салам» деп, үйдің де, түздің де жұмысын атқарып, барлық жауапкершілікті өз иығына асып алатын әйел. Ол бірте-бірте әйелдік нәзіктігін жоғалтады, өзінің әйел екенін ұмытады.

Біріншіден, ешкімге сенбейді, жұмысты сеніп тапсыра алмайды. Екіншіден, отбасында ең басты адам болғысы келеді. Үшіншіден, қуаты өте көп. Сондықтан да барлық жұмысты жапырып істейді.

Бірақ ол да шаршайды, сондайда «Менің арқамда адам болдың», «Мен болмасам, әлі времянкада тұратын едің», «Басқа әйел әлдеқашан сенен кетіп қалар еді», «Мен...» деген сөзді жиі айтады. Ал бұндай сөз еркектің намысына, шамына тиеді.

Сондай-ақ еркек типтес әйелдің көңіл күйі болмай қалса, күйеуін де, балаларын да жүгіртіп, «қырып жояды».

Көнбіс, жуас еркек болмаса, басқасы әйелінің «отағасы» болғанын қаламайды.



3. Базар әйел

Мәдениетсіздеу, тілдік қорында паразит сөз көп. Жүріс-тұрысы, қылығы әйелге тән емес. Сызылуды, сабырлылық танытуды, әдеп сақтауды білмейді. Жағдайдың мәнісін түсінбей жатып ұрысуға дайын тұрады.

Күлкісі дарақы, қиымыл дөрекі. Талғаммен киіне алмайды. Сымбатына, өзіне көңіл бөлмейді. Жүрген жері дау-дамай, жанжал. Ол үшін бірінші орында адамгершілік емес, материалдық құндылықтар тұрады. Бұндай типтегі әйелден еркек тек «еркекті» көреді, сондықтан да кәсіпте, жұмыста араласқанымен, бірге өмір сүруі қиындық тудырады.



4. Жеңілтек әйел

Ол өзінің сұлулығын, тартымдылығын барлық ортада көрсетуге тырысады. Еркектердің назарын аудару үшін баттастырып боянады, ашық-шашық киінеді.

Көңіл көтергенді, ырду-дырду ортаны жақсы көреді. Көбіне бұндай қыздар аңғал, ақкөңіл боп келеді. Еркектерге онымен байланыс орнату, тіл табысу жеңіл, бірақ өмірлік жарының, балаларының анасы осындай типте болғанын қалайтындар аз.



5. Ақымақ әйел

Қайбір жылдары ақымақ әйелдер сәнде болғаны рас. Алайда қазір «Көп нәрсеге білімі жете бермейтін, сенімен, табысыңмен жұмысы болмайтын, қызылды-жасылды дүниеге тез алданатын ақымақтау әйелге үйлен» дегенмен келісетін еркек кемде-кем.

Көбіне «ақымақ әйелді» бір мейрамханаға апарып, бір десте гүл мен иіссу сыйлап «сатып алу» оп-оңай.

Айтқанға тез алданатын, үйдің тірлігінен басқамен шаруасы жоқ әйел еркектер үшін қызықсыз.



6. Гедонист әйел

Ол шопоголик, қыдырғанды, кафеден тамақтанғанды, әсемдік салондарды, құрбыларын таңқалдырғанды, трендтерді жақсы көреді. Әңгімесі киім, косметика, алтын, мейрамханалардан әрі аспайды. Сондықтан да еркек онымен ортақ тақырып таба алмайды.

Үй, жұмыс, тұрмыстық мәселелер емес, оны күйеуі еңбек демалысын алғанда қайда бару, тойға не кию қызықтырады. Қарызы көп болса да ол үшін барлық нәрсенің дәмін татып көру, құрбылары барған демалыс орындарына бару, әдемі киіну маңызды. Үйі шашылып жатса да оның тырнағы боялған, киімі үтіктеулі. Ыдысы түгел болмаса да, төсек жаймасы тозып кетсе де бұндай әйел өзіне киім, косметика сатып алуға, қыдыруға ешқашан «тоймайды».

Гедонист әйелді қасына ертіп жүруге көп еркек қызыққанымен, үйленуге келгенде ойланып қалатыны аз емес.


Бұл «бұндай типтегі әйелдер отбасы құрып, бақытты өмір сүре алмайды» деген сөз емес. Тек некесі сәтсіз немесе келте болуы мүмкін деп болжайды психологтар.

Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Ішетін әкенің балалары қандай болады?


Ажырасқан ата-аналар НЕНІ білуі керек?