НЕГЕ біреудің тағдырын талқылауға БОЛМАЙДЫ?

2
5 980

Бұл сұрақ сізді де ойландырып жүр ме? Онда оқыңыз!


НЕГЕ біреудің тағдырын талқылауға БОЛМАЙДЫ?

Біреудің тағдырын талқылауға болмайтынын білсеңіз де, осы бір жаман әдетті қоя алмай жүрсіз бе? Психологтар «Өз өміріңізге қиындық пен жамандықты шақырмас үшін тағдырды талқылауды қойған жөн-ақ дейді.


ӨЙТКЕНІ...

Адам эмоционалдық қарым-қатынас кезінде қаласа да, қаламаса да сол адамның күйін ксерокөшірме жасап алады екен. Бұл адамның сол сәттегі эмоциясының деңгейіне байланысты бүкіл күйін, я болмаса бір бөлігін өз көңіл күйі мен өміріне «көшіреді». Ал эмоцияға қызығу, күйіну, кінәлау, келемеждеу, қуану да жатады. Ендеше, абай болыңыз!

Жалпы, мамандар эмоцияны адам тағдырымен байланысқа түсетін желіге теңейді. Жалпыға түсінікті тілмен айтсақ, вай-фай дегеніміз дұрыс болар?! Эмоцияңыз оның өміріндегі жағдайлармен «қосылды» ма, паролі сақталып қалады да, ойша жақындап кетсеңіз болды желіге қосыла бересіз. Автоматты түрде оның өмірлік пьесасына қатысасыз.


Бұны қалай білуге болады?

  • Өмірін талқылаған адамның басындағы мәселелер сіздің өміріңізде орын ала бастайды;
  • «Не үшін оның жағдайы менде қайталанып жатыр?», «Мен ешкімге күлген жоқпын ғой, неге басыма келді» деген сұрақтарға жауап іздейсіз;

Психологтардың зерттеуінше, адам мынандай жағдайларда эмоционалдық байланысқа түседі екен:


  • Ғашық болғанда
  • Достасып, сырласқанда
  • Ұрысқанда
  • Аяп, жәрдемдескенде
  • Ол туралы өсек айтқанда
  • Қарыз беріп, ақшаның қайтуын ойлай бергенде
  • Өміріне қызыққанда
  • Интимдік қатынасқа барғанда
  • Тағдырын талқылап әңгімеге тақырып еткенде...

Осындай жағдайларда және бұны әңгімелегенде эмоцияға берілмей қоймайды. Сондықтан да жағымды не жағымсыз жағдай сценарийінің әйтеуір бір бөлігі сіздің де өміріңізде қайталанады. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген. Бірақ сол жағдай мен оқиғаны өзі эмоциялық байланыспен «шақырып» алғанын аңғаратындар өте аз. Өйткені, трагедиялық, драмалық, тіпті қуанышты жағдайлар кезінде ешкім оның неліктен орын алып жатқанын ойлап саралап жатпайды, шамасы да келмейді.

Сіз де бұған дейін эмоционалдық байланыстың қандай жағдайға апаратынын білмеген болсаңыз, енді біліп алдыңыз.

Олай болса...

  • Жаныңыздың ашитынын білдіру үшін жылағанмен қосылып жылауды доғарыңыз.
  • Жағдайы тым нашарды, ауру адамды көргенде «Алла аясын», «Құдай жарылқасын» деп айтыңыз. Бұндай сөздер эмоцияға берілмеуге көмектеседі.
  • Әлеуметтік желілердегі қайғылы оқиғаларды көрмеуге және таратпауға тырысыңыз.
  • Қарызға батып қалған туысқаныңызды, құмар ойынынан зардап шегіп немесе арағын қоя алмай жүрген танысыңызды көрген сайын «Неге олай болды екен?», «Бұл бала неге тура жолдан тайды?» деп уайымдай бермеңіз. Уайымдау – жәрдем емес.
  • Әркімнің жеке өмірін талқылап, «Дұрыс», «Бұрыс» деп баға беруді тоқтатыңыз.
  • Туған-туыс, бауырларыңыздың ақымақтығын, қателігін басқаға айтып, жамандамаңыз.
  • Өзгелер тәлкекті тағдырларды талқылап жатқанда бейтарап қалыңыз.
  • Өсекке араласпаңыз.


Осы аталған әдет-дағдылардан арылсаңыз, өміріңізде аяқ астынан орын алатын пәле-жала, қайғы-қасірет пен мәселелерден аулақ боласыз дейді психологтар.

Әрине қиын, бірақ өзіңіз бен өз өміріңізге көбірек уақыт бөлсеңіз, өзгенің тағдырын талқылау мен өсек айтудан қалай тыйылғаныңызды байқамай да қаласыз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Ж. Смағұлова

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

БІР-ақ СҰРАҚпен адамды тануға болады (қызықты тест)

Дегеніңізге жету үшін өмірдің МЫНА бұлжымас 5 ЗАҢЫН білуіңіз керек