Ата-енеңіздің, күйеуіңіздің (әйеліңіздің), болашақ жарыңыздың мінезінің оң және теріс жақтарын біліп алғаныңыз артық болмас.
фото: mobile.lotolev.ru
«Тиынның екі жағы болады» дейді даналарымыз. Сол сияқты мінсіз адам жоқ. Барлық адамның ұнамды және ұнамсыз мінезі бар. Сіздің де!
ТОҚТЫ
+ тез тіл табыса білу; шыншыл; батыл; сезімтал; белсенді; қайсар; тәуекелшіл.
- қызба; асығыс шешім қабылдайды; шағымданғыш;; тәкаппар; мақтаншақ; дөрекі; шыдамсыз: қызғаншақ.
ТОРПАҚ
+ тиянақты; тұрақты; әділ; еңбексүйгіш; жауапты; қонақжай; діттеген мақсатына жетпей тоқтамайды;
- айтқанынан қайтпайды; қызғаншақ; жайбасар; сараң; өзін-өзі тым қатты жақсы көреді; көрсеқызар; қорқақ.
ЕГІЗДЕР
фото: telletet.ru
+ көпшіл; алғыр; жаңаны үйренуге қабілетті; рухани бай; сергек; ақылды; ойы ұшқыр; қуатты.
- өзгенің пікіріне көп алаңдайды; екіжүзді; ашушаң; мылжың; тұрақсыз.
ШАЯН
+ сенімді дос; көпшіл; талантты; кең пейліді; сыпайы; отбасына адал; қамқор; мейірімді;
- уайымшыл; жасқаншақ; қазымыр; өкпелегіш; жалқаулау; өгермелі көңіл күй; сынды көтере алмайды; түймедейді түйедей етіп көру.
АРЫСТАН
+ мақсатшыл; әділ; кеңпейіл; батыл, батыр; жомарт; қиын жағдайлардан жылдам шыға біледі; адам жанын жақсы түсінеді.
- бірбеткей; азарттық ойындарға құмар; өзіне тым сенімді; қатал; қыңыр, қырсық; мақтаншақ; енжар; айтқанға көнуі қиын.
БИКЕШ
+ ұқыпты; интеллектуалды; кез келген нәрсеге сараптама жасай алады; тәртіптің құлы; жаңаға құштар; қырағы; еңбекқор; жақсы кеңесші.
- тез ренжиді; міншіл; сезімге салқын, суық; қызғаншақ; айналасына тым талапшыл; күш-қуатты сарқа жұмсайды.
ТАРАЗЫ
+ ұстамды; шыншыл; кез келген ортаға жылдам бейімделе алады; жауапкершілігі мол; әсемдікке құштар; креативті; мәселені бейбіт жолмен шеше біледі; дипломатиялық қабілетті; татулықты сүйеді
- өзінен бұрын, өзгені сендіруге ұмтылу; айналасындағылардың пікіріне көп ереді; өзгенің қолдауына зәру; өзіне сенімсіз; өзгеге тәуелді; байлыққа құмар; беймаза, күйгелек; қанағатсыздық; тез жалығады.
САРЫШАЯН
фото: syl.ru
+ белсенді; жауапкершілігі мол; мақсатшыл; сенімді дос; әзілқой; есепке жүйрік; табанды; шыдамды
- билікке құмар; эгоист; өзгені мұқатуға шебер; кекшіл; күмәншіл; іштарлық бар; қу, айлакер.
МЕРГЕН
+ батыл; жолы болғыш; барлық адамға ұнайды; мейірімді; өзгеге көмектескенді ұнатады; оны алдау қиын; оптимист; жомарт; адал
- тік, бірбеткей; ренішті ұмытпайды; эгоист; маңызды мәселелерге атүсті қарайды; азарттық ойындарға құмар; қызба; тәртіпке бағынбайды.
ТАУЕШКІ
+ мақсатына жетпей қоймайды; турашыл; көшбасшы; өзін-өзі аямай еңбек етеді; шыдамды; табанды; әр күнін жоспарлайды; тәртіпті
- өзімшіл; пессимист; арсыздау; өзгерістен қорқады; ешкімге сенбейді; сараң; қырсық.
СУҚҰЙҒЫШ
+ адамды тану қабілеті жетілген; жаңашыл; мейірімді; әзілқой; ақылды;
- тым эмоционалды; тәкаппар; құбылмалы; өте салқын.
БАЛЫҚТАР
+ дарынды; әртістік қабілеті мол; жомарт; мейірімді; қайырымды; түсінігі мол; тапқыр; шешен; ойлау қабілеті кең.
- көңіл күйіне тәуелді; күмәншіл; қызғаншақ; епсіз; жалқау; күйгелек; аңғал, аңқау.
Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,
Тағы да оқыңыз: