Осы 5 МҮШЕсін жауласаңыз – КҮЙЕУІҢІЗ айтқаныңызды екі етпейді

0
31 079

Психолог мамандар еркектің жүрегін жаулаудың ең нәтижелі бес тәсілін айтты. Бұл әдісті әйел көңілін баурау үшін еркектер де пайдалануына болады.


Осы 5 МҮШЕсін жауласаңыз – КҮЙЕУІҢІЗ айтқаныңызды екі етпейді

Жігітінің жүрегін жаулай алмай, күйеуінің тілін таба алмай жүрген қыз-келіншек көп. Құрбыңыз сізге де «Диета ұстап арықтадым, сонда да күйеуім көңіл бөлмей жүр» деп, ал тұрмысқа шықпаған әріптесіңіз «Бетімді жуу қиындық тудырса да жігітіме ұнау үшін кірпік жапсырып жүрмін, сонда да ол үйленуге асығар емес» деп шағымын жиі айта ма?


Әйелдердің қателігі – олар еркектің бес мүшесін бірден жаулауды ойламайды. Ал, бес сезім мүшесінің біреуін ғана немесе екі-үшеуін ғана жаулаудан нәтиже шықпайды.

Бес сезім мүшесін толық жаулағаныңызда ғана күйеуіңіз (жігіт) айтқаныңыздың бәрін орындайтын болады.


Айтқаныңызбен жүріп, дегеніңізге көнгенін қалайсыз ба? Ендеше, мынандай бес сезім мүшесін жаулауға кірісіңіз.


КӨЗ

Көп арасында кеңінен тараған «Еркек көзбен, әйел құлақпен сүйеді» деген сөз бар. Бұл рас. Әдемілікке тамсанбайтын, сұлу қызды көргенде мойнын бұрып қарамайтын еркек жоқ шығар, сірә?!

Бір ақын ағамыз айтпақшы, «Сұлу болмау әйелге қылмыспен тең». Қысқаша айтқанда, сұлулық бұл – майсыз (әрдайым таза жуылған) шаш, майсыз (күтім жасалған) тері, майсыз (артық салмақсыз) дене.

Әрине, сұлулықты әркім әрқалай суреттейді. Алайда психологтардың айтуынша, еркектер арасында жүргізілген сауалнамада басым бөлігі «сұлулық – тазалық» деп жауап берген екен. Олай болса, денеңізді де, киіміңізді де, үйіңізді де, иісіңізді де, сөзіңіз бен арыңызды да – таза ұстаңыз әрдайым.


ТІЛ (ауыз)

Әйтсе де, тек сұлулығыңызбен ұтарыңыз аз. Мелодрамалық фильмдерде отбасылы еркек уақытша қызық қуып, сұлу бикешпен көңіл қосып жүреді. Бірақ, көп ұзамай-ақ тек сыр-сымбатын күтіп, тырнағын бояп отыратын одан жалығады. Неге?

Ол үйіндегі әйелі өз қолымен дайындайтын дәмді тамақтарды сағынады. Ал, сұлу бикеші әрқашан дайын тағамдарға тапсырыс береді.

Осы орайда "Еркектің жүрегіне асқазаны арқылы жол табасың" деген сөзді әрдайым есте ұстаңыз. Бұл ескі нақыл болғанымен, оның мәні ешқашан ескірмейді. Бұрынғының да, қазіргінің де еркекгінің ашуы тек аспен тарқайды және олар дәмді тамақты жақсы көреді.

Ендеше, өзіңіз кешке сағат 18-ден кейін тамақ ішпесеңіз де (көзі арқылы жүрегін жаулаймын деп) міндетті түрде күйеуіңіздің сүйікті асын әзірлеп беруіңіз керек. Бүгінде интернетте дәмді әрі түрлі астың рецепті толып тұр. Ас мәзірін түрлендіріп отырыңыз және уақытылы дайындаңыз.


ҚҰЛАҚ

Әйелдер ғана емес, еркектер де құлақпен «сүйетінін» есте ұстаңыз. Сондай-ақ, әйелге қарағанда еркектер мақтаусүйер боп келетіні де белгілі.

Өмірлік тәжірибесі мол апаларымыздың «Еркектер бала секілді ғой, алдай салсайшы» деп отыратыны да бекерге емес шығар. Олай болса, мақтай салыңыз. Әрине, мақтау сөздеріңіз шынайы болғаны жөн.

Ал, мақтай алмайсыз ба, онда «жаным», «бағым», «отағасы», «қорғаным» деген «дәмдеуіш сөздерді» күніне бір рет сөз арасына қосып айта салыңыз. Қиын ба?

Тым болмаса ол жалақы алып, коммуналдық төлемдерді төлеп келгенде «Жаным, сен болмасаң қайтер едім?!» деп айтуға қиналмай-ақ қойыңыз.

Еркектер де өзін бағалағанын, «комплимент» айтылғанын қалайды.

Сонымен қатар, ұрыс-керіс кезінде оның көңілін жығатын ащы сөздерді айтудан абай болыңыз. Әрине, отбасы болған соң, ұрыс болмай қоймайды. Дегенмен, ауыздан бірде от, бірде су шығады. Демек, өзіңіз тұтатқан ұрыс «отын» өзің сөндіре аласыз. Кінә сізден болса, кешірім сұрап үйреніңіз күйеуіңізден.

Қазақта «Алпыс күнде тасыған су алты күнде қайтар» деген сөз бар. Татулықты сақтау үшін, сүйіспеншілікті арттыру үшін жылы, жұмсақ, тәтті сөздерді пайдаланыңыз.


ҚОЛ

Адам терісінде ләззат, ауырсыну, ыстық, суық, тітіркену т.б. жағымды-жағымсыз әсерлерді сезетін миллиондаған рецептор бар. Денеңізді шымшыса ауырады, сипалап массаж жасаса балқып маужырайсыз. Кішкентай баланы қалай жұбатасыз, қалай ұйықтатасыз? Арқасын сипалап, арқасынан қағып...

Баланың басынан сипасаңыз, ол қандай күйде болады? Адам түгілі ит те, мысық та сипалағанды ұнатады. Бұның бәрі де қолмен жасалады.

Анда-санда болса да жұмыстан шаршап келген күйеуіңіздің басына, мойнына, табандарына массаж жасап тұрғаныңыз абзал. Әрине, нәзік қолдарыңызбен күйеуіңіздің денесіне массаж жасауды күн тәртібіне енгізсеңіз онда ұтарыңыз да, ұпайыңыз да көбейеді.


МҰРЫН

Адамның мұрны 10 мың иісті айыра алатын қабілетке ие екен. Бау-бақшада өсіп тұрған гүл мен суреттегі гүлдің айырмашылығы неде? Әрине, иісінде!

Иістің құдіреті – ол адамның ойын қозғай алатындығында. Мысалы, бір марқұм әкеңіздің ескі баскиімін киіңізші, оның иісі әкеңізбен өткен шақтарды еске түсіреді. Дәл сол сияқты, табаға піскен нан балалық шағыңызға еріксіз саяхат жасатады.

Дәмді тамақтың иісі тәбетті шақырады. Сол сияқты, жұпар иіс еркектің сезімін оятады. Әр әйелдің себетін иіссуы, жағатын ароматты крем майлары болуы қажет.

Дегенмен, адамның өзінің табиғи иісіне ешнәрсе жетпейді. Ол иіс тән таза болғанда шығады. Ал, ойыңыз да таза болса, онда жұмақтың иісі шығады екен.

Белгілі психолог Луиза Хей өзінің ұзақ жылғы тәжірибесінде ойы сасық адамның аузынан жағымсыз иіс шығатынын анықтаған. Демек, тек тәніңізді жуа бермей, ойыңызды да жаман пиғылдардан, қара ниеттен тазартып отырыңыз әрқашан.

Осы орайда менің өзім қолданып көрген мынау әдісті ұсынамын. Алдыңызға келген дәмді асты жейтін кезде мұрныңызды қысып, яғни екі танауыңызды жауып жеп көріңізші, ешқандай дәм сезбейсіз.


Бұнымен не айтқым келеді? Сіз қаншалықты сұлу сымбатқа ие болсаңыз да, еліктірер әдемі сөздеріңіз көп болса да, тамақты дәмді істейтін бесаспап әйел болсаңыз да, егер ойыңыз таза болмаса, онда еркекті толықтай жаулай алмайсыз.

Ал, ойдың тазалығы деген не? Меніңше, бұл – ер-азаматыңызды есепсіз сүю, себепсіз сыйлау. Ал, сіздіңше ой тазалығы не, оқырман?

(иллюстрациялық суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Әйел бақытты болу үшін ОСЫ БІР-АҚ нәрсені білсе жетеді


Күйеуіңіз қандай тамақты ұнатады? Мінезін біле аласыз!