Осы КҮЙДЕ арманыңыз ЖЫЛДАМ орындалады

0
4 637

Ол қандай күй?


Осы КҮЙДЕ арманыңыз ЖЫЛДАМ орындалады

(фотолар ашық дереккөздерден алынды)

Кейбіреудің арман-тілегі жылдам орындалады. Тіпті «Былтыр жазған 100 арманымның 80 пайызы бір жылда орындалды» деп айтып отырғанын да естіп жүрген боларсыз. Ал біреу арман картасын жасап, күнде визуализациялап жүрсе де онысы қиял түрінде қалып кетеді. Неге?

Бұның себебін мамандар түрліше түсіндіреді. Дегенмен ғалымдар анықтаған бір себепті коучтар, психологтар мен гипнологтар көп айтады. Ол – түпсана!

Түпсана (подсознание) – ғаламат күш, сиқырлы таяқша, алтын балық деуге де болады. Тек оны дұрыс бағдарламалау керек. Дұрыс бағдарламалау арқылы арман-тілекті жылдамдатуға, өмірлік мәселелердің оң шешімін табуға, кәсіпке байланысты ұтымды идея туғызуға, тіпті жоғары ғарыштық ақпараттарды алуға да болады екен.

Әрине ол үшін түпсанамен байланыс орнату керек. Ал түпсанамен байланыс адамның альфа күйінде ғана қолжетімді. Демек бізге керегі – альфа күйі.



Альфа күйі деген не?

Бұл ми толқынының белгілі бір жиілікте жұмыс істейтін кездегі күйі. Тарқатып айтсақ, жалпы, адамның ми толқындары бета, альфа, тета, дельта, гамма күйлерінде болады. Осыған қарай ми нейрондары бір-бірімен әр түрлі белсенділікте байланысады. Әр күйде мидың жұмыс істеу жиілігі артып немесе кеміп отырады. Мысалы:

  • Дельта – өте терең ұйқы, транс, гипноз кезіндегі күй (ми 0,5-4 Гц, яғни өте төмен жиілікте жұмыс істейді)
  • Тета – ұйқы, медитация кезіндегі күй (ми шамамен 3,5-7,5 Гц жиілікте жұмыс істейді)
  • Бета – адамның кәдімгі сергек күйі (ми 14-30 Гц жиілікте жұмыс істейді)
  • Гамма – белсенді жұмыс, оқу, шығармашылық кез (30-60 Гц жиілікте жұмыс істейді)
  • Альфа – медитация, ұйқыдан тұрған кездегі және ұйқыға жатар алдындағы күй, сондай-ақ тәтті қиялға батқан кездесі сәт (ми шамамен 7-14 Гц жиілікте жұмыс істейді)

Қарапайым тілмен айтсақ, ұйқыдан оянған, яғни толық ұйқыңызды ашып үлгермеген сәтте (ұйқылы-ояу кез) сіз альфа күйінде боласыз.

Әрине, тек ұйқыдан тұрған сәтте ғана адам альфа күйінде болады деп нақты кесіп айтуға болмайды. Мынандай сәттерде де альфа күйіне түсуге болады:

1) Себелеп жаңбыр жауып тұрғанда, ешкім жоқ саябақта жалғыз серуендеу;

2) Құлшылық жасау (оңашада, тыныш жерде намаз оқу, дұға тілеу);

3) Терең тыныс алу жаттығуларын 5-10 минут үзіліссіз орындағанда;

4) Жағалауда күнге қыздырынып, балқып демалып жатқанда;

5) Оңашада бір нүктеге қадалып, ойға шомғанда;

6) Бала емізгенде;

7) Түскі уақытта дәмді асқа тойып алып, маужырап тынығып жатқанда;

8) Қап-қараңғы, тып-тыныш бөлмеде демалып ояу жатқанда;

9) Түнде дәрет алуға (немесе су ішуге) өздігіңізден оянғанда;

10) Таңертең оянғаннан кейінгі 3-5 минут аралығы және кешке ұйқыға жатқаннан кейінгі 5-10 минут аралығы...

Альфа жағдайын барлық нәрседен физикалық және психикалық тұрғыда босаңсу кезіндегі күй деуге де болатын шығар?!



Ғалымдар адамның альфа күйінде мынандай өзгерістерді анықтаған:

  • адамның ми қанайналымы белсенді болады;
  • ағзаның қайта қалпына келу процесі жылдамдайды;
  • ми оттегіге, микроэлементтерге толық қанығады;
  • мидың екі жарты шарында синхронизация жоғарылайды;
  • интуитивтік және ойлау қабілеті артады;
  • кез келген мәселені шешу жеңілдейді;
  • бүкіл ағза тыныштық қалпына түседі;
  • негативті ойлар, жан жарақаты уақытша ұмытылады;
  • қорқыныш, стресс адамнан алыстайды;
  • креативті, даналық ойлар туады;

Психологтар ағза мен мидың осындай күйінде түпсананы бағдарламалау оңай екенін айтады. Міне, дәл осы уақытта түпсананы өз қалауыңызша бағдарламалауға мүмкіндік зор.

Ендеше, осындай сәтті құр жіберіп алмаңыз: армандаңыз, жоспар құрыңыз, тілеңіз, мәселеңіздің түйінін, шешімін іздеп ойланыңыз, өміріңізді визуализациялаңыз, дұға жасаңыз

Жалпы, барлық адам күніне міндетті түрде екі рет альфа күйінде болады: ұйқыдан тұрғанда (таңертең, түн ортасында, түскі уақытта) және ұйқыға жатқанда. Осы екі сәтті күнде жақсы тілек айтуға, визуализация жасауға арнасаңыз – армандарыңыз жылдам орындалады.

Ж. Нұрабайқызы,
ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Тегін ЭКО-ны кімдер жасата алады?

Отбасындағы ДҰРЫС қарым-қатынастың басты ЕРЕЖЕСІ